Өз-өзіңмен кездесу: қалай өткізуге болады және бұл не үшін керек - Лайқос

Өз-өзіңмен кездесу: қалай өткізуге болады және бұл не үшін керек

Сіз соңғы рет кездесуге қашан бардыңыз? Шынайы, яғни, гүл, көңіл аулау, әрі сіз маңыздысыз деген сезімі бар жолығу? Ал енді әлдеқайда күрделірек сұрақ: сіз өз-өзіңізбен кездесуге қашан бардыңыз? Адамдардың көбі романтиканы өзгелер үшін – жұбына, достарына, балаларына ұйымдастыруды біледі, алайда өздері жайлы мүлдем ұмытып кетеді. Ал біз болсақ, бүкіл өмірді дәл осы өзімізбен өткіземіз.

Өз-өзіңмен кездесу не үшін қажет

Байланысты қалпына келтіру

Американдық психологиялық қауымдастықтың (APA, 2022) мәліметтері бойынша адамдардың 70% астамы созылмалы шаршағандық пен эмоциялық күйзеліс белгілерін бастан кешіреді екен. Мұның себептерінің бірі – «ішкі шуыл», жұмыспен толық қамтылу мен жеке сезімдерден алшақтау. Біз негізінен болатын нышандарды ескермейміз: қарын ашу, шаршағандық, алаңдаушылық, қуаныш. Өз-өзіңізбен кездесу біршама бәсеңдеуге, өз қалауларыңызды есту мен ішкі «менмен» деген байланысты қалпына келтіруге көмектеседі.

Стресс деңгейінің төмендеуі

Зерттеу (2017) көрсетіп отырғандай, адамның өз-өзімен саналы түрде өткізген уақыты картизол деңгейін төмендете алады және өзін-өзі реттеу қабілетін арттыра түседі. Тыныш жағдайда өткізген, тіпті, 30 минуттың өзі мазасыздық дәрежесін азайтуға көмектеседі.

Өмірді өз қолыңызға алуды үйрену

Өзіңізге көңіл бөліп, қамқорлық пен қуаныш сыйлай білсеңіз, айналадағы адамдармен де қарым-қатынастар әлдеқайда таза және еркін болатыны рас. Енді әлдебіреудің сізді жалғыздықтан құтқаратынын күтпейсіз – сіз өзіңіздің хал-күйіңіз үшін жауапкершілікті өз қолыңызға аласыз.

Өз-өзіңмен кездесуді қалай өткізуге болады

  1. Жолығу күнін белгілеңіз. Иә, тура күнтізбеңізде түртіп қойыңыз. «Уақыт қалып жатса» дегенге жол бермеңіз. Бұл маңызды адаммен, яғни, сізбен жүздесу болмақ.
  2. Форматын ойластырыңыз. Бұл қолыңызға кітап алып, сүйікті дәмханадағы таң, кино тамашаланатын кеш, күзгі саябақ бойынша серуен, мұражайға бару, телефонсыз өткізілген күн немесе үйдегі спа-рәсімдер болуы мүмкін. Ең бастысы, бұл сізге ұнауы тиіс.
  3. Айналадағы нәрселердің бәрін өшіріңіз. Жұмыс бабындағы чаттарсыз, қоңырауларсыз және жаңалықтарсыз. Тек сіз, сіздің ойларыңыз бен сізімдеріңіз ғана.
  4. Өзіңізге сыйлық жасаңыз. Кофе, гүл, тәттілер, жаңа майшам – кез келген символикалық ишарат, әрі ол келесіні меңзейді: «Мен көңіл бөлгенге лайықпын».
  5. Сезімдеріңізді жазып алыңыз. Кездесуден кейін қойын дәптеріңізге мыналарды жазып алсаңыз болады: нені сезіндіңіз, не ұнады, не нәрсе таңғалдырды. Бұл өзіңізді әрі жеке қажеттіліктеріңізді анағұрлым жақсырақ түсінуге септігін тигізеді.

Өзіңмен жолығуға арналған идеялар

  • Таңертеңгі кездесу: созылып-керілу жаттығулары, контрастты себезгі мен сүйікті саптыаяқтағы кофе
  • Телефонсыз серуен: әшейін қала мен табиғаттың дыбыстарын тыңдаңыз
  • Үйдегі спа-күн: маска, майшамдар, хош иістер, жағымды музыка
  • Мұражай, галерея немесе театрға бару
  • Күніңізді үйде жамылғы және кітаппен өткізу
  • Өз-өзіңізге хат жазыңыз: «Мен бүгін өзіме не үшін ризамын?»
  • Бассейн немесе йогаға барыңыз
  • Ғашық адамыңызға дайындағандай кешкі ас әзірлеңіз де, өзіңіз рахаттаныңыз
  • Шеберлік сабаққа барыңыз да, жаңа дүниелерді ашыңыз
  • Әшейін өзіңізге гүл сатып алыңыз
  • Өзіңізге сыйлық жасаңыз: кітап, массаж, әдемі майшам немесе әшекей
  • Сүйікті фильмдердің киномарафонын ұйымдастырыңыз

Әрі ең соңында

Өз-өзіңізбен кездесу – бұл өзімшілдік емес, бұл махаббаттың бір формасы. Адам іштей жылуға толы болса, онда ол үшін жылуымен бөлісу, жасампаз болу, басқаларға қамқорлық таныту да жеңілірек болмақ. Сол себептен бір күнді таңдап, телефонды өшіріп қойыңыз да, өміріңізегі ең маңызды адамыңызбен кездесуге барыңыз.

Как вы оцените статью?
[Total: 0 Average: 0]

Оставить комментарий


The reCAPTCHA verification period has expired. Please reload the page.