Куннилингус өнері: практикалық нұсқаулық

Бетіме отыршы: куннилингусты қалай жасау керек

Куннилингус – бұл әшейін сексуалдық техникадан гөрі әлдеқайда артық нәрсе. Бұл интимдік қарым-қатынас тілі, сезімді білдіру, керемет әсерлерді сыйлау мен алу тәсілі. Кез келген тіл секілді ол да зеректікті, тәжірибе мен жан серігіңізді түсінуге деген шынайы ықыласты талап етеді. Лайқос күннилингусты жайлы, жағымды әрі жұптағы екеу үшін де шынымен ынтық болуының құпияларымен бөліседі.

Атмосфера мен жайлылық

Нағыз жетістік жақындасудан әлдеқайда бұрын басталады. Жеңіл душты бірге немесе бөлек қабылдау – бұл міндетті мақсат емес, бұл бір-біріңізге қамқорлық жасау мен босаңсуға, әрі сезімдерге толықтай берілуге болатындай жалпы сенімділік кеңістігін құру тәсілі.

Дұрыс атмосфераны қалыптастыра білген маңызды. Күңгірт жарық, сүйікті музыка, жайлы төсек – осындай ұсақ-түйек нәрселер әйелге өзін қауіпсіз сезінуге және ашылуға көмектеседі. Ал сенімнің басты элементі – диалог. Бір-біріңізге сұрақ қойып, бағыттаудан қорықпаңыздар. «Саған ұнай ма?» немесе «Баяуырақ болғанын қалайсың ба?» деген секілді сөздер ыңғайсыздық емес, серіктестің рахатқа бөленуі үшін ерекше көңіл бөлу мен нағыз қамқорлықтың көрінісі.

Негіздерден шеберлікке қарай

Негізгі мақсаттан емес, бүкіл денені нәзік сүюден бастаңыз. Бұл қозуды арттыра түсуге көмектеседі, әрі сіздің жұбыңыздың сезімдеріне мұқият екеніңізді және еш асықпайтыныңызды көрсетеді.

Басты назар деліткіге аударылады, дегенмен оған ғана көңіл бөлу аздық етеді. Тұтас аймақты жұмсақ түрде және шыдамдылықпен зерттеңіз. Әртүрлі техникаларды қолданыңыз:

  • Әріптерді «жазыңыз»: тіл өрнектерді бірқалыпты салады.
  • «Сегіздіктер» мен шеңберлер: деліткінің айналасындағы бірсарынды қимылдар.
  • Ырғақ пен қарқындылықты өзгертіп отырыңыз: жұбыңызыдың реакциясын бақылап, ақырын бастағаныңыз жөн. Оның тынысы мен ыңырануы – сіз үшін ең жақсы нұсқау.

Қолыңыз жайлы ұмытпаңыз. Бұл да ынталандыруға қатыса алады немесе басқа эрогенді аймақтарды – кеуде, жамбас, ішті аймалап, жалпы сезімдерді күшейте түседі.

Кері байланыс

Сіздің басты көзіріңіз – техникаларды білу емес, тыңдай білу. Әйел тәнінің тілі кез келген сөзден де артық: тыныс алудың жиілеуі, бұлшықетті ширатуы немесе босаңсуы, жамбас қозғалысы. Егер қандай да бір нәрсе бойынша күмәндансаңыз, өзінен сұраңыз. «Саған ұнай ма?» – бұл жалпы мақсаттарыңызға жетуге көмектесетін қарапайым әрі тікелей сұрақ.

Оның қолына қажетті ырғақ пен күшті көрсетуге, әрі сізді жұмсақ түрде бағыттауға мүмкіндік беріңіз. Мына бір жайтты қаперіңізден шығармаңыз: бұл марафон емес. Егер шаршасаңыз, үзіліс жасап, сүйісуге көшкеніңіз абзал. Бұл тек сезімдер мен ынтызарлықты арттырады.

Дейін ғана емес, кейін де керек

Оргазмнан кейін деліткі аса сезімтал болуы мүмкін. Кенет қимылдар жағымсыз болатыны сөзсіз. Санын, ішін жұмсақ түрде, аймалап сүюге көшіңіз, не болмаса жан серігіңізді жай ғана құшақтаңыз. Шарықтау шегінен кейінгі осындай қамқорлық пен нәзіктік үдерістің маңыздылығынан еш кем емес.

Жыныстық қатынастан кейінгі жеңіл, разы әңгіме сыршылдықты, эмоционалды жақындықты нығайтуға көмектеседі, өйткені барлығы да сол үшін жасалған еді.

Қорытынды

Мінсіз куннилингустың басты құпиясы – күрделі техникада емес, сүйікті адамыңызға көңіл бөлуге, құрмет пен оған ләззат сыйлауға деген ұмтылыста жатыр. Елгезек, диалогқа ашық болыңыз, сонда бұл саяхатта сіз үшін ең жақсы жөнсілтеуші әрдайым серіктесіңіздің өзі болатыны шүбәсіз.

Как вы оцените статью?
[Total: 0 Average: 0]

Оставить комментарий


The reCAPTCHA verification period has expired. Please reload the page.