
Екеуге арналған цифрлық детокс: екеуіңіз де телефонға телмірсеңіз, бір-біріңізге деген назарды қайтарудың жолы
Сіз бірге, алайда әрқайсыңыз өз телефоныңызда отырсыз: жаңалықтар, әлеуметтік желілер, хабарламалар. Психика мен қарым-қатынастар үшін бұл нағыз үлкен күйзеліс. Лайқос жақынырақ болу үшін жүпқа арналған цифрлық детоксты ұйымдастырудың әдіс-тәсілін айтып береді.
Неліктен біз бір-бірімізге көңіл бөлуден қаламыз
- Әлеуметтік желілер миды алдайды. Смартфондар жылдам дофамин әсерін береді: ескертулер, бейнежазбалар, жаңалықтар таспасы мен хабарламалар миға сол мезетте бірден қызығушылық пен жаңашылдықтың сезімін ұсынады. Нәтижесінде телефон жұптың орнын басатын бірінші таңдауға айналады.
- Тапсырма көп = тілдесімге қуат аз. Егер сіз, тіпті, бірге болып, дегенмен жоспарлаумен, жұмыспен немесе басқа біреумен хат жазысып отырсаңыз, көңіліңіз басқа нәрселерге ауып тұрады. Адаммен жанды қатынаста болу көбірек күш жұмсауды талап етеді – тыңдау, жауап беру, эмпатия білдіру керек. Шаршаған кезде ми автоматты түрде экранды таңдайтыны хақ.
- Қолды телефонның бетінде ұстау әдеті. Кез келген үзіліс кезінде қолыңыз телефонға созылады. Әрі егер мұндай жағдай жұптағы екі адамда да болып жатса, арадағы байланыс бірте-бірте кеми түседі. Зерттеулер көрсеткендей, тіпті, үстелдің үстінде жатқан телефонның өзі де әңгіменің сапасын төмендетеді, өйткені көңілдің бір бөлігі хабарламаларды күтумен әлек.
Бір-біріңе қалай оралсаңыз болады: цифрлық детокстың қарапайым стратегиясы
Телефонсыз аймақтар жайлы келісіп алыңыз. Мәселен, асүй, қонақ бөлмедегі диван немесе сағат 21:00 кейінгі жатын бөлме – телефондар назардан тыс қалатын орын.
Ортақ рәсімдерді ойлап табыңыз.
- кешкі асты бірге дайындау;
- құлаққапсыз серуендеу;
- үстел ойындары;
- фильмді тамашалау мен оны талқылау;
- саяхатты жоспарлау;
- ортақ мақсаттарды жазып алыңыз;
- физикалық байланыс (құшақтасудың немесе қол ұстасудың, тіпті, 5-10 минуты жақындық сезімін арттыра түседі);
- ортақ ермек іс.
Өткен күндер туралы қарапайым, алайда жанды әңгімелер эмоциялық байланысты қалпына келтіруге көмектеседі.
Хабарламаларды азайтыңыз. Тек қана маңыздыларын қалдырыңыз – қалғандарын сағатына бір рет тексеруге болады.
Кішігірім қадамдар маңызды. Бір уақытта 15-20 минуттық детокстан бастаңыз. Әрі бұл ережені тұрақты түрде қолдануды ұмытпаңыз.
Шыдамдылық танытыңыз. Егер жұптағы біреу бұған төтеп бере алмай, телефонды қолына алса, ұрыспаңыз. Сезімдеріңіз жайында байсалды түрде сөйлесіп көріңіз: «Маған экрансыз бірге уақыт өткізген маңызды».
Әуелі бұл үйреншікті емес болып көрінуі мүмкін, өйткені ми ұдайы ынталандыруға әбден үйреніп қалған. Алайда бірнеше күннен кейін әлдеқайда үлкен тыныштық пен әңгімеге толыққанды қосылу сезімі пайда болады.
Қорытынды
Телефондар қарым-қатынастарды өздігінен бұзбайды. Мәселе олардың жанды тілдесімнің орнын басқанда туындайтыны рас. Өміріңізге кішігірім жораларды енгізіп көріңіз – сонда сіз қарым-қатынастарыңызға сол бір ұшқынның қайта оралғанын байқайсыз.