Алкоголь мен жыныстық қатынас үйлесімі: артықшылықтар, кемшіліктер және жасырын қауіптер

Қызу махаббат

Алкоголь мен секс үйлесе ме? Неден сақ болу керек

Спиртті сусынды біреу афродизиак, яғни махаббат шақыратын дүние санайды. Алайда іс жүзінде ол ғашықтарға тән тұрғысынан да, сезім жағынан да кері әсер беруі мүмкін. Интим қатынасқа келгенде алкогольдің қай жерде шартты дос, қай жерде жау екенін саралап көрейік.

Басқа түрлі жаман әдеттердегі секілді сақтанусыз жүретін сексуал іс-әрекетте де зиянды азайту қағидаттарын сақтану керек дейді. Алкогольдің «әлеуметтік желім» міндетін атқаратын кең таралған құралдардың бірі ретіндегі рөлін ескере отырып, оның сексуал серіктес іздеген адамдар үшін де қандай маңыз білдіретінін елестете аламыз.

 

Біреу «батыл боламын» деп «тартып» жібереді, екінші адам «анау-мынау ойдан арылып, ләззат алу» үшін ішеді. Алайда «градус» көмегімен болған жыныстық қатынастан кейін азапқа түспеу немесе ұяттан өртенбеу үшін не істемек керек?

 

АЛКОГОЛЬ ЕР АДАМ АҒЗАСЫНА ҚАЛАЙ ӘСЕР ЕТЕДІ?

Ішімдік ер адамның жыныс мүшесіне келіп түсетін қан деңгейін түсіреді, орталық жүйке жүйесін басып тастайды және эректилді дисфункциямен байланысты делінетін ангиотензин гормонының бөлінуін арттырады.

 

Бір-екі бокал шараптан кейін белсіздікке ұшырау, әрине, неғайбыл, алайда тым көп ішіп қойсаңыз, оргазм ала қоюыңыз екіталай. Алкогольді шектен тыс ішу ұзақмерзімді перспективада секске қатысты проблемаларға (либидоның бұзылуы, эякуляцияның кешеуілдеуі, секс кезіндегі ауырсыну сезімі) әкеліп соғуы мүмкін.

 

АЛКОГОЛЬДІҢ ӘЙЕЛ АҒЗАСЫНА ӘСЕРІ

Қозу кезінде әйел денесіндегі қан сыртқы жыныс ағзаларына «көшеді», нәтижесінде олар үлкейіп, суланады. Алайда ішімдік көп болса, бұл физиологиялық реакцияларға бөгет жасайды, салдарынан оргазм алу да қиынға соғады.

 

Алкоголь ағзадағы су балансын бұзады, осының кесірінен қынап құрғайды, секс кезінде жарақаттанып, ыңғайсыздық тудырады.

 

ЖАСЫРЫН ҚАТЕР

Алкогольдің стандарт дозасы (шарап бокалы немесе саптыаяқ сыра) шын мәнінде босаңсып, өзіңді еркін ұстауға көмектеседі. Ішімдік енді танысқан адаммен араны жақындатуы, ал тұрақты серіктесге келгенде, арадағы кедергілерден жойып, бір-бірінің секстегі қалау-тілегі туралы сұрап-білуге көмектесуі мүмкін.

 

Спиртті сусыннан кейін құштарлық та артқандай көрінеді. Белгілі бір деңгейде бұл – шындық: либидо үшін тестостерон гормоны жауап береді, ал алкогольдің шағын көлемі еркекте де, әйелде де бұл гормонның күрт артуына алып келеді. Ал неғұрлым көп ішсем, соғұрлым рахат болады деу – қате: қандағы алкоголь пайызы артқан сайын, сексуал құштарлық та төмендей береді.

 

Спиртті сусынды тұраұты тұтыну әйел адамға да, ер адамға да кері әсер етеді. Еркектерде ішімдікке салыну тестостерон деңгейін, сәйкесінше либидоны төмендетіп жібереді. Ал әйелдерде тестостерон, керісінше, өсіп кетеді, осының кесірінен белсіздік қатері артады және әйел адамға тән қылық-белгілер жоғалады.

 

Мына бір дүние бар. Бір-екі бокалдан кейін өзіңіз жайлы пікіріңіздің жақсарғанын, айналадағылардың тартымды бола түсетінін байқадыңыз ба?

 

Мұның ғылыми түсіндірмесі бар: алкоголь бет-әлпеттің симметриясын бағалау қабілетін нашарлатады, салдарынан мас адамға кездескеннің бәрі симметриялы, сәйкесінше тартымдырақ көрінетін болады.

 

Қатер осында. Ішіп алған кезде сіз сау кезіңізде ұнампауы мүмкін адаммен жыныстық қатынасқа түсуіңіз әбден ықтимал. Нәтиже – келесі күні ұяттан өртену және өзіңнен немесе жаңағы адамнан жиіркену.

 

Бұдан бөлек алкоголь қабылдаған адам үшін жыныстық қатынасқа түсер жанның жасы, сондай-ақ контрацепция маңызды болмай қалады. Мұндай күйде жағдайды бақылауда ұстау, қарсы тараптың қалауын, тілегін ескеру қиынға соғады. Ал секске екі адам да қатар келісіп тұрмаса (немесе бірі тас тартуға шамасы келмейтіндей болса, яки есінен айрылса), мұндай жыныстық қатынас зорлау болып саналады.

 

АЛКОГОЛЬ, СЕКС ЖӘНЕ ЖАСТАР

Жас ұрпақ кездейсоқ жыныстық қатынасты өткеннің қалдығы санай бастады. Бұл алкогольдің салыстырмалы түрде азырақ тұтынылуымен, коммуникация үшін әлеуметтік желілердің қолданыла бастауымен және, жалпы алғанда, жаңа толқынның кешеуілдеп есеюімен байланысты.

 

Алайда жасөспірімдердің (15-19 жас) төрттен бірі алкоголь тұтынады, ал Қазақстанда 19 жасқа дейінгілердің үштен бірі дерлік сексуалды тұрғыда белсенді. Сондықтан бұл жас санатына қауіпсіз секс қажеттілігі, жекелей алғанда, алкоголь тұтынған кездегі жыныстық қатынас жайлы ақпаратты жеткізу үлкен маңызға ие.

 

АЛКОГОЛЬ МЕН СЕКСТІ ҚАЛАЙ ҮЙЛЕСТІРУГЕ БОЛАДЫ?

Дозаны бақылауда ұстаңыз. Ең бастысы, шектен шықпау керек. Ер адамдарға күніне екі спиртті сусыннан, әйелдерге біреуден артық ішпеу ұсынылады.

 

Сақтаныңыз. Бір түнгі қызық қанша жерден еліктіріп бара жатса да жыныстық қатынас арқылы берілетін инфекциялардан артық емес. Әрине, бұл ереже ішімдіксіз қатынаста да болуы керек.

 

Алкоголь әдетке айналмасын. Сексті ішімдіксіз елестете алмайтын болсаңыз, тез арада шара қабылдаңыз.

 

Екі жақтың да келісуі. Қарсы тараптың секске келісіп тұрғанына міндетті түрде көз жеткізіңіз. Әсіресе, екеуіңіз де алкоголь қабылдаған болсңыз, мән беріңіз. Келісімді сөзбен де, сөзсіз де жеткізуге болады.

 

Сауық кештерде қолыңыздағы сусынды қадағалап отырыңыз. Ішімдікке есірткі қосып, улау – зорлықшылар жиі қолданатын тәсіл.

 

 

Аударған Димаш Зиядин

Фотоколлаж yanlaurentxo

Как вы оцените статью?
[Total: 0 Average: 0]