Тұрмыс үстем болса, қатынастарға сексті қалай қайтаруға болады

Тұрмыс шаршатса, жақындықты қалай қайтаруға болады

Бір кездері жұбыңыз жазылмай, ұдайы бірге болатын едіңіз. Кейіннен құшақтасуға жетпей тұрып, ертерек ұйықтап қалатын болдыңыз. Енді, тіпті, соңғы рет жыныстық қатынасқа қашан түскеніңізді де еске түсіре алмай отырасыз. Секс лезде ғайып болмайды – ол шаруалар, шаршау мен шұңғылшада жиналып қалған тәрелкелер арасында жоғалып кетеді. Бұл қалыпты нәрсе. Лайқос қарым-қатынастарда жылулық пен қамқорлық қалса, алайда ықылас әлдеқайда кетсе, жақындықты қайтарудың жолдарын талқылайды.

Жыныстық қатынас неге ғайып болады

Араңызда жыныстық қатынасқа түсу азайса, бұл – төтенше жағдай емес, бұл салдар. Негізінен мұның артында келесі жайттар жасырынады:

  • Шаршау жинақталады. Жұмыс, істер мен шексіз «керек» деген шаруалардан кейін жай ғана «өшірілуді» қалайсың. Жыныстық қатынас ресурсты қажет етеді – физикалық, әрі эмоциялық тұрғыдан. Ал оған күш жоқ.
  • Жақындық басымдық болудан қалады. Маңызды жайттардың барлығы – балалар, міндеттер, үйге қажеттіні сатып алу, үй жинау – алда. Жыныстық қатынас кейінге қалдырылады, дегенмен «кейін» басталмайды.
  • Өмірлік серіктің рөлі көршінің рөліне айналады. Сіз әлі де біргесіз, алайда ғашықтар ретінде емес, ортақ тұрмыстың ұйымдастырушылары ретінде ғана.
  • Кенеттік жоғалады. Барлық нәрселер бақылауда әрі кесте бойынша жасалса, ықылас орын таппай қалады. Импульстер қалыптасқан кертартпа тәртіпте сөнеді.
  • Дене «қосылмай тұрады». Сіз ұдайы «өз ішіңізде» боласыз: ойлар, экрандар, әңгімелер. Сезімдерге дейін жетпей қалады.

Жақынырақ болу үшін неден бастаған жөн

  • Сөйлесуден бастаңыз. Байсалды, ашық, бір-біріңізге мін тағылмайтын әңгіме. Әшейін ғана жақындықты сағынғаныңызды айтыңыз. Бір орыннан жылжу үшін осының өзі жеткілікті.
  • Жанасуларды қайтарыңыз. Жыныстық қатынасқа дейін жеткізу мақсатынсыз. Жай ғана құшақтасып отырыңыз, бір-біріңізге жанасыңыз, қолдан ұстаңыз. Тән мидан гөрі бәрін тезірек еске түсіреді.
  • Екеуңізге ғана арналған уақытты қайтарыңыз. Үй жинауға емес, бюджетті талқылауға емес. Бұл кешкі уақыттағы 30 минут болсын – тек сіз екеуңіз, экрансыз, тапсырмаларсыз.
  • Бұрынғыдай болғанды қайтаруға тырыспаңыз. Қазір – басқа уақыт, әрі бұл қалыпты жайт. Бастысы, бірге және жаңашыл нәрселерге ашық болу.
  • Секс-қосымшаларды байқап көріңіз. Бұл бетпе-бет айтуға ыңғайсыз болған кезде диалогты бастаудың тәсілі.
  • Маманның көмегіне жүгініңіз. Сексолог немесе жұптармен жұмыс істейтін терапевт сіздер байқамай жүрген нәрселерді көруге көмектеседі. Кейде бірнеше кездесудің өзі жоғалғандай болып көрінген дүниені қайтаруға септеседі.

Қорытынды

Жақындық кесте бойынша емес, оған арналған кеңістік пайда болғанда ғана қайта оралады. Егер сіздер әлі де бірге болсаңыз, егер сіздерге бұл маңызды болса, бұл жақсы бастама. Сіз «сынған жоқсыз», сіз жай ғана шаршап қалдыңыз. Ал шаршағандық – бұл хикаяның аяқталуы емес, бұл белгі: тоқтай тұратын, бір-біріңізге қарайтын және сағынып қалғаныңызды дауыстап айтатын кез келді. Алаңдамаңыз. Сіздерде барлығы да болады.

Как вы оцените статью?
[Total: 0 Average: 0]

Оставить комментарий


The reCAPTCHA verification period has expired. Please reload the page.