Әлеужелілердің жұптағы қатынастар мен романтикаға деген ықпалы - Лайқос

Әлеужелілердің жұптағы қатынастар мен романтикаға әсері қандай

Бүгінде романтика көбінесе экранның артында жасырынып тұрады: смартфондар мен әлеуметтік желілер өміріміздің, соның ішінде қарым-қатынастарымыздың маңызды бөлігіне айналғаны қашан. Виртуалды қатынастар шынайы сезімдерге қалай ықпал етеді? Лайқос жауап береді.

Онлайндағы жақындық: иллюзия ма, әлде шындық па?

Бір жағынан алып қарағанда, әлеуметтік желілер бізге 24/7 тәртібінде байланыста қалуға көмектесіп отырады. Егер, тіпті, сіздің жұбыңыз алыста болса, сіздер жылы лебізге толы хабарламалармен алмасып, жүрекшелер мен таңғы астың фотосуреттерін жібере аласыздар. Бұл, әлбетте, оның қасыңызда болғандай сезім беретіні хақ. «Мен сені сағындым», «Күнің қалай өтті?», «Қандай ән тапқанымды қарашы!» – секілді ұсақ-түйек нәрселер бұрын шынайылықта айтылып жүрсе, енді мессенджер арқылы жылдам жіберіледі.

Дегенмен мұның екінші жағы да бар. Онлайн түрде араласу жақындықтың иллюзиясын тудыруы мүмкін: сіздер хабарламаларды көп жазысқаныңызбен, шынайы эмоциялар бәрібір жетіспей тұрады. Бір-біріңізге қарау мен үйреншікті қимылдардың жоқтығы осы сөздердің барлығын да «жансыз» ететіні рас.

Қызғаныш пен бәсекелестік

Әлеуметтік желілер – бұл сондай-ақ жеке өмірдің көрме-сөресі іспетті. Бұрынғы жұптың лентасы, достармен құшақтасып түскен суреттер, бейтаныс қыздардың лүпілдері… Осының бәрі де қызғаныш сезімін қоздыруы әбден мүмкін. Әсіресе, адам өзін өзгелермен салыстыруға бейім келсе. Әрі кейде басқа біреудің суретіне жай ғана лайк басудың өзі араздасып қалудың себебіне айналуы ықтимал.

Дәл осы тұста мына бір жайтты ұмытпаған абзал: онлайн көретін нәрселеріміздің барлығы бірдей шындықты көрсете бермейді. Сүзгілер, хикаяларды әсерлеңкіреу мен мұқият таңдалған кадрлар бойымыздан артық күмән тудыруы мүмкін, алайда бұл шын мәнісінде әшейін ғана әдемі сурет.

Салыстырудың әсері

Әлеуметтік желілерде әркез мінсіз болып көрінетін жұптар кездесіп отырады: тамаша саяхаттар, романтикалық жүздесулер, қымбат сыйлықтар. Мұндайда қарым-қатынастарыңызды аталмыш виртуалды ертегімен еріксіз салыстыра бастайсыз, әрі сезімдеріңіз осындай жарқын емес екен деген ойға берілесіз.

Жұбыңызбен өткізген шынайы кешкі ас немесе камерасыз серуендеу – осы мезеттен ләззатқа бөленудің орнына адамдар ең көп лайк жинайтын кадрды қуалаумен әлек болады. Бірте-бірте нағыз эмоциялар фотосуретті анағұрлым жақсырақ ету ұмтылысына жол беріп, екінші орынға ығыстырылады.

Шынайы жақындықты сақтаудың жолы қандай?

Әлеуметтік желілер – бұл құрал, дегенмен шынайылықтың алмастырушысы емес. Олар эмоциялармен бөлісуге көмектеседі, алайда нақты байланыстың орнын баса алмайды: құшақтасу, дауыс, екпін. Қарым-қатынастардағы жақындықты сақтап қалу үшін онлайннан шығу мен шынайы өмірге көңіл бөлген аса маңызды – тіпті, Instagram желісіндегі әдемі суреттер болмаса да.

Жұбыңызбен бірге әлеуметтік желілердің сезімдеріңізге қалайша әсер ететінін талқылаңыз. Өз эмоцияларыңыз бен қорқыныштарыңызға қатысты адал болғаныңыз дұрыс. Бәлкім, мына жайттар туралы алдын ала келісіп алған дұрыс болар: жүздесу кезінде лентаны тексермеу немесе «экрансыз» кештерді жиірек ұйымдастыру. Осындай қарапайым шешімдер шынайы араласудың сиқырын қайтаруға септігін тигізері сөзсіз.

Қорытынды

Лүпілдер мен комментарийлер жанасу жылуын, сенімге толы әңгімелесу мен шынайы қараудың орнын баса алмайды. Мынаны қаперіңізден шығармаңыз: махаббат пен қатынастар – бұл жай хабарлама алмасу ғана емес, бұл жұбыңыздың жанынан табылу, оны ести білу мен қолдау көрсету өнері. Цифрлық әлем сізге көмектесе берсін, дегенмен қарым-қатынастың тереңдігі шынайы әлемде туылатынын ұмытпаңыз – яғни, сіздер бірге болғанда, бір-біріңізді сезінгенде және сенгенде ғана пайда болады.

Как вы оцените статью?
[Total: 0 Average: 0]

Оставить комментарий


The reCAPTCHA verification period has expired. Please reload the page.