Неліктен 40 жасты атамайды? 40 кейін өмір бар ма және барлығы неден қорқады - Лайқос

40 жас: қорқыныш па, әлде жаңа мүмкіндіктер ме?

Көпшілік үшін 40 жас маңызды және, тіпті, қорқынышты бір меже болып келеді. Бұл жас шамасы көбінесе көптеген сауалдар және алаңдаушылықтармен бірге жүреді. Неліктен бұл меже – өмірдің ортасы – қорқыныш сезімін тудырады? 40-тан кейін өмір бар ма? Неліктен 40 жасты атамайды? Лайқос бұл кезеңді позитивті тұрғыдан қабылдаудың жолын анықтады.

40 жас алдындағы қорқыныштың тарихи және мәдени түп-тамыры

Қырық жас алдындағы қорқыныш сезімінің тарихи және мәдени түп-тамыры тереңде жатыр. Мысырлық және қытай секілді ежелгі мәдениеттерде бұл жас шамасы белгілі бір кезеңдермен байланыстырылған. Осылайша, мәселен, Ежелгі Мысырда 40 жас — бұл даналықтың жасы деп саналған, яғни, мұндай жаста адам кемеліне келіп, жаңа міндеттерге ие болған. Кейбір азиялық мәдениеттерде 40 жас өмірлік кезеңмен, бір кезеңнің аяқталуы және екіншісінің басталуымен байланысты.

Сонымен бірге осы жасқа қатысты көптеген ырымдар да баршылық: славян дәстүрінде 40 деген сан ерекше маңызға ие – мәселен, адам дүниеден озғаннан кейін 40 күн аза тұту. Бұл ырымшылдықтар көбінесе жалпы қырық жасты қабылдауға әсер етіп, қосымша шиеленісті тудырады. Бұл да 40 жасты атамаудың бір себебі болуы бек мүмкін.

Психологиялық қырлары

Жалпы психологиялық тұрғыдан 40 жас өмірдің алғашқы жартысының аяқталуы ретінде қабылданады. Көбінесе бұл орта жастағы дағдарыспен қатар жүреді. Адамдар қартаюдан қорқады, жастықты, ширақтықты жоғалтудан үрейленеді, қоғам да табысты болуды талап ете отырып, қысым көрсетеді. Көптеген адамдар өздерін табысқа қол жеткізген тұлғалармен салыстыра бастайды, ал бұл өзін-өзі бағалауға нұқсан келтіруі әбден мүмкін. Егер осы тұста жеке жетістіктер қалыпты болып саналатын жиынтыққа (мансап, отбасы, ауқаттылық) сәйкес келмесе, онда жағдай бұдан бетер ұшыға түседі.

40 жастан кейінгі физиологиялық өзгерістер

Адам ағзасында 40 жастан кейін айтарлықтай өзгерістер болып жатады. Метаболизм үдерісі баяулай түседі, бұл артық салмақ жинауға әкеліп соқтыруы әбден мүмкін. Бұлшықет массасы азаяды, тері өзінің серпімділігін жоғалта бастайды. Осы жайттардың барлығы да өзін-өзі бағалау деңгейі мен денсаулыққа деген көзқарасқа ықпал етеді. Аталмыш өзгерістердің денін қадағалауға және дұрыс тамақтану, тұрақты түрде дене шынықтыру жаттығуларын жасау және салауатты өмір салтын ұстанудың арқасында жұмсартуға болатынын қаперімізден шығармаған абзал.

40 кейін өмір бар ма?

Барлық қорқыныштар мен әртүрлі нанымдарға қарамастан, өмір 40-тан кейін енді ғана басталады. Табысқа қол жеткізген адамдардың көбі айтарлықтай биіктерге нақ осы қырық жастан соң жеткен екен: мысал ретінде Джоан Роулингті айтуға болады, ол 32 жасында Хәрри Поттер туралы алғашқы романын жариялап, әлем мойындаған жетістікке тек 40 жасынан кейін ғана жетеді, не болмаса KFC негізін қалаушысы Харланд Сандерс, ол өзінің бизнесін 62 жасында бастаған еді.

Бұл жас жеке тұлға ретінде өсуде, мансап жолында, сонымен бірге осыған дейін уақыт жетпеген арман-мақсаттарды жүзеге асыру үшін жаңа мүмкіндіктерді паш етеді.

Енді қалай өмір сүруге болады?

Қырық жас — бұл осымен тәмам деген сөз емес, бұл өмірдегі жаңа кезеңнің бастауы. Тарихи және мәдени нанымдар, физиологиялық өзгерістер мен әлеуметтік қысымға қарамастан, бұл жас шамасы жаңа биіктерді бағындыру үшін мүмкіндіктерге тола. Осы кезеңді позитивті қабылдау, белсенді өмірді әрі қарай жалғастыра беру, әрбір мезеттен ләззатқа бөлену аса маңызды. Өзіңіздің денсаулығыңызға міндетті түрде көбірек көңіл бөлу керек: тіпті, күнделікті жаяу серуендер денеңізді тонуста ұстауға септігін тигізеді, ал егер мұнда пайдалы аудиокітаптар немесе жағымды музыканы қоссаңыз, онда үдеріс нағыз рахатқа әлдеқайда көп бөлейтіні, пайдалы білім сыйлайтыны немесе жай ғана өзіңізге уақыт арнайтыныңыз айдан анық.

Тұрақты түрде чекаптан өтуді ұмытпаңыздар: Қазақстандағы МӘМС жүйесінің арқасында дәрігерлердің көбі әрдайым дерлік қабылдауға дайын, көптеген талдаулар мен диагностика төленген қызметтердің кешеніне кіреді. Бұл денсаулыққа байланысты ықтимал түйткілдерді дер кезінде анықтауға және емдеу үшін тым кеш болмай тұрғанда сол мәселелермен айналысуға мүмкіндік береді.

Үйлестірілген тағам мен ұйқының қануы – қырық жастан кейінгі өмірдің міндетті түрде бірге жүретін серіктері. Ұйқы тәртібін реттеу жолы туралы біз мына жерде жазғанбыз, ал қызықты рецепттерді «Тамақ» айдарынан табуға болады.

Как вы оцените статью?
[Total: 0 Average: 0]