Екіжақты келісім бойынша жыныстық қатынас: келісудің жасы және оның маңыздылығы - Лайқос

Келісім дәуіріндегі жыныстық қатынас: «жоқ», демек «жоқ»

Әйелдерді «ер адамның сезімдеріне» қамқорлық танытуға үйрететін және барлық мәжбүрлеуге келісетін заман өтті. Жыныстық қатынасқа келісім беру және оған рұқсат сұрау – бұл жеке шекараларыңды белгілеу және басқа адамның шекаларын құрметтеу дегенді білдіреді. Бүгінде адамның өзгені жыныстық қатынасқа мәжбүрлеуіне жол берілмейді. Уролог-андролог Бибігүл Исмағұлова неліктен серіктесіңнің келісімі маңызды, секс кезінде сақтанудың қажеті не және гендерлік таптаурындардың ерлер мен әйелдерге қалай теріс әсер ететінін әңгімелеп береді. 

Келісім беру мәдениеті шекаралар, сезімдер мен таңдау барлық тараптармен құрметтелген кезде қауіпсіздікті қамтамасыз ету, өзара сүйіспеншілік және жаныстық қатынастан ләззат алудың маңызды бөлігі болып келеді. Келісу әрбір адамның денсаулығы үшін – физикалық, әрі психикалық денсаулығында аса зор рөлге ие, сонымен бірге сексуалдық денсаулықтың маңызды бөлігі болып отыр. Келісімсіз адамның психикалық хал-күйі айтарлықтай зардап шегуі әбден мүмкін.

Әрбір адам жыныстық қарым-қатынастарға түскенге дейін және оның барысында келісімді сұрау мен оны нақты алуға міндетті екенін түсінген маңызды. Бұл кез келген жыныс пен сексуалды бағдарлыққа жататын адамдарға қатысты айтылады. Келісу түрлеріне тоқталып өтейік.

Келісу дегеніміз не?

Екіжақты келісім бойынша секс – бұл жыныстық белсенділікке (соның ішінде оралды секс, жыныс мүшелеріне жанасу, және де қынаптық әрі аналдық жыныстық қатынас) қатысуға деген келісім мен дайындық. Келісім беру ақпараттандырылған, ерікті және қайтарып алуға болатындай келеді. Есіңізде болсын: келісімсіз кез келген жыныстық белсенділік жыныстық зорлық-зомбылық болып саналады.

Ақпараттандырылған келісім. Бұл сіздің келісім беру жасына толғаныңызды және келісімді беруге мүмкіндік беретін жағдайға жеткеніңізді, әрі келісімнің неге берілетінін түсінетініңізді білдіреді. Кейбір елдерде 16 жасқа дейін екжақты келісім бойынша жыныстық қатынастарға түсу заңсыз болып келеді. Егер сіз немесе қасыңыздағы адам алкоголь, не болмаса есірткілік құралдардан мас күйде болса, ақпараттандырылған келісімді есепке алуға болмайды.

Ерікті келісім. Бұл жыныстық қатынасқа түсуге деген ұмтылыстың ерікті және позитивті көрінісі. Егер бәрі де өз еркімен болса, демек тараптардың ешқайсысын да қорқыту, күш көрсету, манипуляциялар жасау немесе қоқан-лоқы таныту арқылы мәжбүрлеуге болмайтынын білдіреді. Егер тараптардың бірі үндемесе, демек келісім жоқ. Үндемеу келісудің БЕЛГІСІ ЕМЕС.

Келісімді кері қайтарып алу. Бұл дегеніміз келісімді кез келген уақытта кері қайтарып алу және жыныстық актінің дереу тоқтатылуы керектігін білдіреді. Егер, тіпті, сіз келісіміңізді бір рет берген болсаңыз да, бұл сіздің болашақтағы жыныстық қатынастардың барлығына немесе басқа жыныстық әрекеттерге келісетініңізді білдірмейді.

ЖЖБИ жайлы да ұмытпаған жөн

Жыныстық жолмен берілетін инфекциялар (ЖЖБИ) – бұл бір адамнан екінші адамға негізінен қорғалмаған жыныстық қатынас кезінде берілетін аурулар. Ең кеңінен таралған инфекциялар – гонорея, трихомониаз, хламидиоз, мерез, герпес, АПВ, гепатиттер, АИТВ. ДДСҰ мәліметтеріне сүйенсек, Жер бетіндегі әрбір алтыншы адам жыныстық жолмен берілетін қандай да бір аурудан зардап шегеді екен. 2022 жыдың бірінші жартыжылдығында 2021 жылдың осы кезеңіне қарағанда Қазақстанда негізгі ЖЖБИ (мерез, гонорея, хламидиоз, трихомониаз) сырқаттанушылығы бойынша көрсеткіштерінің өсімі байқалған. Ауру-сырқаулықтың қарқынды көрсеткіші – 2021 жылдың алғашқы жартыжылдығындағы 100 мың халыққа шаққанда 29,0 көрсеткішімен салыстырғанда 2022 жылдың нақ осы аралығында 30,3 жеткен болатын. Көп болмаса да, дегенмен өсім бар. Яғни, жылдан жылға ЖЖБИ инфекцияларына тап болатындар саны артып келеді. Қазіргі заманғы әлем өзіңді-өзің сақтау шарттарын күшпен таңып отырған заман іспетті, алайда «жыныстық тәртіп» бұрынғыдай зардап шегуін жалғастырып келеді. Осыдан шығатын қорытынды: ешқашан қорғанысты елемеуге болмайды, әрдайым сақтану керек.

Гендерлік таптаурындар

Заманауи әлемде гендерлік таптаурындар жайында әңгімелеу нағыз сәнге айналып отыр, әрі олар ерлерге белсенділік, көшбасшылыққа деген ұмтылыс, авторитарлық пен тәуекелге бару, агрессивтілік және ұтымдылық секілді қасиеттерді үстемелейді, сонымен бірге ер адамдардың тарапынан әлсіздік пен эмоционалдылықты танытуды айыптайды. Осыныың барлығы бір-бірімен қалай байланысты? Секс – керемет нәрсе, әрі оның осы қалпында қалуы үшін қарапайым ережелерді сақтап отыру ғана жеткілікті. Серіктесіңізге инфекцияларының жоқтығы туралы медициналық анықтаманы (яғни, жыныстық қатынас алдында ЖЖБИ жұқпаларына анализ тапсыру) көрсету немесе анықтаманы одан сұраудан қорқудың және ұялудың қажеті жоқ. Осылайша сіз өз ниетіңіздің салмақтылығын танытасыз.

Әйелдер – көбінесе ер адамдардың мәжбүрлеуге бейімділігі салдарынан бар ыждағатын салуы нәтижесінде – ерлердің сезімдеріне қамқорлық танытуға дағдыланған. Қоғам әйелді ер адамның аман-саулығы үшін ғана емес, сонымен бірге оның көңіл-күйсіз болғаны үшін де, қатігездік көрсеткені үшін де жауапкершілікті өз мойнына артуға дайындайды.

Дегенмен, қайталап айтамын, жыныстық қатынас тек екі серіктестің адекватты жағдайдағы келісімі негізінде ғана болуы тиіс. Бұл ерлерге де, әйелдерге де айтылған үндеу. Жаңалықтардан, әлеуметтік желілерден, сондай-ақ жай ғана таныстарымыздан келесідей жайттарды жиі естіп отырамыз: қыз алкогольді көп ішіп қойды да, ал жігіт, кейде, тіпті, бір топ жігіт бұл жағдайды пайдаланып қалды. Мұндай жағдаяттарға жол берілмеу керек.

Дәрігер-андролог ретінде ер адамдар бойынша айтпай өте алмаймын. Мен мына бір нәрсені айтқым келеді: қымбатты ерлер, гендерлік таптаурындарға ермеңіздер! Зерттеулер көрсетіп отырғандай, ер адамдар туралы гендерлік таптаурындар және айналадағы адамдар мен қоғамның нормативті қысымы ерлерден сол таптаурындарды жүзеге асыруға талап ете отырып, ерлерге ғана емес, әйелдерге де нұқсан келтіріп келеді. Атап айтқанда, гендерлік таптаурындар ер адамдарды тәуекелді мінез-құлық көрсету мен әйелдерге қатысты қылмыстарды жасауға қатысты болуға септігін тигізеді. Күш көрсетуді қажет етпейтін жерлерде күш көрсетпеңіздер.

Келісім жасы

Адамның басқа тұлғамен жыныстық қатынасқа түсуге ақпараттандырылған келісімді беруге қабілетті деп саналатын келісім жасының бар екенін естен шығармаған абзал. Қазақстандық заңнамада бұл кәмелетке толмағандар – 18 жасқа дейінгі тұлғалар болып саналады. Қылмыстық заң бойынша 16 жасқа жетпеген тұлғамен, тіпті, оның келісімі болған жағдайда да, жыныстық қатынасқа түсуге тыйым салынған. Қазақстанда кәмелет жасқа толмағандардың жыныстық тиіспеушілігін бұзғаны үшін, сонымен бірге оларға қатысты кез келген азғындық әрекеттер үшін қылмыстық жауапкершілік көзделген.

Как вы оцените статью?
[Total: 0 Average: 0]