
Достықтың қайсысы берік – ерлердікі ме, әлде әйелдердікі ме?
Біреулер әйелдердің анағұрлым адал әрі эмоциялық тұрғыдан ықыласты келеді деп сендірсе, басқалары – дәл ер адамдар арасындағы достық берік екендігін алға тартады, өйткені еркектер пәлелік пен көре алмаушылыққа бейім емес. Ал үшіншілері ерлер мен әйелдер арасындағы достық мүлдем болмайтынына сенеді. Лайқос мұның жауабын іздеп көрді.
Ерлер достығы
Ер адамдар көбінесе ортақ іс немесе қызығушылыққа байланысты достасады: спорт, ермек іс, әскердегі бірге өткен қызмет. Ғалымдар мұны стратегиялық серіктестік деп атайды: дос бәсекелестіктегі сенімді тірек секілді, ресурстарға қолжетімділік пен позицияларды нығайту.
Бір қызығы, ерлерге қасиеттердің шектеулі тізбегі ұсынылса, олар көбіне-көп эмоциялық қолдауды емес, мәртебені, байланыстарды, көмектесе білу қабілетін таңдайды. Міне, дәл осы себептен ер адамдар арасындағы достық әлдеқайда аз араласудың өзінде анағұрлым берік болуы мүмкін: ол сезімдерді талқылауға емес, ниеттестік пен әрекетке сүйенеді.
Алайда ер адамдар көбінесе эмоциялық оқшаулаудан қиналатыны рас. Оларға ішіндегі алаңдаушылықтарымен бөлісу айтарлықтай қиын, олар, тіпті, жақын қарым-қатынастарда да әлсіздіктен аулақ болуға тырысады.
Әйелдер достығы
Нәзік жандылар арасындағы достық – бұл әңгімелер, сенім, ортақ уайымдар мен қуаныштар, әрі эмоциялық байланыс. Әйелдер негізінен сезімдерін талқылайды, кеңестерімен бөліседі, сөз және көңіл бөлу арқылы демеу көрсетеді.
Осындай эмоциялық байланыс әйелдер достығын анағұрлым тереңірек, дегенмен кейде әлсіз етеді. Шамадан тыс ашықтық реніштерге, қызғанышқа немесе біреусі қарым-қатынастарға көп, ал екіншісінің азырақ атсалысады деген ойға апаруы мүмкін.
Дегенмен нақ осы нәзік жандылар арасындағы достық әйелдерге күйзеліске қарсы төтеп беруге көмектеседі. Калифорния университетінің зерттеулері көрсетіп отырғандай, құрбыларымен араласқан кезде әйелдердің бойында алаңдаушылықты төмендететін әрі қауіпсіздік сезімін нығайта түсетін гормон – окситоцин көбірек бөлінеді екен.
Ер адам мен әйел арасындағы достық бола ма?
Психологтар былай деп сендіреді: ер адам мен әйел арасында достық болуы бек мүмкін – алайда ол әрдайым қарапайым бола бермейді. Висконсин университетінің зерттеулері көрсеткендей, әйелдерге қарағанда ерлер өз құрбыларын көбінесе әлеуетті романтикалық серіктес ретінде қабылдайды, ал әйелдер болса, ер адамның бойынан негізінен дос пен кеңесшісін көреді.
Басқа зерттеулер мынадай бір қызықты қарама-қайшылықты көрсетіп отыр: еркектер үшін мұндай достық көбіне-көп эмоциялық жағынан әлдеқайда бай және субъективті тұрғыдан құнды болып келеді, ал әйелдер негізінен ер адаммен болатын достықтың нәзік жандылармен салыстырғанда қанағаттанарлық еместігін айтады. Яғни, ер адамдар мұндай қарым-қатынастан эмоциялық бонусты алса, әйелдер оңтайлы қолдауға ие болады.
Басқаша айтқанда ер адамдар мен әйелдер арасындағы достық бар, дегенмен оның теңгерімі көбінесе қарым-қатынастарда жасырын ұнатудың бар-жоғына тәуелді болып отыр. Егер жоқ болса, мұндай қарым-қатынастар баға жетпес дүние болуы мүмкін: олар ой-өрісті кеңейтеді, қарама-қарсы жынысты түсінуге үйретеді, ал кейде нағыз сыйластық пен өзара қолдаудың шынайы одағына айналады.
Қорытынды – ерлер достығы ма, әлде әйелдер достығы ма?
Ер адамдар және нәзік жандылар достығын салыстыру – бұл келесілердің қайсысы маңыздырақ екендігін анықтауға талпынумен тең: жүрек пе, әлде ми ме? Достық жыныс бойынша бөлінбейді – ол тек сапа бойынша ғана бөлінеді. Берік достық, мейлі ерлер достығы болсын, мейлі әйелдер арасындағы достық болсын, үш негізге сүйенеді: сенім, сыйластық және қабылдау.