Ажырасу кезеңін аман өткеру: ерлер мен әйелдерге арналған нұсқаулық - Лайқос

Ажырасу кезеңін аман өткеру: ұсыныстар мен практикалық кеңестер

Ажырасу жағдайлары әртүрлі себептерге байланысты болып жатады. Көбінесе бұл – көзге шөп салу, қаржылық түйткілдер немесе «мінездердің сәйкес келмеуі». Лайқос ажырасу кезеңін аман өткерудің жолын анықтады.

Адамдар әртүрлі шешімдерді табады:

Ажырасудан қалай аман қалуға болады: ұсыныстар мен практикалық кеңестер

Ажырасудан қалай аман қалуға болады: ұсыныстар мен практикалық кеңестер

Ажырасудың кезеңдері

Мінез-құлықты өзгерту жөніндегі маман, психолог Сергей Семенченко адам ажырасқан кезде, сол секілді кез келген басқа да зарар тартқанда, барлық кезеңдерді бастан өткізеді.

  • Мойындамау – «бұл мүмкін емес, біз ажыраспаймыз»;
  • Ашу – «қалай ғана дәтің барды, өмірімнің ең керемет жылдары еді, мен саған сонша не істедім»;
  • Саудаласу – «бәрін де басынан бастап көрейікші»;
  • Депрессия – жабырқаңқылық пен бейжайлық;
  • Қабылдау – адам бой ұсынады да, ажырасудан кейін жаңа өмірді бастауға тырысады.

Ажырасу кімге ауырлау тиеді

  • Жайсыз, бір-біріне тәуелді өзара қатынастарға ие адамдар
  • Өзін-өзі бағалау деңгейі төмен адамдар («ажырасқаннан кейін кімге керексің»)
  • Дәстүрлі патриархалдық отбасыдан шыққан адамдар: күйеу – табушы, әйел – ошақтың ұйытқысы. Ер адам үйреншікті тұрмыстық қызмет көрсетусіз қалса, әйел қаржылық қамсындандырусыз қалады.
  • Егжей-тегжейлі әрі ұзақмерзімді жоспарларды құрған адам
  • Ажырасуға дайын болмаған және оны қаламайтын жұбайлас

Қателіктер. Ажырасқаннан кейін не істеудің қажеті жоқ

  • Жұбайыңыздың туысқандарымен араздасудың керегі жоқ, әсіресе, балаларыңыз болса.
  • Ең болмағанда бейтарап қарым-қатынастарды сақтап қалуға тырысыңыз. Сіздің ажырасып кеткеніңіз балаларға ықпал етпеуі тиіс.
  • Шамадан тыс сайрандау, тамақ ішу, ішімдікке салынудың қажеті жоқ – бұл кеңінен таралған сценарий, дегенмен бұл нағыз үлкен қателік.
  • Бұрынғы жұбайыңызбен жыныстық қатынасқа түсудің керегі жоқ. Егер сіз ажырасу туралы қатаң шешім қабылдасаңыз, бұл жағдаяттан аулақ болғаныңыз жөн.
  • Бұрынғы жолдасыңыздың өмірін әлеуметтік желіде бақылаудан аулақ болыңыз. Әйтпесе өткен өміріңіз сізді жібермейтін болады.
  • Айналадағы адамдардың қолдауынан бас тартпаңыз және уайымдарыңыздың барлығын өз ішіңізде сақтамаңыз.

Ажырасқаннан кейін не істеу керек

  • Ревизия жасаңыз. Бұрынғы жолдасыңыздың барлық заттарынан құтылыңыз. Үйіңіздің ішін тазалап шығыңыз немесе жиһаздың орнын ауыстырып қойыңыз.
  • Тоңазытқышты тексеріңіз – ол жерде шамадан тыс тамақ ішетіндей және ішімдікке салынатындай ресурстардың болмағаны абзал. Ашығып қиналмаңыз, әрі тамақты тым артық ішпеңіз, дұрыс тамақтану туралы қаперіңізден шығармаңыз.
  • Тұрмыс салтын қайта қарастырыңыз. Неке – бұл әрдайым белгілі бір ережелерге сәйкес әдеттер мен өмір салты, алайда ол ережелер енді жоқ. Сондықтан оларды жаңадан шығару керек. Толыққанды өзіңізге оралып, өміріңіздің барлық жақтарын бақылауда ұстауды қайтадан үйрену қажет.
  • Жаңа хобби тауып алу. Өз қалауларыңызды есіңізге түсіріңіз. Некеде не нәрсеге уақытыңыз жетпеді немесе мүмкіндігіңіз болмады?
  • Саяхаттау – жаныңызды керемет емдейді және жаңа әсерлерді сыйлайды.
  • Міндетті түрде өмірге деген жоспарларыңызды құрыңыз. Өзіңізді «тастамаңыз», өзіңізді күтіңіз.
  • Бірінші кезеңде бұл жай ғана бір күнге арналған жоспар болуы мүмкін: бүгін үй жинаймын, содан кейін балық қуырамын; ертең жүгіремін және дүкенге барамын.
  • Әрбір жағымды сәтті белгілеп отырыңыз. Өзіңізді кез келген жетістік үшін мақтағаныңыз абзал.
  • Көп жағдайда психотерапия аса қажет нәрсе. Бұл дұрыс әрі түгел, бәрін айтудың және жағымсыз эмоцияларға төтеп берудің жақсы тәсілі. Ажырасуды бастан өткізген адам психологтың көмегімен қалпына келу және ажырасқаннан кейінгі жаңа өмірді жалғастыру үшін ресурстарды анағұрлым тезірек таба алады.

Некенің аяқталуымен өмір бітпейді, ол бұдан бетер оқиғаларға тола және өте қызықты болуы бек мүмкін. Сондықтан қалпыңызға жылдам оралу үшін неғұрлым көбірек мүмкіндіктерді қоса алсаңыз, соғұрлым жақсы болары сөзсіз.

Как вы оцените статью?
[Total: 0 Average: 0]