Бұрынғы жұбыңызға оралу тұрарлық нәрсе ме? - Лайқос

Бұрынғы жұбыңызға оралу тұрарлық нәрсе ме?

«Ол өзгерді», «Біз сол кезде әлі дайын емес едік», «Енді барлығы да басқаша болмақ» – таныс жағдай ма? Адамдардың көбінде мынадай ой, бір рет болса да, көкейінде болғаны рас: бәлкім, бұрынғы жұбыма тағы бір мүмкіндік берсем бе екен? Ескі қарым-қатынастарға оралу – ең жиі кездесетін алдамшы жайттардың бірі, әрі бұл тұста жүрек сағынады, ал жады ең жақсы сәттерді еске түсіріп тұрады. Алайда бұл шынымен де іске асатын дүние ме? Мұны Лайқос анықтайды.

Неліктен кері тартып тұрады

Мұның бірнеше себебі бар. Біріншіден, бұл әдет. Тұрмысты, мерекелер мен, тіпті, көңілсіз кештердің өзін бөлісіп жүрген адамымыз жақын кісіге айналады. Осы жайлылықтан айырылу көбіне-көп ұрыс-керістің өзінен де әлдеқайда қаттырақ қынжылтады.

Екіншіден, қарапайымдылықтың иллюзиясы деген жайт бар: егер осында бәрі де таныс болып тұрса, біреумен жаңадан танысып, қайта үйренісудің, өз ережелеріңізді түсіндірудің қажеті не?

Ең ақырында, психологтар аяқталмаған гештальт феномені турасында айтып отырады: адамның ішінде реніштер, түгел айтылмаған сөздер немесе кінәлік сезім қала бергенде, ми өткенді өзгерту мақсатында қайта оралу жолын іздей бермек.

Жақтайтын дәлелдер

Кейде бұрынғы қыз немесе жігітіңізге оралу саналы әрі пайдалы болуы бек мүмкін. Мәселен:

  • Егер араңыздағы қарым-қатынастардың үзілуі уытты сценарийлер салдарынан емес, қандай да бір жағдаяттарға (көшіп кету, жұмыс, арақашықтық) байланысты болса.
  • Егер жұптың екеуі де шынымен өссе және өзгерген болса, яғни, бірін-бірі естуді үйренсе, жеке шекараларды құрметтеуді үйренген жағдайда.
  • Егер терапияға, қарым-қатынастармен жұмыс істеуге, әрі өткен шақ жайында ашық әңгімеге дайындық болса.

Қарсы дәлелдер

Дегенмен көбінесе өткен күнге оралу – бұл жаңа хикая емес, бұл ескі сценарийдің қайталануы.

  • Мінез-құлықтың өзгеретіні сирек дүние. Егер барлық түйткіл агрессияда, опасыздық немесе менсінбеуде жатса, онда өткеннің қайталану қаупі де жоғары.
  • Қайта оралу махаббат сезімінен емес, жалғыздық алдындағы қорқыныштан туындауы әбден мүмкін. Ал бұл қарым-қатынастар үшін нашар негіз екені сөзсіз.
  • Әрі ең бастысы, аңқаулық, не болмаса өзін-өзі алдау эффектісі. Уақыт өте келе ми жаман естеліктерді өшіріп тастайды да, тек жақсыларын ғана қалдырады. Сондықтан бұрынғы жұбыңыз өз болмысынан гөрі әлдеқайда жақсы көрінеді.

Зерттеулер не дейді?

Канзас университетінің психологтары айырылысып кеткен, әрі қайта қосылған жұптарды зерттеген екен. Олардың көбінде қарым-қатынастардан болатын қанағаттану деңгейі жаңа одақтарды құрған жұптармен салыстырғанда анағұрлым төмен болып шыққаны анықталды. Сонымен бірге мұндай жұптарда қатынастардың қайта үзілу ықтималдығы екі есе жоғары келеді.

Сонымен бұл тұрарлық нәрсе ме, әлде жоқ па?

Жалғыз дұрыс жауап жоқ. Егер айырылысып кетудің себебі «қиратушы» сценарийлердің салдарынан емес, өмірлік жағдайларға байланысты болса, жаңа хикаяның даму мүмкіндігі бар. Алайда егер осыған дейін қарым-қатынастарда зорлық-зомбылық, кемсіту немесе тұрақты түрде қайталанатын дау-жанжалдар жағдаяттары болса, онда қайта оралу бұл артқа адымдаумен тең. Сондай-ақ мына бір жайтты түсінген абзал: егер сіздер ерте кезеңнің өзінде өмір туралы мүлдем әртүрлі түсініктерге ие болсаңыздар, мәмілеге келе алмасаңыздар, ал қарым-қатынастармен терапия арқылы жұмыс істеуге тек біреу ғана дайын болса, бұл да одақтың қалпына келтірілуі екеуіңізге бақыт әкелетіні екіталай екендігі жайлы белгі.

Өзіңізге қарапайым үш сұрақты қойыңыз:

  1. Мен адамды сағындым ба, әлде «жалғыз болмасам, менде бәрі дұрыс» деген иллюзияны сағындым ба?
  2. Өз бойымда, оның бойында, біздің жағдайымызда не өзгерді?
  3. Егер бұдан ешнәрсе шықпаса, мен тағы да осы ауырсынудан өтуге дайынмын ба?

Қорытынды

Жұптың екеуі де өткен күннің қателіктерін жете түсінгенде және қарым-қатынастарды жаңаша дамытуға дайын болғанда ғана бұрынғы сүйіктіңізге оралуға болады. Қалған жағдайда өткенді өткен күнде қалдырғаныңыз, әрі болашаққа ашық болғаныңыз дұрыс. Кей кездері ескі нәрседен дәл осы еркіндік сезімі «шынайы» махаббатыңызды кездестуріге мүмкіндік береді.

Как вы оцените статью?
[Total: 0 Average: 0]

Оставить комментарий


The reCAPTCHA verification period has expired. Please reload the page.