Қатынастарды сыйластықпен және күйзеліссіз аяқтаудың жолы: сауатты айырылысу

Сауатты айырылысу: қатынастарды сыйластықпен және күйзеліссіз аяқтау

Қазір айырылысу бойынша базалық база болмақ. Бәлкім, кейбір нәрселер айқын болып көрінетін де шығар. Олай болса, сіз – айырылысудан шетін жағдайлардың шеберісіз. Егер олай болмаса, онда саналы қоштасу әлеміне қол келдіңіз!

Айырылысатын кездің келгенін қалай түсінуге болады

  • Сіз бақытсызсыз. Егер мағынасыздық сезімі әлдеқашан қалыпты нәрсеге айналса, ал қуаныш сирек сәттерде ғана пайда болса, демек бұл белгі.
  • Сіз ұнамсыз жайттарға шыдап келесіз. Жаныңызға бататын түйткіл болса, сізді естімесе, сізге жанды жеріңізге тиетін нәрселер туралы әрдайым түсіндіріп отыру қажет, ал жұбыңыз тек ашуланады да, мүлдем ешнәрсені елемейді.
  • Сіз өзіңізге ұқсамайсыз. Ымыра – бұл бір жайт, ал тек өзгенің үмітін ақтаумен әлек болу – бір басқа. Егер сіз қарым-қатынастарда бірте-бірте өзіңіздің қалауларыңыз, әдеттеріңіз, достарыңыздан бас тартсаңыз, онда бұл нағыз қауіп белгісі.
  • Сенімнің жойылуы. Қатынастарды қалпына келтіруге тырысуға әбден болады, алайда егер ішіңізден шарасыздықты сезініп жүрсеңіз, демек ақиқатты мойындау қажет.
  • Дағдыға айналғандықтан біргесіз. Араңызда ұшқын жоқ, алайда кетіп қалу қорқынышты.

Сөйлесу үшін қолайлы орын мен уақытты таңдаудың жолы

Сауатты айырылысу: қатынастарды сыйластықпен және күйзеліссіз аяқтау Сауатты айырылысу: қатынастарды сыйластықпен және күйзеліссіз аяқтауӘңгімені қалай құру керек: айыптаусыз адалдық

Қайда және қашан сөйлескен дұрыс

  • Маңызды: жеке кездесу, тыныш орта.
  • Маңызды емес: «мінсіз сәтті» күту – мұндай сәт болмайды.

Сауатты айырылысу: қатынастарды сыйластықпен және күйзеліссіз аяқтау

Тура, дегенмен жұмсақ түрде айтудың жолы?

  • «Мен бұл туралы ұзақ уақыт ойландым және айырылысқанымыз дұрыс болатынын түсіндім
  • «Маған арамызда… (не нәрсенің жетіспегенін сабырлықпен түсінідіріңіз) болғаны маңызды».
  • «Мен екеумізді де бақытты етпейтін қарым-қатынастарда уақытты босқа жоғалтқанымызды қаламаймын».

Сауатты айырылысу: қатынастарды сыйластықпен және күйзеліссіз аяқтау

Айырылысқан кезде сыйластық пен эмоционалды тепе-теңдікті сақтап қалудың амалы

  • Эмоциялар кезінде әрекет жасамаңыз. Ашулана отырып, жазбаңыз, қызулықпен нөмірлерді бұғаттамаңыз, адамды әп сәтте «өшіріп тастамаңыз».
  • Сөзіңізге ие болыңыз. Айырылысу – бұл соңғы соққыны жасауды талап ететін шайқас емес.
  • Әңгімені созбаңыз. Ақталу мен түсіндіру неғұрлым көп болса, айырылысу да соғұрлым қиынға соқпақ. Кейде қысқа да нұсқа айтқан әлдеқайда жақсырақ.
  • Жұбыңыз «уытты» болса, ең ақырына дейін сөйлесудің қажеті жоқ. Бұл жағдайда жай ғана кетіп қалған жөн.

Қиын әңгіме алдында саябырланудың жолы

  • Терең тыныс алып, 4-ке дейін санаңыз, іркіліс жасап, 2-ге дейін санаңыз, 6-ға дейін деміңізді баяу шығарыңыз. 3-5 рет қайталаңыз.
  •  «Қорапты тыныс алу» техникасы: 4 секунд демді ішке тарту – 4 іркіліс – 4 дем шығару – 4 қайтадан тыныс алудағы іркіліс.
  • Егер бойыңызды үрей билесе, көңіліңізді ойларыңыздан денеге ауыстырыңыз: киімнің теріңізге жанасқанын сезініңіз, айналадағы дыбыстарды тыңдаңыз, алдыңызда нені көріп тұрғаныңызға зер салыңыз.

Айырылысқаннан кейін не істеу керек: тынығып алыңыз

Алғашқы күндерді бастан өткеру

  • Өткенді дәріптемеңіз. Неліктен қатынастар жүзеге аспағанын жазып алыңыз, жабырқаған сәтте жазғаныңызды қайта-қайта оқыңыз.
  • Әлеуметтік желідегі байланысты шектеңіз. Бұрыңғы қыз/жігітіңіздің парақшасын қадағалап отырудың қажеті жоқ.
  • «Кездейсоқ» хабарламаларды жазбаңыз. Егер «оның жағдайы қалай екенін» тексергіңіз келсе, демек сіз әлі жаңа күйге үйренбеген боларсыз.

Мағынасыздықты немен толтыруға болады

  • Жаңа ермек істер. Кейінге қалдырып жүрген нәрселердің барлығы: би, кітаптар, хоббихорсинг – ойларыңызды басқа арнаға бұру үшін кез келген нәрсе жарамды.
  • Достар мен жаңа таныстықтар. Тұйықталып қалмаңыз, бір нәрсеге қадалмаңыз.
  • Өзіңізге көңіл бөліңіз. Осы қатынастарға дейін қандай тілектеріңіз бен мақсаттарыңыздың болғанын есіңізге түсіріңіз. Енді өзіңізге арнайтын уақытыңыз жеткілікті болмақ.

Қорытынды

Қарым-қатынастардан кейінгі өмір – бұл шарасыздық емес, бұл оны қандай да бір жаңашылдықтармен толтыру мүмкіндігі. Бар гәп сіздің әрі қарай қозғалуға дайындығыңызда немесе өткенге қадалып қалатыныңызда жатыр.

Как вы оцените статью?
[Total: 1 Average: 5]

Оставить комментарий


The reCAPTCHA verification period has expired. Please reload the page.