Өзіңді жақсы көрудің жолы: пайдалы кітаптардың топтамасы
«Жай ғана өзіңді жақсы көр!» – бұл ең кеңінен таралған кеңестердің бірі. Әрі ол құлаққа шамамен былай естіледі: «Сен депрессияға тап болдың ба? Ал, сен мұңайғанды қой! Сонда бәрі де жақсы болады». Лайқос тақырыпты талқылайды және үздік кітаптарды таңдайды.
Біз мұнда кітап дүкендерін аралап, өзіңе жету жолында не көмектесетінін тексерген едік. Жаттығулар жиынтығын ұсынатын кітаптар баршылық, әдістемелер бар, сұрақтарға жауап беруге тура келетін кітап-диалогтар бар, әрі нәтижесінде өзіңізді қабылдау мен осы бір таза түріңізде жақсы көретін боласыз.
Татьяна Мужицкая «Өз–өзіңмен роман. Ішкі ян мен иньді теңдестіру және керексіз нәрселерге көңіл аудармаудың жолы»
Өзіңді жақсы көру мәселесінде нөмірі бірінші автор – Татьяна Мужицкая. Ол осы тақырып бойынша көптеген кітаптарды жазып қана қоймай, сонымен бірге оларды дыбыстаған да болатын, сондықтан оларды тыңдау да мүмкіндігі бар. Әрі бұл тұрарлық дүние! Мужицкая – тамаша мысқыл сезіміне ие нағыз оратор, әрі оның бойында өзіңді жақсы көру – өте қарапайым дүние деген секілді нәрселерді әңгімелеу әдеті жоқ. Автор бірте-бірте және әрбір қадамды көрсете отырып, өзіңді жақсы көрмеудің себептері неде жатқандығын жеткізеді (әрі бұл «түйткілдердің барлығы да балалық шақтан болады, оларды сыртқа шығарып, дауыстап айту керек және жылап алған пайдалы» секілді деңгейдегі классикалық психологияға терең енбей-ақ көрсетіледі). Сондай-ақ ол өте ыңғайлы техникалар мен жаттығуларды ұсынады. Олардың барлығы да жұмыс істейді, дегенмен кейде үйреншікті емес көрінеді.
Мужицкая жұртшылықтың алдында жиі сөз сөйлейді, психолог үшін үйреншікті емес Instagram желісіндегі аккаунтты жүргізіп келеді, мәселен, біртүрлі карталардағы бал ашу. Бірнеше сөз сөйлегенін тыңдап көріңізші – солардың өзінен-ақ Татьянаның не туралы жазатындығын түсінетіні білініп тұрады.
Ольга Примаченко «Өзіңе деген нәзіктікпен. Өзіңді бағалау мен күту турасындағы кітап»
Негізінен ханымдар арасында ерекше махаббатқа ие тағы да бір жазушы әйел – Ольга Примаченко. Оның «Өзіңе деген нәзіктікпен» деген хит кітабының жақсы сатылатыны соншалық, тіпті, оған қосымша ретінде «Тыныштық нүктесінде» атты воркбук та жарық көрген: оны өзіңізге ыңғайлы уақытта толтырып отыруға болады, сұрақтарға жауап беріп – тек жалғыз өзіңе ғана жарасатын жауаптарды табуға болады. Кейінірек Ольга Примаченко тағы да бір, содан кейін тағы да бір кітабын басып шығарады. Егер біреуі ұнаса, әрдайым автордың артынан махаббат, бейбітшілік және өзіңе деген анағұрлым сабырлы көзқарасқа апаратын өмір туралы пайымдау жолымен рахаттанып еріп жүруге бола береді.
Екатерина Сигитова «Бақыт рецепті»
Өзіңе деген махаббаттың рецептісі, Екатерина Сигитованың пікірінше, өзіңді қабылдауда жатыр. Күніне үш рет. Егер неден бастау керек және қай тапсырмадан бастау қажеттігі түсініксіз болса, онда автор және оның таныстарының өмірінен алынған мысалдарды оқи отырып, оларды өзіңізге шақтап көрсеңіз әбден болады. Мұнда да жаттығулар қамтылған, әрі олар қарапайым және тиімді болып келеді. Бұл жерде автордың өзі емделуші ретінде болған жағдай суреттеледі, әрі дәлірек айтатын болсақ: сирек кездесетін ауру, ихтиозға шалдыққан. Мұндай дертке шалдыққан адамдардың терісі өте жұқа келеді, мүлдем майы жоқ және ұсақ қабыршақтармен жабылған. Ихтиоз емделмейді, әрі ол көзге қатты түседі. Екатерина өзін қабылдай алды және жақсы көруді үйренді, ол үшін қоғамның қабылдамауынан да өтуге тура келді – соның ішінде жиіркеніштік, үнемі кездесетін сұралмаған кеңестер, дос болудан бас тарту. Медициналық институтта ол психиатрия саласында мамандануды таңдайды, осылайша ол емделушілермен тікелей байланыста болмай-ақ емдеу шараларын жүргізе алады, дегенмен кейінірек психотерапевт мамандығына қайта даярланады. Өзі де мамандардың консультацияларын алған болатын. Әрі кейіннен кітап жазады, әрі бір емес, бірнешеуін шығарады.
Михаил Лабковский «Қалаймын және боламын! Өзіңді түсіну, өмірді жақсы көру және бақытты болу»
Бұрыннан және баршамызға жақсы таныс психолог Михаил Лабковский кезінде «Қалаймын және боламын» атты хит еңбегімен кеңінен танымалдылыққа ие болған. Оның жалпы ер адамдарға лайық әдіс-тәсілі: мен солай болғанын қалаймын, менің қалайтыным маңызды нәрсе. Автордың әдістемесі алты қадамнан тұрады. «Бастапқы материалға» – кітапты сатып алған оқырманға – қарым-қатынасы келесідей: «Қыңқылдайсың ба? Ойланасың ба?.. Қыңқылдама! Тек өзің қалаған нәрселеріңді жаса. Сонда жақсы боласың». Лабковскийдің айтуынша, алты негізгі қағидатты үш бағытта қолдануға болады, бұл: балалар, қарым-қатынастар, тұлға.
Бұл кітап, тіпті, өзіңе деген махаббат туралы емес, бұл өзіңді, өз қалауларың мен қажеттіліктеріңді тыңдай білуді бастау жайында болып отыр. Оның негізі – өзіңе қандай да бір нәрсені қалап отыруға рұқсат беру, ал бұл өзіңді қабылдау жолындағы алғашқы қадам болып есептеледі.
Джордан Рид «Мазасыз адамға арналған үлкен кітап. Жүйкесі тозғандар үшін жаттығулар»
Мазасыздар, мазасызданасыздар ма? Мазасызданбаңдар! Аса сезімтал адамдарға өмір сүру көбінесе қиынға соғады: кез келген оқиға немесе, тіпті, оның болмауы – стресс. Бастықпен әңгімелесу, алдағы емтихан, сауық кешіне жасалған сәтсіз макияж, әлдебіреудің қателікке нұсқағаны – міне, іштегі сезімтал тепе-теңдік бұзылды да болды. Барлық жерге сынықтар қадалған, соның ішінде өзін-өзі бағалау сезіміне де тиіп кетті. Өзіңді өзгертуге болмайды, дегенмен толқытатын жағдайларда өзіңді жараламаудың әдіс-тәсілдерін үйренуге болады. «Үлкен кітап» – көбінесе әзіл-оспақ арқылы берілген жаттығулар, кейде мынадай түрлері де кездеседі: «өз қорқынышыңызды асыра көрсетіңіз» немесе «бастығыңызға мұрт салып беріңіз». Тыныштану үшін қолыңызда бірнеше құрал болса, өзіңе сенімді бола түсесің. Сонда өзіңді қабылдау мен махаббатқа қарай қадам басасың.
«Басыңдағы хайуанаттар бағы»
Кітапты 25 тәжірибеші психолог жазған болатын. Аудиоформаттағы түрі аса қызықты болып келеді: авторлардың барлығы дерлік өздері жазған бөліктерін дыбыстап шықты. Кітап – синдромдар туралы, соның ішінде: жалған атақты, ханзада, күлшеқыз және басқа да ертегілік жануарлар, әрі олар басымызда нағыз хайуанаттар бағына жиналған іспетті. Мұндағы әрекет ету қағидаты қарапайым: тараудың сипаттауын оқи отырып, өзіңді және белгілеріңді танысаң, тақырыпқа шомып бастайсың. Сонымен бірге бұл көрініске жанынан да қарауға болады, яғни, әрбір автор шынайы мысалдарды келтіріп өтеді. Содан кейін мұнымен не істеу керектігі туралы кеңесімен бөліседі.
Гемин Суним «Жетілмегендікке деген махаббат: өзіңді және өзгелерді бар кемшіліктерімен қабылдау»
Дзен-буддистке кім сенбейді дейсіз? Кейде өте агрессивті кеңес берушілер кездеседі – бұл шамамен залдағы жаттықтырушылар секілді: біреусі мақтап жатады, ал басқасы айқалап жаттықтырады. Ал Гемин Суним алғашқыларынан болып отыр. Ол өз хикаясымен бөліседі: өзі әрқашан тілалғыш және жақсы бала болған екен. Содан кейін ол өте жақсы және жуас адам болып өседі, әрі баршаға да көмектесіп жүреді. Кейін ол мынадай сөзді естіп қалады: «Ең алдымен өзің үшін жақсы адам бол, ал содан кейін барып өзгелер үшін». Сонда біраз ойға шомып, нәтижесінде өз кемшіліктеріңді қабылдаудың жолы, осы әлемнің жетілмегендігіне көну мен өзіңді жақсы көрудің амалы туралы кітапты жазып шығады.
***
Көптеген кітаптар, ғаламтор мен әлеуметтік желілердегі психологтардың сан алуан кеңестеріне қарамастан, бәрібір сұрақтар көп болатыны сөзсіз, ең маңызды адам – өз-өзіңізге «кілтті табу» қиынның қиыны болуы бек мүмкін. Егер сіз осы бір жолда кідіріп қалғаныңызды сезінсеңіз, дұрыс бағытты нұсқайтын жақсы маманның көмегіне жүгінуге әбден болады.