
Айырылысуды бастан кешудің жолы: ерлерге арналған нұсқаулық
7 сұрақ
Айырылысудан кейін бірінші кезекте не істеу керек?
Айырылысқаннан кейін бұрынғы сүйіктіңізбен жазысуды жалғастырған дұрыс па?
Айырылысудан кейін не нәрсе КӨМЕКТЕСПЕЙДІ?
Айырылысқаннан кейін кері шегіну салдары дегеніміз не?
Бірден жаңа қызды іздеуге кірісу тұрарлық па?
Айырылысқаннан кейін қандай сезімдер қалыпты болып саналады?
Айырылысуды бастан кешу үдерісінде басты не маңызды?
Айырылысу – адамның басынан өтуі мүмкін ең ауыр күйзелістердің бірі. Алайда қоғам әйелдерге жылауға, сезімдері жайында әңгімелеу мен басқа адамдардан көмек сұрауға рұқсат етсе, ерлерге көбінесе «қыңқылдама» деген секілді нұсқаулар ғана қалып отыр. Лайқос ерлерге ішімдікке салынбай, әрі уытты «ержүректілікке» берілмей, айырылысуды қалай бастан кешуге болатынын айтып береді.
Мойындаңыз: сіз ауырсынуды сезесіз
Сүйіктіңізбен айырылысу өзін-өзі бағалауға, жеке маңыздылығыңыз бен, тіпті, ержүректілігіңізге соққы ретінде қабылдануы мүмкін. Әсіресе, қарым-қатынастарыңыз маңызды, әрі терең болса, немесе кенет аяқталған жағдайда нақ солай сезіледі. Мұның жаныңызға батқанын мойындау – әлсіздік емес, бұл ішкі адалдық. Әрі осы жайт аса маңызды, өйткені ол алға қарай жылжып бастауға септеседі.
Не нәрсе көмектесе алады:
- сезімдеріңіз жайлы досыңызға, ағаңызға, психологқа айту (иә, бұл нағыз еркектерге де рұқсат етілген);
- жеткен оқты атқан оқ таппайды: ауырсынуды жаңа қатынастармен алмастырудың керегі жоқ;
- өзіңізге үзіліс жасауға мүмкіндік беріңіз – жай ғана жалғыз бола тұрыңыз.
Эмоцияларды басып тастамаңыз
Ашу, қайғы, бейжайлық, реніш, көңілі қалу – мұның бәрі де табиғи нәрселер. Эмоциялар жаншылғанда немесе сабырға келу мақсатында тамақ желінсе/ішімдік ішілсе, басты мәселе сонда басталады. Ішкі шиеленіс күшейе түседі, ал бұл белгілі бір мезетте психосоматика немесе агрессия арқылы сыртқа шығуы да әбден мүмкін.
Не нәрсе көмектесе алады:
- спорт (әсіресе, түйіспелі түрлері, жүгіру, бокс);
- музыка, аспапта ойнау, авто немесе мото – егер бұл сізге ұнаса;
- бұрынғы ғашығыңызға айтқыңыз келетін сөздердің барлығын қағазға түсіру – әрі жолдамау (хат жазу тәсілі, тіпті, шимай дәптерге жазылса да, көмектеседі);
- зейін қоюды талап ететін тәжірибелер: тауға шығу, йога, жорықтар, сноуборд, балық аулау.
Кінәлілерді іздемеңіз
Қай жерден қателік кеткені туралы ойды айналдыра беру немесе бұрынғы қызыңызға шексіз ашулануыңызға әбден болады. Дегенмен мұндай ойлар ауырсыну шеңберіне тартып әкетеді де, әрі қарай қозғалуға мүмкіндік бермейді. Оның орнына өзіңізге түрлі сұрақтарды қойып, адал жауап бергеніңіз абзал: мен өзім жайлы не түсіндім, бұл қарым-қатынастарда маған не жетіспей тұрды және болашақта нені өзгертетін едім. Кейде адамдар біздің өмірімізге мәңгілікке емес, қандай да бір нәрсеге үйрету үшін келеді.
Өзіңізді әлдеқайда жақсы деп көрсетуге тырыспаңыз
Әлеуметтік желілердегі жазбалар, жаңа қызбен түскен суреттер немесе жасанды «бақытты өмір» – бұл нағыз тұзақтың өзі. Жазылудың орнына сіз эмоциялық тәуелділікті жалғастыра бересіз. Әлдебіреуге қандай да бір нәрсені дәлелдеуге талпыну – баланың ұстанымы. Оның не көретіні мен не ойлайтынына емес, оданша өзіңізге көңіл бөлгеніңіз дұрыс.
Терапиядан қорықпаңыз
Қазақстан мен басқа да посткеңестік елдерде ер адамдар психолог маманына сирек баратыны рас. Алайда дәл осы терапия алкогольсіз, төбелестер мен шаршаусыз, өзіңізді эмоциялық батпақтан шығаруға көмектесетіні хақ. Қазіргі заманғы психологтар нақты, тек іс бойынша жұмыс істейді және өз кеңестері бойынша өмі сүруге зорлап міндеттемейді.
Оның таңдауын құрметтеңіз
Тіпті, өзіңіз мұндай қадамға бармасаңыз да, әркімнің кетуге құқығы бар екенін ұмытпаңыз. Әрі сізде де осыдан кейін қалыпқа келу мен өз шекараңызды қайта құруға деген құқығыңыз бар.
Мына бір жайтты түсінген маңызды: басқаның таңдауына құрметпен қарау – бұл әрнәрсеге шыдау мен ыңғайлы болу деген сөз емес. Бұл дегеніміз сол адамнан кек алмау, оны қудаламау, әрі қайта орал деп жалынбау. Яғни, бұл ренжіп қалған эгоның емес, ересек адамның мінез-құлқы.
Өзіңізге көңіл бөліңіз
Айырылысу – бұл өміріңізді қайта құрудың тағы бір мүмкіншілігі:
- тастап кеткен ермек істеріңізге оралу;
- денсаулық пен ұйқы тәртібін ретке келтіру;
- араласып жүрген ортаны қайта қарастыру;
- қарым-қатынастарға байлаусыз алдыңызға жаңа мақсаттарды қою.
Айырылысудан кейінгі уақыт – ішкі жұмысқа арналған ең үздік кез, бірақ «сол қыз өкінсін» деген оймен емес, өзіңізге бола жақсаруға тырысыңыз.
Қорытынды
Эмоцияларды сезінуден қорықпаңыз, қорытынды жасаңыз және алға қарай қадам басыңыз. Сізді жаңа кездесулер, жаңа мақсаттар мен өзіңіздің бұдан да жетілген нұсқаңыз күтіп тұрғаны айқын.