Мазасыздықты жеңудің жолы: тыныштыққа апарар 5 қадам

Мазасыздану мен өмірдің жойқын ырғағына қарсы төтеп берудің жолы

Мазасыздық әлдеқашан үйреншікті жайтқа айналғаны хақ. Алайда бұған біз емес, заманауи өмірдің қарқыны кінәлі болып отыр. Бізді шексіз-шетсіз ақпарат ағыны талап жатыр, ал оған біздің – табиғатынан «ежелгі» саналатын миымыз әшейін ғана дайын емес. Ширығуды үнемі сезіну – заңды нәтиже. Бұл ретте қалыпты қобалжуды нағыз көмекті талап ететін жай-күйден ажырата білуді үйренген маңызды. Лайқос өзіңізге тыныштықты қайтарудың жолын түсіндіреді.

Мазасыздық – жау емес

Мазасыздық – пайдалы эмоция. Ол ата-бабаларымызға қауіпті байқауға көмектескен болатын. Маңызды емтихан немесе жұмыс берушімен сұхбат алдында қобалжу – қалыпты нәрсе. Алайда алаңдаушылық сізбен тұрақты өмір сүріп жатса, бұл нағыз дабыл: өз хал-жайыңызға көңіл аударатын уақыт келді.

Психологқа қашан барған жөн?

Егер кейінгі екі аптада сіз:

  • Күн сайын дерлік алаңдасаңыз.
  • Сағаттап сол бір қайталанатын сценарийлер жайлы ойлана берсеңіз.
  • Нашар ұйықтасаңыз немесе көңіл-күйіңіз құлазыған болса.
  • Қорқыныштар жұмыс істеуге және өзгелермен араласуға кедергі ететінін түсінсеңіз.

Маңызды: мазасыздық тек ойыңызда ғана өмір сүрмейді. Оның белгілері денеңізден де көрініс табады: жүректің жиі соғуы, бастың ауырсынуы, бұлшықеттің ширығуы немесе ас қорытуға байланысты түйткілдер. Сонымен бірге ұзақ мерзімді күйзеліс иммунитетті нашарлатуы мүмкін, бұл тұста ағза әртүрлі ауруларға әлдеқайда осал бола түседі.

Неліктен біз одан бетер мазасызданамыз?

Басты себебі – шамадан тыс ақпараттық жүктеме. Адамның миы шынайы оқиғаларды экраннан көрген оқиғалардан нашар ажыратады. Біз бірнеше сағат бойы апаттар жайындағы жаңалықтарды оқи бергенімізде дене «жауынгерлік әзірлік» тәртібіне ауысады. Күйзеліс гормондарының деңгейі арта түседі, ал жүйке жүйесі сарқылады.

Тыныштыққа апарар 5 қадам

Жаңалықтар ағынын шектеңіз

Ақпараттан толықтай бас тарту мүмкін емес – әрі бұл қажет те емес. Дегенмен оның санын қысқарту әбден мүмкін. Мәселен, жаңалықтар хабарламаларын өшіруге, телефонның басты экранынан жаңалықтар басылымдарының қолданбаларын алып тастауға, қайғылы оқиғалар орындарынан түсірілген бейнежазбаларды қараудан бас тартуға және бірнеше минут сайын әлеуметтік желілердің таспасын тексере бермей, жаңалықтарды оқуға белгілі бір уақытты бөлуге болады.

Егер, тіпті, жаңалықтарды минут сайын қадағалауды тоқтатсаңыз да, маңызды оқиғалар сізге достарыңыз, әріптестеріңіз немесе жақын адамдарыңыз арқылы бәрібір жететіні белгілі. Мұндай әдіс-тәсіл жүйке жүйесіне артық салмақ түсірмейді, бірақ болып жатқан оқиғалардан хабардар болуға көмектеседі.

Әлеуметтік желілер – бұл әрдайым демалыс емес

Мазасыздықты сезінгенде қолыңыз өздігінен таспаға созылады. Скроллингтің бірнеше минуты көңіл сергітуге көмектесетін секілді көрінеді. Алайда негізінен керісінше әсер болып жатады. Суреттердің, қысқа бейнежазбалар мен жаңалықтардың үнемі алмасып тұруы жүйке жүйесіне бұдан да көбірек салмақ түсіреді. Зейін қою төмендейді, кітап оқу, жұмыс бойынша міндеттерді орындау мен ұзақ уақыт назар бөлу қиындай түседі. Сондықтан кейде ең жақсы демалыс – телефонды жарты сағатқа болса да алып тастап, миыңыздың қалпына келуіне мүмкіндік беру.

Денеңізге қамқорлық танытыңыз

Психика мен дене өте тығыз байланысты. Адам ағзасы тозған кезде алауңдаушылыққа қарсы төтеп беру әлдеқайда қиындайды.
Негізгі жайттардан бастаңыз:

  • ұйқы тәртібін сақтау;
  • бір уақытта ұйқыға жатып, ұйқыдан тұру;
  • тұрақты және толыққанды тамақтану;
  • көбірек қозғалу;
  • күн сайын серуендеу.

Тіпті, қарапайым серуеннің өзі күйзеліс гормондарының деңгейін азайтуға көмектеседі. Сонымен бірге қадамдарды міндетті түрде санаудың немесе ұдайы сағатқа қарап тұрудың қажеті жоқ. Оның орнына назарыңызды қоршаған ортаға аударғаныңыз абзал: ағаштар, бұлттар, адамдар, жануарлар, айналадағы дыбыстар. Бұл көңіліңізді қазіргі сәтке аударуға көмектеседі.

Кофе, темекі және алкогольмен сақ болыңыз

Кофе, әсіресе, кешкісін ішілсе, мазасыздықты аз уақытқа дейін күшейтуге қабілетті болып келеді. Егер бір шыныаяқ кофеден кейін өзіңізді сергек емес, оның орнына одан бетер шаршағаныңызды сезінсеңіз, бұл жүйке жүйесінің әбден қалжырағанын білдіруі бек мүмкін. Күннің алғашқы жартысында 1-2 шыныаяқпен ғана шектелуді немесе кофенің үйреншікті бір бөлігін құрамында кофеині жоқ сусындарға алмастыруды байқап көріңіз.

Алкоголь, қысқа мерзімді босаңсуды беретініне қарамастан, кейінірек алаңдаушылықты күшейтуге, ұйқы сапасын нашарлатып жіберу мен көңіл-күйді түсіруге қабілетті. Егер кешкісін босаңсуды қаласаңыз, құрамында алкоголі жоқ балама нұсқаларды таңдағаныңыз абзал: шөп шайлары, алкогольсіз сыра немесе шарап, серуенге шығу, жылы ванна қабылдау немесе жүйке жүйесіне салмақ түсірмейтін басқа да қалпына келу тәсілдерін сынап көріңіз.

Темекі тарту да күйзеліске қарсы тұруға мүлдем көмектеспейді. Темекі жеңілдеп қалу сезімін беретіндей болып көрінгенімен, темекі түтінінің құрамында мыңдаған химиялық заттектер бар, ал темекі тарту үдерісінің өзі тәуелділік айналымын қолдайды, осының салдарынан уақыт өте келе мазасыздану сезімі бұдан әлдеқайда жиі туындауы ықтимал.

Денсаулық үшін ең жақсы шешім шылым шегуден біржолата бас тарту болып қала бермек. Егер әзірге бұл қолыңыздан келмесе, инновациялық баламаларды, мысалы, хиттерлерді қарастырып көруге болады. Шылыммен салыстырғанда олар темекіні жақпайды, сондықтан құрамында шайыр, тұншықтырғыш газ бен басқа да көптеген уытты жану өнімдері бар темекі түтіні түзілмейді.

Ойларыңызбен күреспеңіз

Қаперіңізде болсын: ойлар – бұл дегеніміз деректер емес. Оларды өзен ағысындай тоқтатуға болмайды, дегенмен оларға терең батып кетпей, сырттан бақылауды үйренуге болады.

Мазасыздық ұстамасы кезінде не істеу керек?

Ең қарапайым техника – тыныс алуды бәсеңдету. Мұрныңызбен терең дем алыңыз және демді ауыз арқылы, тура жіңішке түтікшемен секілді, баяу әрі бірқалыпты шығарыңыз. Бұл жүйке жүйесіне өзіңіздің қауіпсіздікте екеніңізді белгі берудің қарапайым тәсілі.

Қорытынды

Белгісіздік жағдайында өмір сүру қиын, дегенмен әбден мүмкін. Болашақты болжауға тырысудың орнына өзіңізге арқа сүйеуді үйреніңіз. Өз хал-жайыңыздың қамын жеу – бұл өзімшілдік емес, бұл бүгінгі уақытта денсаулықты сақтап қалудың ең үздік амалы.

Как вы оцените статью?
[Total: 0 Average: 0]

Оставить комментарий


The reCAPTCHA verification period has expired. Please reload the page.