Эмоцияларға қалай төтеп беру керек және сезімдерден қорықпаудың жолы қандай - Лайқос

Эмоцияларға қалай төтеп беру керек және неліктен бұл өте маңызды

Ашулануға болмайды. Қуанғанда, шектен шықпа. Таныс жағдай ма? Егер иә десеңіз, онда бәлкім, сіз – балалық шақтан бері сезімдерге рұқсат берілмеген миллиондаған адамдардың бірі боларсыз. Ал енді осы эмоциялар көмектесудің орнына кедергі етіп жатыр. Дегенмен тек оларға сенуді үйрену арқылы ғана өзімізді анағұрлым жақсырақ түсіне бастаймыз. Мұны қалай үйренуге болады? Бізге бұл сұрақтың жауабын табуға психотерапевт Ольга Дубынина көмектеседі.

Эмоциялар не үшін қажет?

Ашу, алаңдаушылық, қорқыныш, қуаныш, ұят, шабыт – бұл әлсіздік емес, бұл «кіріктірілген» ерте ескерту жүйесі. Эволюциялық тұрғыдан қарайтын болсақ, эмоциялар бір мақсатта ғана – бізге аман қалу мен бір-бірімізді түсінісуге көместесу үшін пайда болған. Көз алдыңызға елестетіп көріңізші: егер адам сабырлы түрде «Өрт шықты» деп айтса, реакция қандай болмақ? Ал егер жаман дауыспен айқайласа ше – мүлдем басқа. Міне, дәл сол үшін эмоция керек – хабарлау мақсатында: бұл өте маңызды жайт.

Эмоциялар реакцияны жылдамдата түседі, бейімделуге септігін тигізіп, қандай да бір қауіп-қатер жайлы ескертеді. Біз нақ осы эмоциялардың арқасында басқа адамдардың көңіл-күйін, тіпті, артық сөз айтпастан-ақ түсінеміз. Бұл әмбебап тіл болып саналады.

Неліктен біз эмоцияларға төтеп беруді білмейміз

Жауабы қысқа да нұсқа: бізді ешкім үйретпеген. ТМД елдерінде эмоциялық зият (EQ) ұзақ уақыт бойы сән-салтанаттың нышаны ретінде қабылданған. Адамдарға сезіну емес, күн көрудің амалдары турасында ойлануға тура келетін еді. Бар әлінше жұмыс істеу, көз жасын көрсетпеу, берілмеу керек еді. Нәтижесінде көптеген ұрпақтар эмоциялар – бұл жаман нәрсе деген оймен өсті.

Көз жасы ма? «Жылама». Ашу ма? «Ашуланба». Біз сезімдерімізді басуды үйрендік, өйткені ол үшін ұятқа қалуымыз, жазалануымыз немесе жек көрінішті болуымыз әбден мүмкін еді. Әрі бұл ұрпақтан ұрпаққа беріліп отырған. Адамдардың көбі, тіпті, эмоцияларды өшіріп тастауды үйренеді. Алайда бұл тәннің есінде қала бермек. Осындайда ұйқысыздық, тамақты артық жеу, үрейлі шабуылдар, созылмалы шаршағандық, невроздар пайда болады. Психика сыр бере бастайды – дегенмен біз бәрібір оған құлақ аспаймыз.

Мұның бізге деген қазіргі әсері қандай

Түсініксіз эмоциялар мүлдем ғайып болмайды – олар жинақтала береді. Тура жарылып кететін консерв құтысы іспетті. Адам мазасыздықты көшкін ретінде, уайымды – тайфун, ал ашуды – іштегі өрт секілді сезінуі мүмкін.

Адам ішкі дауылдарға төтеп бере алмаса, ол ауырсынуды сезінбеу үшін интуициялық тұрғыдан оны басуға ұмтылады. Кейбіреулерде бұл стрестен кейінгі темекі тарту болса, басқаларда – бір бокал шарап, мағынасыз шопинг немесе әлеуметтік желілердегі лентаны шексіз айналдыра беру.

  • Темекі тарту мен алкоголь – мазасыздықты жеңудің кеңінен таралған тәсілдері. Олар күйзелісті төмендете отырып, ләззат алу аймағын уақытша белсендіреді. Дегенмен мұның әсері қысқа мерзімді болып келеді, ал тәуелділік – шынайы.

Бұл тұста не нәрсе көмектесе алады: осы әдеттерден кенет бас тарту денсаулыққа қауіпті болуы әбден мүмкін, өйткені бұл қайтару нышанатын тудыруы ықтимал. Маманның бақылауында бола тұра, мөлшерді бірте-бірте қысқартудан бастап көріңіз. Ішімдіктерге келер болсақ, сусындарды алкогольсіз сыра немесе шарапқа алмастыруға болады. Темекі шексеңіз, НАТ құралдарын қарастырғаныңыз абзал: спрейлер, жабыстырғыштар, сағыз немесе хиттерлер секілді құрылғылар. Олар темекіні жақпайды, яғни, үдерістің барысында дәстүрлі темекіге тән 7000 астам уытты заттек түзілмейді деген сөз. Дегенмен мына бір жайтты қаперімізден шығармайық: егер сіз анағұрлым «жұмсақ» жолды таңдасаңыз да, кез келген дәрігердің айтары: сіздің ағзаңыз үшін ең жақсы таңдау – жаман әдеттерден толықтай бас тарту.

  • Ортақ тәуелді қатынастар – тағы да бір тұзақ. Адам жалғыздықтан, аластатылу немесе ауырсынуды сезінуден қорыққанда, ол жылдар бойы уытты қарым-қатынастарға шыдай беруі мүмкін. Түпсаналы тұрғыдан, осының бәрі үрей, мағынасыздық немесе кінә сезімдеріне тап болмау мақсатында жасалады.

Не нәрсе көмектесе алады: терапевт маманымен жұмыс істеу, қолдау топтары (мәселен, ортақ тәуелді қатынастардағы адамдарға арналған «12 қадам»), эмоциялар күнделігін жүргізу, жеке автономияңызды дамыту: хобби, білім алу, түйткілді серіктестіктен тыс өзгелермен араласу.

  • Артық тамақтану мен шектеулер. Булимия, компульсивті артық тамақтану немесе, керісінше, қатаң диеталарды ұстану көбінесе ішкі ауырсыну сезіміне деген реакция ретінде болады. Біз эмоцияны қалай сезіну керектігін білмейміз, әрі оны тамақпен немесе денемізді бақылаумен алмастырамыз.

Не нәрсе көмектесе алады: психотерапевт және нутрициологпен жұмыс істеу, саналы түрде тамақтануды үйрену. Бұл тұста өзіңізге тамаққа тыйым салмаған маңызды, әрі оның орнына нағыз аштық пен тою сезімдерін ести білуді үйенген абзал.

  • Шопинг, сериалдар, прокрастинация – қашудың анағұрлым қарапайым формалары. Алайда, егер бұл көңіл сергітудің жалғыз ғана тәсілі болса, олар да тәуелділікке айналуы бек мүмкін.

Не нәрсе көмектесе алады: автоматты мінез-құлықты уақытша «жеңілдеп қалу» әдеттеріне алмастыру. 10-минуттық медитация, эмоциялар мен күйлердің тізімін жүргізу, арт-терапия, шығармашылық практика.

Маңызды: осы қайталанатын үлгілердің барлығы – жалқаулық немесе мінездің әлсіздігі емес. Бұл ауырсыну сезіміне төтеп бере алмау. Егер сіз әрбір күрделі жағдайда «жеңілдікті тезірек сезінуге» асықсаңыз, демек бұл – белгі. Әрі сіз бұл мәселені жалғыз жеңуге тиісті емессіз.

Эмоцияларға қалай төтеп беру керек

Психотерапевтпен жұмыс істей отырып, адам, бәлкім, бала кезінде ешқашан сезінбеген нәрсеге ие болатын шығар, бұл – сезіну құқығы. Психотерапия сізбен не болып жатқанын түсінуге, өз эмоцияларыңызды айырып тану мен оларды қабылдай отырып, сезінуді үйренуге көмектеседі.

Тіпті, ең қатты эмоцияның өзі ұзаққа созылмайды, небәрі – 10-15 минут қана. Бұл жай ғана гормондардың бөлінуі: адреналин, кортизол. Егер осы сәтте қашқалақтамай, өз-өзіңізбен әшейін байланыста қалсаңыз, толқын өздігінен қайтады. Мынадай бір сөз бар: «Аспан сияқты бол». Аспан бұлттарға қарсы тұрмайды – жай ғана оларға өтуге рұқсат береді. Сол секілді біз де сезімдерімізден қорықпай, олардың болуына мүмкіндік беруді үйрене аламыз.

Маманға жүгіну керектігін білдіретін белгілер

  • ұйқы немесе тәбетіңіз бұзылса;
  • сіз алаңдаушылықты жиі сезінесіз, алайда оның себебін білмейсіз;
  • сіз үнемі «қашып кетесіз» – тәуелділіктерге, сериалдарға, жұмысқа, қарым-қатынастарға;
  • сіз мүлдем ешнәрсені сезбейсіз.

Өзіңізбен тату өмір сүрудің жолы

Бастауға тұрарлық үш қадам:

  1. Эмоцияны атаңыз: «Мен қазір ашулымын», «Мен қорқып тұрмын», «Мен мазасыздықты сезінемін». Бұл қарқындылықты төмендетеді.
  2. Денеңізді сканерлеңіз: Мен мұны қай жерде сезініп тұрмын? Кеудеде? Ішімде? Бұл сол «мезетке» оралуыңызға көмектеседі.
  3. Кез келген эмоцияға өміріңізден орын беруді үйреніңіз. Ол өтіп кетеді, ал сіз жан тапсырмайсыз және оны жеңе аласыз. Сонымен бірге келесі жолы анағұрлым жақсырақ төтеп беретініңіз шүбәсіз.

Эмоциялар – толқындар іспетті: кейде басып қалады, кейде шегінеді. Дегенмен егер сізде ішкі тірек болса, сіз аяғыңызда нық тұра аласыз.

Қорытынды

Егер сіз осы мақаланы оқи отырып, өзіңізді танысаңыз – мына бір нәрсені біліңіз: сіз жалғыз емессіз. Бәріміз де бір кезде жылаудан қорыққанбыз, ашуланудан ұялған едік және қуанудан қымсынғанбыз. Алайда ешкім мұны өмір бойына көтеріп алып жүруге міндетті емес.

Как вы оцените статью?
[Total: 0 Average: 0]

Оставить комментарий


The reCAPTCHA verification period has expired. Please reload the page.