Ересектерге арналған секс-ойыншықтары – пайдалы ма, әлде зиянды ма?
Оргазмдар баршаға керек
Секс-ойыншықтардың бізге және денсаулығымызға деген әсері қандай болуы мүмкін және неден сақ болу керек? Егер осыған дейін пайдалану тәжірибеңіз болмаса, ең алдымен не нәрсеге назар аударған жөн? Қазақстандықтар қандай девайстарды ұнатады? Сарапшылардың тәжірибесі, пікірлері және ұсыныстары – осы мақалада берілген.
ӘЛЕМДІК СЕКС-ОЙЫНШЫҚТАР ИНДУСТРИЯСЫНЫҢ ҚАНША ТҰРАТЫНЫН БОЛЖАП КӨРІҢІЗДЕРШІ?
выберите один вариант
-
а) жылына 500 миллион доллардан астам
50%
-
ә) жылына 10 миллион доллардан астам
0%
-
б) жылына 5 миллиард доллардан астам
0%
-
в) жылына 15 миллиард доллардан астам
50%
Жыныстық қатынастарға арналған ойыншықтардың әлемдік индустриясының жыл сайынғы айналымы шамамен 15 миллиард долларға бағаланып отыр. Ұлыбритания халқының жартысы «ересектерге арналған ойыншықтардың» кем дегенде біреуіне ие екендігін мойындайды. Ал АҚШ-тың Индиана Университетінде жүргізілген зерттеулер барысында анықталғандай, 18 бен 65 жас аралығындағы әйелдердің 53%-ы және ер адамдардың 45%-ы вибраторды қолданып көрген екен. Әрі оның қолданысын жыныстық функцияның жақсара түскенімен байланыстырады.
Заманауи әлемде ересектерге арналған ойыншықтар – бұл тек ләззатқа бөленудің құралы ғана емес, сонымен қатар оларды невроздарды, депрессиялық жағдайлар мен, тіпті, әйелдердегі етеккірдің толық тоқтауына байланысты болатын көптеген түйткілдерді де емдеудегі қосымша шара ретінде қарастырады.
Біздің қазақстандық қоғамымыз жыныстық ағарту мәселелерінде әлі де біршама консервативті болып келеді, біз ересектерге арналған ойыншықтардың қолданысына байланысты қазақстандық ресми зерттеулерді кездестіре алмадық. Дегенмен біз мамандармен тікелей әңгімелесе алдық, өйткені бұл сала елімізде ұсынылған және жұмыс істеп келеді. Сондай-ақ оқырмандарымыз үшін қызықты болуы мүмкін тақырып бойынша кейбір сұрақтарды талқылаған едік.
«Позитивные Вибрации» интим-шоп дүкенінің иелері, Астана қ., Марина және Ксения Каширскаялар.
Неліктен сіздер дәл осы салаға бизнес ретінде назар аударып, әрі оны неге таңдағандарыңызды айтып беріңіздерші?
– Қазақстанда жыныстық ағарту ісі өте нашар қойылған. Біз әпкем екеуміз бұл тақырып жайында, тіпті, ешнәрсе де белгісіз болған заманда өскен едік. Сәйкесінше, мұны қалай жасау керектігі турасында ақпарат өте аз болғандықтан, көптеген қателіктерге жол берілген. Біздің міндетіміз – жастарды өз буынымыздың тарапынан жіберілген көптеген нәрселерден қорғау болып отыр. Біз тек қана сатумен ғана айналыспаймыз, біз нағыз жыныстық ағартумен айналысып келеміз.
Кезінде өзім осы тақырып бойынша жетілу үшін интимдік гимнастика, сексология бойынша курстардан өткенмін, қызығушылық содан басталған болатын. Дәл сол кезде әпкем де психология кафедрасы бойынша оқуды тәмамдап, оған тар шеңберлі мамандықты таңдау керек болған, осы кезде ол сексология саласын таңдады да, Мәскеу университетіне оқуға түседі. Сол уақыттан бері біздің кәсібіміз, біздің дүкеніміз бастау алды десек болады.
Офлайн-дүкендеріңіздің сатып алушысының орташа портреті қандай? Сіздерге кімдер көбірек келіп тұрады? Ер адамдар ма, әйелдер ме, әрі олардың жасы қандай?
– Біздің мақсатты аудиториямыз негізінен 30-40 жас шамасында болып саналады. Ал жастар мұндай заттарға сирек қызығады. Бұл әлемді зерттеп тану үшін оларға әзірше тәндерінің өзі де жеткілікті. Сондай-ақ әрбір жыныстық қатынас, және де әрбір серіктес олар үшін жаңа дүние. Ал адамдар ұзақмерзімді қарым-қатынаста болғанда, не болмаса бұрыннан үйленген болса, немесе көп уақыттан бері жалғыз болған жағдайда – олар өмірінде әлі болмаған нәрсені байқап көргілері келеді. Осы кезде олар сексологтар көмегі мен интим-дүкендерге жүгінеді.
Ал жынысқа қатысты айтар болсақ, ер адамдар да, әйелдер де, жұптар да шамамен бірдей келіп тұрады.
Сатып алушылар сіздерден не туралы көбірек сұрап жатады? Қандай тұстар жайлы кеңес алуға тырысады?
– Барлықтарында алуан түрлі сұрақтар болады. Мәселен, әйелдер арасында ең жиі кездесетін түйткілдердің бірі – бұл оргазмға жетудің мүмкінсіздігі. Не болмаса әйел ол сезімді мүлдем ешқашан сезіп көрмеген, немесе ағзаларында бір нәрсе бұзылған болып тұр. Егер мәселе шынымен де күрделі болса, ол кәсіпқой сексолог маманына қайта бағытталатын болады, өйткені біз клиникалық сексологтар емеспіз, біз жай ғана өз білімімізді бизнесімізде қолданып жүрген адамдармыз. Біз тек қана кеңес бере аламыз, дегенмен терапияны жүргізбейміз.
Негізінен адамдар ойыншықтар туралы кеңес алады. Біз деліткілік стимулятордың, вибратордың көмегімен сезімталдықты дамытуға болатындығы туралы айтамыз. Серіктеспен болатын жыныстық қатынас барысында деліткілік стимулятордың көмегімен сезімталдықты қалайша арттыруға және оргазмға жетуге болатындығын айтып береміз. Бұл ең кеңінен таралған тақырыптар болып саналады. Одан кейін жыныстық актіні қалайша ұзартуға, не болмаса, керісінше, тездетуге болатындығы туралы сауалдар қойылады.
Біз белгілі бір сауалымен мамандардың көмегіне жүгінуден тартынбайтын адамдармен қатты мақтанамыз. Өйткені алдыңғы буын адамдарында бұл туралы, тіпті, әңгімелесу әдеті де болмаған, әрі әйелдердің басым бөлігі дерлік оргазмды сезінуге жалпы мүмкін екендігі турасында мүлдем білмей жатады. Ал одан қалса, әртүрлі оргазмдарға жетуге болатындығы жайлы тіптен хабардар емес әйелдер де кездеседі. Адамдар енді ғана осы ақпаратты саналы түрде меңгеріп, әрі одан да артық нәрселерге қабілетті екендіктерін түсіне бастады. Дәл осы мақсатта біз және сексолог мамандары баршылық.
Сатып алушыларыңыз неден қауіптенеді?
– Негізінен сапасыз бір өнімдерді сатып алудан сескенеді. Себебі секс-ойыншықтар – мүлдем арзан нәрселер емес. Сондай-ақ, әсіресе маркетплейстерде ұқсас болып келетін, яғни, қолдан жасалған заттарға тап болуыңыз әбден мүмкін. Бұл әсіресе мүшеқаптарға байланысты болады. Алғаш рет келетін адамдар қысылады. Дегенмен бұл қымсыну бірінші ойыншықты тұңғыш рет қолданғаннан кейін-ақ ғайып болады.
Дүкеніңізде позияциялардың қайсысы кеңінен таралған, деме деуге болады, яғни, қандай заттарды ең көп сатып алады?
– Ең көп сатып алынатын зат мүшеқап болып келеді. Біз болсақ, дәріханалардан әдеттегі классикалық мүшеқаптарды сатып алмауды насихаттаймыз. Яғни, әлдеқайда сапалырақ, әрі қызығырақ нәрселерге ауысуға шақырамыз. Сонымен бірге бізде көрсетілген бағалар соншалықты қымбат та емес. Сондай-ақ вибраторларды да жиі сатып алады. Оргазмдар баршаға керек, бұл адамдардың физиологиялық қажеттілігі болып саналады. Бұл бір ұятсыздық туралы емес, тыйым салулар немесе қалыптан тыс қандай да бір нәрселерге әуестік жайында емес. Бізде тыныс алу, не болмаса тамақ ішу секілді табиғи қажеттілігіміз бар, – бұл жыныстық «кернеуді» алып тастау қажеттілігі. Ал егер сіздің серіктесіңіз болмаса, немесе нақ осы кезеңде серіктесіңіз жаныңызда болмаса, онда ойыншықтар осы бір қажеттілікті қанағаттандыра алады. Физиологиядан құтылу мүмкін емес, алайда көптеген адамдар неліктен екендігі белгісіз, дегенмен шартты түрде айтқанда «аш қалуды» таңдайды, бірақ аш қалмай-ақ та жүруге болады. Осы жайтты жіті түсінетін адамдардың көңіл-күйлері де әлдеқайда көтеріңкі болып, әрі хал-жайлары да жақсырақ, сонымен қатар олар айтарлықтай әрлі көрінеді. Сол себептен вибраторлар – сатудың нағыз хиті болып келеді.
Сәтсіздіктерге ұшыраған кездеріңіз болды ма? Қандай тауар мүлдем сұранысқа ие болмай тұр?
– Менің ойымша, секс-индустриясына жататын барлық дүкендердің ең үлкен сәтсіздігі – бұл еркек жыныс мүшесінің үлкеюіне арналған тауарлар. Олар кейде бізде де сатылады, әрі оларды да анда-санда сатып алатындар бар. Алайда бұл тауар шын мәнісінде жыныс мүшесін үлкейте алатындығына, одан қалса, айтарлықтай үлкейтетініне кепілдік беру – мүмкін емес. Сондықтан жыныс мүшесін үлкейтуге арналған иісмайларды мүлдем сатуды білмейміз, өйткені өтірік айта алмаймыз және өтірікті айтқымыз да келмейді. Сол себептен біз бұл құралдардың тек қысқа мерзімге ғана кішкене ісіну секілді әсер беретінін әрдайым түсіндіріп отырамыз.
Секс-ойыншықтардың пайдасы мен зияны қандай?
– Ересектерге арналған ойыншықтардың пайдасы өте зор. Олар өз-өзіңді қанағаттандыру секілді жайттарды жауып отырады, яғни, жыныстық «кернеуді» түсіруге деген негізгі қажеттілігімізді жабады. Адамдардың барлығы да осыны қалап тұрады, тек кейбіреулері көбірек, ал кейбіреулері мұны аз мөлшерде қажет етеді, дегенмен кез келген жағайда да бізде бұл сезімдер болады, өйткені адам солай жаратылған.
Сонымен қатар ойыншықтардың бұрыннан бірге болып жүрген, әрі жаңашыл нәрселерді қалайтын жұптар үшін де пайдасы аса үлкен. Бұл олардың бір-бірінен жалығып кетпеуі үшін, сондай-ақ көзге шөп салғысы келмеуі үшін арналады, яғни, тұрақты серіктеспен де эксперименттеуге болады, әрі бұл ұзақ уақытқа созылуы әбден ықтимал. Сексуалды ойыншықтар, косметика санаты – бұл өте үлкен санат, сондай-ақ осы жердегі заттар бүкіл өмір бойына жеткілікті болуы бек мүмкін. Егер серіктестер бұл туралы келісіп алса, мұның қалыпты, дұрыс нәрсе екендігін түсінсе, әрі осының барлығын пайдалана бастаса, құба-құп.
Ойыншықтар ер адамның да, әйелдің де орнын баса алмайды, біз кез келген жағдайда да тірі адамды қалап тұратынымыз айқын. Дегенмен бұл ойыншықтар адамдарға көмектесіп тұрады. Ең үздік жұптар – бұл ондағы ер адамдардың ойыншықтың дұшпан да емес, қарсылас та емес, керісінше, одақтас екендігін түсінетін жұптар. Өйткені әйел белгілі бір жаңашыл сезімдерді бастан өткереді де, мұндайдың нәтижесі екі адам үшін де жақсы болары сөзсіз.
Ересектерге арналған ойыншықтар тек өте арзан, «өте қытайлық» болған жағдайда ғана зиян келтіруі мүмкін. Бұл жерде орнатылған шағын мотор дұрыс жұмыс істемеуі ықтимал, сондай-ақ материалы да нашар болуы әбден мүмкін, бұл өз кезегінде микрофлораға зиян тигізе алады. Сол секілді арзан майлар да дәл осындай әсер етуі ықтимал. Барлық арзан және сапасы төмен затар, бұл әлемдегі кез келген сондай өнім секілді, адамға зиян келтіре алады.
Сонымен қатар ойыншықтар тағы бір жағдайда зиян келтіруі мүмкін, бұл адамдардың оларды дұрыс қолдану туралы, тіпті, білгісі келмеген жағдай. Кейбіреулер, мәселен, қынаптық ойыншықтарды аналдық жыныстық қатынас үшін пайдалануға тырысады. Мұндайда адамдар бұл ойыншықтардың ол үшін арналмағандығын түсінбейді де, осындай жағдайда ойыншықтың ішке қарай кетіп қалуы ықтимал, ал оны шығарып алу тек проктологтың көмегімен ғана мүмкін болмақ.
Біз сатып алушыға әрдайым кеңес беруге тырысамыз, сондықтан сол адамның сезімталдық деңгейінің қандай екендігін, осыған дейін қандай ойыншықтарды байқап көргендігін, әрі белгілі бір аллергияларының бар-жоқтығын түсіну үшін оған әртүрлі сұрақтарды қоямыз. Бұл сұрақтардың маңызы өте зор, өйткені олар қауіптерді азайту үшін, әрі адамның өз ақшасын бекер жұмсамауы үшін қажет.
Инновациялар. Біздің оқырмандарымызға соңғы әзірлемелер арасынан не ұсына аласыздар?
– Кейбір классикалық ойыншықтардан басқа біздің дүкенімізде wax play үшін шамдар бар. Wax play – бұл балауызды қолдануды көздейтін денеге арналған ойындар. Олар мүлдем қауіпсіз, әрі адам терісіне зиян тигізбейді. Сонымен бірге жаңа сезімдерді сыйлай отырып, әдемі атмосфераны жасайды.
Сонымен қатар қынаптық өзекті тарылтуға арналған интимдік косметиканы пайдалануға кеңес бергіміз келеді – бұл инновация болмағанымен, алайда осы саладағы қазіргі заманғы құралдар нағыз жаңа деңгейде жұмыс істеуде. Нақты косметика саласында инновациялар өте көп деуге болады. Уқалауға арналған ерекше майлар; терең минетті оңай жасауға көмектесетін құралдар. Ер адамдар үшін алуан түрлі мастурбаторлар, соның ішінде автоматты, бедерлі түрлерінің кең таңдауы ұсынылған. Сонымен қатар басқару пульті бар ойыншықтар да баршылық. Басқару пульті – бұл жаңалық емес, дегенмен қазіргі уақытта ересектерге арналған ойыншықты қашықтықтан, тіпті, әртүрлі елдерден де басқаруға болады.
Сонымен бірге біз сексолог, секс-коуч, тантра және чакралар тынысы бойынша маманы Әлия Әлиеваға хабарласқан едік, ол секс-ойыншықтарды тұрақты түрде пайдаланудың зияны неде екендігі туралы әңгімелеп, сондай-ақ осыған байланысты өз ұсыныстарын берген болатын.
Әлия, интимдік ойыншықтардың қандай пайда әкелетінін айтып беріңізші?
– Ең алдымен тиісті дүкендерде сатылатын барлық интим-ойыншықтар, бүкіл сұрыпталым адамға қарапайым өмірде жаба алмайтын қажеттіліктерді қанағаттандыруға мүмкіндік беретіндігінен бастайық. Мысалы, әйел өзінің серіктесімен болатын жыныстық қатынас барысында оргазмға жетпейді. Ал вакуумдық-толқындық вибратор-стимулятордың арқасында сол әйел көп реттік оргазмды да ала алады. Әрі бұл өзіне қаншалықты жиі қажет болғанда, соншалықты жиі алуы мүмкін, бұл жеке қажеттіліктер мен темпераментке қатысты болып келеді. Осыған байланысты, әлбетте, адамның хал-жайы да, жыныстық денсаулығы да нығая түседі. Содан кейін әйел денсаулығы жайында айтар болсақ, мәселен, әйелдердің интимдік бұлшықеттерінің жағдайын алайық. Кегель жаттығуларын орындай отырып, әйел қынап кіреберісінің күйін жақсарта алады. Дегенмен осы тұста ішкі жағынан ол ешнәрсе істей алмайды. Ол үшін интим-дүкендерде қынапқа арналған Кегель жаттықтырғыштары ұсынылған. Олардың көмегімен интимдік бұлшықеттерді жаттықтыруға және қатайтуға болады, соның арқасында қынаптың күйі жақсара түседі, сондай-ақ, әрине, әйел денсаулығы да нығаяды.
Жыныстық өмірдің бұл жағын өзі үшін әзірге ашып көрмеген адамдарға қандай кеңес берер едіңіз? Жаңадан бастап келе жатқандарға нені таңдаған жөн?
– Барлық адамдарға да әртүрлі майлауыштарды қарастырып көруді кеңес беремін. Бұл, тіпті, жыныстық өмірді енді ғана бастауды жоспарлап жүрген адамдар үшін де маңызды, өйткені майлауыштардың арқасында ешқандай да ауырсыну сезімдері болмайды. Сондай-ақ мен осы құралдардың су негізінде, сол секілді силикон негізінде жасалған түрлерін де сатып алуға ұсынамын. Аналдық тәжірибелер үшін майлуыштардың маңызы өте зор, бұл әлеуетті қауіптерді төмендетеді. Сонымен қатар әртүрлі форматтағы мүшеқаптарды пайдалануға кеңес беремін, соның ішінде алуан түрлі қондырмалары, қылқаны бар мүшеқаптар және т.б. баршылық, олардың арқасында қынап қосымша стимуляцияға ие болып, бұл әйелге жыныстық қатынастан жаңа сезімдерді сезінуге мүмкіндік береді. Бүгінгі таңда ер адамдар үшін жыныс мүшесін, атабезді қоздыруға арналған, сондай-ақ простатаның стимуляторы секілді көптеген девайстар ұсынылып отыр. Мен эксперименттерді жасауға кеңес беремін. Жыныстық өмірді жаңадан бастап келе жатқан ер адамдар үшін пролонгаторлардың пайдасы зор. Жыныстық өмірдің басында шәуеттің шығуы жылдам болады – бұл негізінен табиғи үдеріс, сондықтан болжалды нәрсе болып келеді. Әрі осы үдерісті серіктесіңіз үшін сәл де болса ұзарту мақсатында пролонгаторларды сатып алуға болады. Әдетте бұл спрейлер түрінде келетін құралдар, олар жыныс мүшесінің сезімталдығын «тоқтата тұруға» мүмкіндік беріп, осылайша эрекция біршама ұзақ уақытқа созылады да, жыныстық акт жылдам аяқталмайды.
Ал cекс-ойыншықтар зиян тигізуі мүмкін бе?
– Өз-өзіңізге зиян келтірмеу үшін қарапайым ережелерді сақтау қажет. Біріншіден, cекс-ойыншықты ешқашан екі-үш адам болып пайдаланбау, өйткені бұл тек қана жеке зат болуға тиіс. Екіншіден, тазалық туралы естен шығармау. Үшіншіден, тек қана сапалы бұйымдарды сатып алу. Себебі олар сіздің теріңізбен, жыныс мүшеңізбен, шырышты қабықтармен жанасады, демек бұл сіздің денсаулығыңызға қатысты мәселе болып келеді. Әрине, мұндағы ең басты ереже – асқан фанатизмге жол бермеу. Сіз қандай заттарды қолдансаңыз да, мейлі бұл вибраторлар, стимуляторлар, уқалағыштар, сақиналар болсын, барлығын да ақылға салып пайдаланған абзал, әрі тәжірибені біртіндеп кеңейткен жөн. Сонымен бірге қалаған нәрсені байқап көру дәл сіз үшін сәйкес келмеуі мүмкін екендігін саналы түрде ұғынғаныңыз өте маңызды.
Секс-ойыншықтардың қауіптілігі немесе зияны туралы әшкерелеуді қажет ететін қандай да бір аңыздар немесе қате түсініктер бар ма?
– Егер әйел өзіне вибратор сатып алса, кейін оны ер адамның шынайы жыныс мүшесі қанағаттандыра алмайды деген пікірді естігенім бар. Осыдан барып әйел қарым-қатынастардан тіптен бас тартуы мүмкін деген секілді пайымдар. Алайда мұндай жағдайлар – бұл физиологиялық тұрғыдан емес, психологиялық тұрғыдағы жайт болуы ықтимал. Кейбір әйелдер ерлерге қатысты «бұғаттаулы» болып келеді. Яғни, әлдебір сәтсіз қарым-қатынастардан кейін, не болмаса ер адамдарға байланысты реніштердің салдарынан әйелдің сол ер адамдармен өзара әрекеттесуге деген ұмтылысы жоғалады да, осы бір қажеттілікті имитаторлардың көмегімен қанағаттандыратын нұсқалар кездеседі. Дегенмен физиологиялық тұрғыдан алғанда, девайстар жанды қарым-қатынастардың орнын толығымен алмастыра алмайтыны анық. Сол сияқты мастурбаторлар секілді заттар қаншалықты жақсы әрі сапалы түрде жасалған жағдайда да, қынаптың орнын ешқашан алмастыра алмайды.
Интим-ойыншықтар көптеген жағдайда бұрыннан бірге жүрген жұптар арасындағы үйлесімді қарым-қатынастарды қамтамасыз етуге септігін тигізеді. Мәселен, әйелде аса мықты жыныстық конституция және жыныстық қатынасқа деген аса жоғары қажеттілік болуы мүмкін, осындай жағдайда ер адам бұл қажеттілікті толықтай қанағаттандыра алмауы да ықтимал. Ересектерге арналған ойыншықтардың көмегімен осы қосымша «кернеуді» алып тастауға және өз-өзіңді жайлы сезінуге әбден болады.
Бұл тұста менің берер кеңесім – интим-дүкенге барып көру мүмкіндігін міндетті түрде табуға тырысқаныңыз абзал, жай ғана осы бір кеңістікке әуелі шомып көргеніңіз дұрыс. Адамдар сол бір әлемге енген кезде, олардың көбісінде осыған дейін, тіпті, ойламаған қиялдары пайда болып, бұрын-соңды білмеген қырлары ашыла түседі.
Интим-дүкенге өз серіктесіңізбен бірге барған, әрі оның реакциясын бақылап көрген өте пайдалы. Жұп үшін өте маңызды және пайдалы іс ретінде ересектерге арналған дүкенге жұптасып баруды ұсынамын. Бұл өз-өзіңізді ашуға және серіктесіңізбен одан бетер жақындай түсуге көмектеседі.
Аударған: Рита Сәрсенова