
ОКБ дегеніміз не және онымен қалай өмір сүру керек
10 сұрақ
Ойлағым келмесе де миымда айналатын ойлар бар.
Бұл ойлар мені мазалап, ыңғайсыздандырады.
Маған бұл ойлардан жіберу немесе ауысу қиын.
Мазасыздықты азайту үшін қайталанатын әрекеттерді жасаймын (қолымды жуамын, құлыптарды тексеремін, санаймын, заттарды ретке келтіремін).
Бұл әрекетті жасамасам, мен қатты қобалжыймын.
Мен бұл ойлар мен әрекеттерді бақылауға тырысамын, бірақ бұл маған қиын.
Кейде мен әдет-ғұрыптарымның мағынасы жоқ екенін түсінемін, бірақ мен оларды әлі де жасай беремін.
Бұл обсессиялар менің уақытымның айтарлықтай бөлігін алады немесе менің қалыпты өміріме кедергі келтіреді.
Осы ойлар немесе әдет-ғұрыптар себебінен әдеттерімді немесе жоспарларымды өзгертуге тура келді.
Ритуалды орындағаннан кейін мен өзімді жақсы сезінемін, бірақ біраз уақыттан кейін алаңдаушылық қайтады.
Сіз үйден шықтыңыз да, кенет өзіңізге мынадай сұрақ қоясыз: есік анық жабылды ма? Немесе: үтік өшірілді ме? Қолыңызды жарылғанша жуасыз, үстелдегі заттарды түзетесіз немесе қара түсті тақталарға басудан қашасыз, әрі осы әрекеттерсіз қорқынышты бірнәрсе болып қалуы мүмкін сияқты. Бұл дегеніміз ОКБ-мен өмір сүру – аталмыш бұзылыс кқарапайым күнделікті істерді қорқыныш пен салт жораларының бітпейтін цикліне айналдырады. Лайқос OКБ деген не екенін және мұнымен қалай өмір сүруге болатынын анықтады.
OКБ дегеніміз не
Обсессивті-компульсивті бұзылыс (ОКБ) – адамның жалықтыратын әрі мазасыз ойларға тап болатын және тыныштану үшін қайталанатын әрекеттерді орындауға мәжбүр ететін психикалық бұзылыс. Мұндағы мәселе мынада: салт жоралары қорқыныштан құтылуға көмектеспейді, тек тұйық шеңбер сияқты оны күшейте түседі. Адам өз іс-әрекетінің мағынасыз екенін түсінеді, бірақ ол тоқтай алмайды – алаңдаушылық оны жаңадан қайталауға мәжбүр етеді.
ОКБ қалай байқалады: негізгі белгілері
Мұнда екі нұсқа бар, ең көп таралғаны салт жораларымен, не болмаса компульсиялармен байланыстырылады:
- Құлыптағы кілтті тура 11 рет бұрау.
- Үстелдегі заттарды түзеу, оларды түсіне қарай орналастыру.
- Смартфонды сансыз рет сүрту, әйтпесе, ол әлі де кір болып көрінеді.
- Жаяу өтпе жолындағы жолақтарды немесе қызғылт сары киімде жүрген адамдарды санау.
OКБ көрінісінің екінші түрі – бұл жабысқақ ойлар, не болмаса обсессиялар, яғни, адам бір нәрсеге байланады.
- «Мен пешті өшіруді ұмытып кеттім, үйден өрт шығады, панасыз қаламын».
- «Егер мен жарықшаққа бассам, пәлеге ұшыраймын».
- «Ұйықтар алдында барлық шамдар мен розеткаларды санамасам, жақын адамдарымның бірі ауырып қалады».
- «Егер қолымды сегіз рет жумасам, мен өлімге әкелетін вирусты жұқтырып аламын».
ОКБ себептері
OКБ әртүрлі себептерге байланысты пайда болуы мүмкін. Биологиялық себепке тұқым қуалайтын жолмен берілу қаупі жатады. Екінші нұсқа деп көбінесе адамдағы алаңдаушылықтың жоғары деңгейін айтады, бұл күйгелекті әрі қайталанатын әрекеттерге әкеледі.
Перфекционистер ОКБ-ға бейім келеді: олар беріліп кетіп, тазалыққа деген ұмтылысты бақылаудан шығып кеткен нағыз ауруға айналдыра алады.
Ұзақ мерзімді күйзеліс пен санаға қаяу түсіретін оқиғалар да бірқатар обсессиялар мен компульсияларға апарады.
OКБ қалай емделеді
- Маманның көмегіне жүгіну. Психотерапевт немесе психиатрға барудан бастаған дұрыс. Бұл бұзылыс өздігінен жойылмайды.
- Когнитивті мінез-құлық терапиясы (КМТ). КМТ әдісімен жұмыс істейтін психологтар адамды тұрақты салт жоралар өз мағынасын жоғалтатын тыныштық деңгейіне жеткізуге көмектеседі.
- ERP терапиясы ОКБ-мен күресудің ең тиімді әдістерінің бірі. ERP әдістерін психологпен бірге үйренуге болады.
- Антидепрессанттар. Дәрігерлер оларды адамның бойындағы алаңдаушылық пен жабысқақ ойларды азайту үшін тағайындайды. Бұл симптомдарды уақытша жеңілдетуге көмектеседі, бірақ бұзылыстың өзін емдемейді.
Oбсессивті компульсивті бұзылыс кезінде не істеуге болмайды
- Оның өздігінен кететінін күту. Көмек көрсетілмесе, бұзылу тек нашарлайды.
- Триггерлерден аулақ болу. Олардан жасырынудың орнына маманмен жұмыс істеген абзал.
- Салт жораларды қолдау. Олар тек уақытша жеңілдік береді, алайда кейіннен мазасыздық екі есе күшпен оралады.
- Сиқырлы дәріні іздеу. OКБ тек тексерілген терапиямен ғана емделеді, ал антидепрессанттарды дәрігер әрбір жағдай үшін жеке түрде тағайындайды.
- Тек антидепрессанттарға сену. Психотерапиясыз емдеудің тиімділігі төмен болады.
Қорытынды
OКБ-мен өмір сүру – бұл күнделікті күрес. Терапевттер және дәрі-дәрмектердің көмегімен оны жеңілдету немесе жабысқақ ойлардан, әрекеттерден, салт жоралардан толығымен арылуға болады. Жақын адамдардан көмек сұраудан қорықпау, қолдаудың қажет екендігін мойындаудан ұялмау өте маңызды. Емдеуді неғұрлым ертерек бастасаңыз, соғұрлым тезірек тыныш өмірге ораласыз.