Неліктен қарым-қатынаста тәуелсіз болу маңызды
8 сұрақ
Ортақ тәуелділік бар қатынастарда адам өзін-өзі қалай ұстайды?
Ортақ тәуелділік бар қатынастарда өзін-өзі бағалау қалай өзгереді?
Ортақ тәуелділік бар қатынастардағы дау-жанжалдар қалай шешіледі?
Салауатты тәуелсіздік бөлектенуден несімен ерекшеленеді?
Жұбы ренжітіп жүрсе, тәуелді қатынастарда адам өзін қалай ұстайды?
Ортақ тәуелді қарым-қатынастардан шығудың жолы қандай?
Жалғыз қалу қорқынышы ортақ тәуелділікке қалай әсер етеді?
Салауатты қарым-қатынастарды орнатуға не көмектеседі?
Ғашық болған кезде жанымыздағы серігімізбен 24/7 тәртібінде бірге болуды қалаймыз. Жеке шекаралар бұлыңғыр бола түсіп, жұпсыз өмір өз мағынасын жоғалтатын секілді көріне бастайды, осы тұста ортақ тәуелділікке негізделетін қарым-қатынастарға тап болу қаупі бар. Лайқос жақындық пен еркіндік арасындағы тепе-теңдікті табудың жолын анықтады.
Қатынастағы салауатты тәуелсіздік дегеніміз не
Көз алдыңызға жұпты елестетіп көріңізші, мұнда әрбір серік – бөлек тұлға, әрі оның өз қызығушылықтары, мақсаттары мен достары бар. Олар біртұтастыққа ұмтылмайды, дегенмен қарым-қатынастары махаббат пен бір-біріне деген қолдауға толы болып келеді. Нақ осы жайт салауатты тәуелсіздік болып саналады.
Оған қарама-қарсы қатынастар – ортақ тәуелділік: бақыт, өзін-өзі бағалау және өмірдің мәні тек қана өмірлік серікке байланысты болады.
Тәуелді қатынастардың белгілері
Жұптағы біреу қатынастар үшін өз қалаулары, мақсаттары мен мүддесін тұншықтырады, әйтпесе сүйіспеншілік ғайып болады деп сенеді. Осы тұста сүйікті адамның мінез-құлқына байланысты эмоциялық тәуелділік пайда болады, ал оның көңіл-күйінен, тіпті, өзін-өзі бағалау да өзгере түседі. Жалғыздыққа ұшырау қорқынышы орнайды, қарым-қатынастар, тіпті, бақытсыз және зиянды болса да, айырылысу туралы ойлар нағыз үрей мен мазасыздықты тудырады.
Тағы да бір белгісі – бақылау мен беймазалық: жұптағы бір адам, кейде қамқорлық таныту кейпімен, екінші адамның уақытын, ортасын, мінез-құлқын, киетін киімін қадағалайды. Бұл жерде манипуляциялар, эмоция ауытқуы қосылады.
Мұндай жұптағы анағұрлым икемшіл серік мәселені тікелей талқылаудың орнына, көбінесе шиеленіс пен өз эмоцияларын басуға тырысады. Бұл сүйікті адамының наразылығын қоздыру қорқынышынан туындайды.
Сонымен бірге ортақ тәуелді қарым-қатынастардың соры – өзін-өзі бағалау деңгейінің төмендігі.
Ортақ тәуелділік өмірге қандай нұқсан келтіреді
Мұндай қарым-қатынастарға тап болған адам қандай негізгі әрі жағымсыз бонустарға ие болатынын түгендеп шығайық.
- Мазасыздық: егер ол кетіп қалса, не болады? Уақыт өте келе бұл созылмалы жайтқа ұласады.
- Өзін-өзі жоғалтып алу: адам қарым-қатынассыз өзінің кім екенін және осыған дейін қандай болғанын ұмытады. Достары, ермек істері мен мансап жолы екінші орынға ығыстырылған.
- Манипуляциялар, басқа да жайттар. Газлайтинг, эмоция ауытқуы, айырылысу мен жанжалдар тізбегі. Бұл қайтадан мазасыздық пен өз-өзіне деген сенімсіздікті тудырады.
- Аурулар. Тұрақты қайталанатын дау-дамай мен үрейдің салдарынан болатын күйзеліс ұйқысыздық, бас ауруы, асқазан-ішек жолының түйткілдері, созылмалы шаршағандық пен басқа да дерттерге әкеліп соқтыруы ықтимал.
Ортақ тәуелділіктен шығу мен сау қарым-қатынастарды орнатудың жолы
Бірінші қадам – түйткілді мойындау: ортақ тәуелділік – бұл махаббат емес, бұл үрей, жалғыздық қорқынышы мен өзін құрбан ету әдеті. Яғни, бұл тұста мойындау еркіндікке апарар жолдың жартысы.
Екіншісі – маманның көмегіне жүгіну. Мұндай қарым-қатынастарды өз бетімен біржолата тоқтату аса қиын. Тіпті, айырылысу туралы ойлардың өзі қайтару нышанатын, мазасыздық пен физикалық жайсыздықты тудыруы әбден мүмкін.
Мәселені өздігінен жеңуге бола ма? Теориялық тұрғыдан – иә, алайда мұның бағасы жоғары болмақ. Көбінесе адамдар осындай ортақ тәуелділікке негізделген қатынастардан эмоциялық сарқылудың түбіне жетіп барып шығады, дегенмен бұл да осымен бәрі тәмам дегенге кепілдік бере алмайды. Ең жақсы нұсқа – толықтай құлазуға жетпей тұрғанда кәсіпқой көмекке жүгіну.
Өзіңізді жақсы көру мен жоғалтпаудың амалы
- «Жоқ» деп айтуды және шекараны орнатуды үйреніңіз. Өзін-өзі құрметтеу – салауатты байланыстың негізі.
- Жеке әуестіктеріңіз бен ортаңызды дамытыңыз. Адамның бақытты болуы үшін ресурстары неғұрлым көп болса, оның серігіне тәуелділігі де соғұрлым аз болады.
- Өзін-өзі бағалаумен жұмыс істеңіз. Адам өзіне неғұрлым сенімді болса, оның тең құқықты қарым-қатынастарда болуы соғұрлым жеңіл болмақ.
Қорытынды
Қарым-қатынастарды жалғыз қалу қорқынышынан емес, махаббат негізінде құру керек. Мықты әрі салауатты (соның ішінде психика үшін де) одақтың кепілі – шекараларды құрметтеу, жеке тұлға ретінде даму жолында бір-бірін қолдау және буырқанбай уақытты бөлек өткізе білу. Нағыз жақындық тек қана шынайы болу еркіндігі бар жерде болуы мүмкін.