
Эмоциялық зияттың темекі тартумен байланысы қандай
Неліктен күйзеліске тап болғанда бір адам серуендеуге шығады немесе жақындарымен сөйлеседі, ал екіншісі темекіге қол созады? Лайқос айтып береді.
Темекі тартудың эмоцияларға әсері қандай
Шылым тарту көптеген адамдар үшін тек жай әдетке ғана емес, сонымен бірге белгілі бір жағдайлармен күресудің тәсіліне айналады: күйзеліс, ашулану, беймазалық немесе зерігу. Егер адамға өзін қалай сезінетінін анықтап тану және оны еңсерудің басқа жолын табу қиынға соқса, темекі ең қарапайым шешім болып көрінуі мүмкін.
2699 жас ересек адамның қатысуымен жүргізілген бір зерттеу күйзелісті басқару қабілеті күнделікті және анда-санда темекі тарту ықтималдығының төмендеуімен байланысты екендігін көрсетті. Авторлар эмоцияларды реттеу дағдылары теріс эмоцияларды жеңу тәсілі ретінде темекіге деген қажеттілікті азайтуы мүмкін деп болжаған.
EQ деңгейінің темекі санымен байланысы бар ма?
Бұл ретте темекі санымен де тікелей байланыс анықталған. Жасөспірімдерді зерттеуде олардың эмоцияларды түсіну мен реттеудің әлсіздігі салдарынан темекі тартудың жиі және қарқынды болуымен ұштасқан екен. Атап айтсақ, өз эмоцияларын түсіну қабілеті жасөспірімдердің апта ішінде тартып шығатын темекі санымен байланысты болып шықты.
Дәл осыған ұқсас нәтижелер ересек шылымқұмарларда да анықталған. 2023 жылғы зерттеу бойынша никотинге деген орташа немесе жоғары тәуелділігі бар адамдардың эмоциялық саралығы мен жалпы эмоциялық зияты тәуелділігі азырақ болып келетін темекі шегушілермен салыстырғанда төмен болған. Сондай-ақ жоғары эмоциялық зият та никотинге тәуелді болу ықтималдығының төмендігімен байланысты екен.
Темекі тарту мен күйзеліс: неліктен темекі босаңсудың тәсілі болып көрінеді?
Никотин мидың күйін уақытша өзгертіп, әрі субъективті түрде ширатуды азайтуы мүмкін. Сондықтан адам қарапайым байланысты есте сақтай алады: «менің жағдайым нашар – мен темекі тартамын – мен жеңілдеп қаламын».
Дегенмен бұл күйзелістің себебін мүлдем шешпейді. Сонымен бірге тәуелділік кезінде темекі арасындағы үзілістерде никотин абстиненциясы пайда болады, әрі ол ашушаңдық, мазасыздық және зейін қоюдың қиындауы ретінде көрініс табуы мүмкін. Келесі темекі бұл белгілерді уақытша жояды, осылайша әдет нығаяды. Демек тұйық шеңбер пайда болады: жағымсыз жай-күй – темекі – қысқа мерзімді жеңілдікті сезу – никотинге деген жаңа қажеттілік.
Эмоциялық реттеу темекіні тастауға қалай көмектеседі?
Зерттеуге 173 шылымқұмар қатысқан: олар темекіден құтылу бағдарламасынан өтіп, бір жыл бойы бақылауда болған. Өз эмоцияларын түсіну және реттей білу қабілеті күйзеліс пен әдетке оралу қаупі арасындағы байланысқа әсер етті. Жоғары күйзеліс реактивтілігі кезінде қайталану қаупі эмоциялық реттеу дағдылары аз дамыған адамдарда жоғары болып шықты. Сол себепті темекіден бас тарту барысында тек никотинге деген тәуелділікпен ғана емес, сонымен бірге темекі шегудің адам өмірінде қандай қызмет атқаратынымен де жұмыс істеу аса маңызды.
Күйзелісті темекісіз жеңуге бола ма?
Иә. Бұл тұста эмоциялық реттеу дағдылары көмекке келеді:
- өз эмоцияларын байқау және атау;
- оларды нақты не нәрсе тудыратынын ұғыну;
- күйзелісті жеңудің басқа амалдарын іздеу;
- жағымсыз эмоцияларды бірден басып тастауға тырыспай, оларды еңсеруді үйрену;
- физикалық белсенділікті, демалуды, қарым-қатынас және қалпына келудің басқа да тәсілдерін пайдалану;
- қажет болған жағдайда психологиялық немесе медициналық көмекке жүгіну.
Егер адам әзірге темекі шегуден біржолата бас тартуға дайын болмаса, хиттерлерді қарастырып көруге болады. Қарапайым темекімен салыстыратын болсақ, олар темекіні жақпайды, тек қана қыздырады. Жану барысында уытты заттектер көп мөлшерде түзіледі, сондықтан жану үдерісінен бас тарту зиянды заттектердің түзілуін кәдімгі шылыммен салыстырғанда 95%, яғни, айтарлықтай азайтуға мүмкіндік береді. Бұл ретте денсаулық үшін түпкі мақсат темекіден толықтай бас тарту болып қала бермек.