Махаббаттың бес тілі – үйлесімді қатынастардың кілті
Махаббат – оңай нәрсе емес. Кейде серігіңізбен екі түрлі тілде сөйлесіп отырғаныңыздай болып көрінеді, әрі бұл, тіпті, метафора да емес. Нақ осы идеяны «Махаббаттың бес тілі» кітабының авторы Гэри Чепмен дамытқан болатын. Оның пайымдауынша, әрқайсымыз да махаббатты өздігінше жеткіземіз және қабылдаймыз, ал осы тілдерді түсінбеу арадағы дау-жанжалдар мен түсініспеушілік туындауының себебіне айналуы бек мүмкін. Сонымен махаббат тілі дегеніміз не, олар қандай болатыны және сіздің сезімдеріңіз сүйіктіңізге түсінікті болуы үшін не істеу керектігін анықтауға тырысайық.
Махаббат тілдерінің сипаттамасы
Гэри Чепмен адамдарға махаббат сезімін білдіру мен қабылдауға көмектесетін бес тәсілді атап көрсеткен:
- Қолдау сөздері – бұл комплименттер, қолдау сөздері мен мадақтау. Егер жұбыңыздан: «Сен менің батырымсың», «Сен бүгін ерекше әдемісің!» деген секілді сөздерді естісеңіз – құттықтаймыз, бұл сіздің тіліңіз. Жағымды сөздер айтылған жоқ па? Серігіңіздің өкпелейтініне дайын болыңыз.
- Сапалы уақыт – бұл жерде сыйлықтар немесе сөздер емес, шын жүректен көңіл бөлу әлдеқайда маңыздырақ. Спортзалға бірге бару немесе футбол бойынша матчты тамашалау – «мен сені сүйемін» деп айтудың тамаша тәсілі.
- Сыйлықтар – қымбаттысын алу міндетті емес. Бұл ұсақ-түйек заттар да болуы әбден мүмкін, бастысы, сүйіктіңіз туралы ойлайтыныңызды көрсету: жақсы көретін шоколадтан бастап концерт билеттеріне дейін алуға болады. Мұны пайдакүнемшілдікпен шатастырмаңыз.
- Көмек – сөзден гөрі әрекет маңыздырақ. Кранды жөндеп қойдыңыз ба? Ыдысты жудыңыз ба? Кейбіреулер үшін бұл әшейін тұрмыстық жайт емес, бұл нағыз махаббаттың тілі.
- Физикалық жанасу – құшақтасу, сүйісу, арқасынан қағу. Егер сіз үшін жанасу сөздерден артық болса, демек бұл сіздің тіліңіз.
Махаббат тіліңізді және жұбыңыздың тілін білудің керегі не
Мәселен, сіз «мен сені сүйемін» дегенді сыйлық беру арқылы айтасыз, ал серігіңіз жылы сөз бен шын көңіліңізді күтеді. Нәтижесі қандай болмақ? Сіз уақытыңызды, ақшаңызды, күшіңізді жұмсайсыз, ал жұбыңыз мұны жай ғана «естімейді».
Махаббат тілдерін білу бір-біріңізді жақсырақ түсінуге және керексіз өкпе-реніштерден аулақ болуға мүмкіндік береді. Мысалы, сіз жұбыңыз үшін қосылғаныңызға кезекті жылдыққа арналған гүл шоғын сыйлау емес, бір бокал шарап іше отырып, бірге өткізген уақыт әлдеқайда маңызды екенін түсінесіз.
Махаббат тіліңіз бен жұбыңыздың тілін анықтаудың жолы
Егер өз тіліңізді немесе серігіңіздің тілін білмесеңіз, келесі ұсыныстарға құлақ асыңыз:
- Сізді не нәрсе бақытты ететінін еске түсіріңіз. Сізге комплименттер маңызды ма? Демек сіздің тіліңіз – қолдау сөздері. Жұбыңыздың үйдегі қандай да бір нәрсені жөндегені қуанта ма? Онда бұл көмек.
- Жұбыңыздың әрекеттеріне зер салыңыз. Ол сіз үшін не істейді? Егер жиі құшақтаса, бәлкім, оның тілі – жанасу шығар.
- Тесттен өтіп көріңіз. Интернетте махаббат тілін анықтауға көмектесетін көптеген тесттер баршылық. Бұл пайдалы ғана емес, сонымен бірге өте қызықты: бірге күліп алу үшін керемет себеп.
Қатынастардағы махаббат тілдерінің рөлі
Серіктестің екеуі де өздерінің махаббат тілдерін түсініп отырғанда қарым-қатынастар әлдеқайда қарапайым және үйлесімді бола түседі. Сіз жұбыңызды қуантамын деп сергелдеңге түспейсіз, оның орнына шынымен де түсінікті болуы үшін махаббатыңызды жеткізе бастайсыз.
Мысалы: Әнуар қызына комплимент айтқанды ұнататын, ал ол жігіті өзімен уақыт өткізбейтініне ренжитін еді. Оның тілі – сапалы уақыт екенін анықтаған кезде Әнуар сүйіктісімен концерттерге жиірек барып, кешкі асты бірге дайындауды әдетке айналдырған. Нәтижесі: ешқандай ұрыс-керіс жоқ, ал күлкі көбейді.
Дегенмен махаббат тілдеріңіз әртүрлі болса да, абыржудың қажеті жоқ. Ең бастысы – бір-біріңізді түсінуге деген ұмтылыс. Кейде жай ғана ашық әңгімелесудің өзі жеткілікті: «Қымбаттым, мен әдемі сөздерді айтуды білмеймін, алайда саған балаларға қатысты қандай да бір көмек керек болса, бұл менің сені қаншалықты бағалайтынымды білдіретін тәсілім болсын».
Қорытынды
Махаббат тілдері – бұл тек қана романтикалық теория емес, қатынастарды нығайтуға септесетін нағыз іс жүзінде көмектесетін құрал. Өз тіліңіз бен жұбыңыздың тілін түсінген кезде сіздер бір тілде сөйлесе аласыздар және шынымен де мықты байланысты құратын боласыздар.
Дәл қазір байқап көріңіз: өз тіліңізді анықтаңыз және оны серігіңізбен талқылаңыз. Сенсеңіз, бұл қарым-қатынастарыңыздағы ең құнды жаңалықтардың бірі болуы бек мүмкін.