Жасөспірімдерге жыныстық білім беру: неге маңызды және қалай бастау керек

Ересектерге ғана арналмаған

Секс туралы ашық, уақтылы және анық сөйлесу не себепті маңызды?

Көп адам көзін жұмып, жасөспірімдер секспен айналыспайды дегенге сенгісі келеді. Бозбала-бойжеткен гонореямен ауырады дегенді тіпті де атай көрмеңіз. Бізбұл мәселеден басты алып қашуды неге қою керектігі, жасөспірімге қашан мүшеқап беріп, қауіпсіз секс туралы ұялмай қалай сөйлесуге болатындығы жайлы UyatEmes.kz порталының және Aspan chat-bot-тың негізін қалаушы Қарлығаш Қабатовамен әңгімелесті.


Қазақстанда жыныс сауатына қатысты тақырыптар кемінде жабық қалады. Көп дүние ашық талқыланатын XXI ғасырдың келгеніне, жыныс сауаты маңызды бөлігі саналатын зиянды азайту концепциясы мемлекеттік деңгейде күшейіп келе жатқанына қарамастан, секстің тіпті он бес жасар азаматтар үшін қалыпты іс екенін қабылдау біздің қоғам үшін басты проблемаға айналып отыр. Басты қауіп – аталған тақырыптағы сауатсыздық. «Бұл туралы» отбасыда балалармен, жасөспірімдермен әңгімелесу «әлі ерте ғоймен» бітеді, ал «уақыты келді ғой» деп ата-ана жинала бастағанда кеш болып шығады. Көп жағдайда секс туралы сұрақ қойған жасөспірімдер ұрыс естиді, үлкендер ұялтып тастайды.

 

«Қазақстан мектептерінде жыныс сауатына қатысты жүйелік жоқ. Бәрі гинеколог дәрігерлердің немесе әйелдерге арналған гигиеналық өнім сататындардың ара-тұра кездесу өткізуімен шектеледі. Және мұндай «дәрістерге» тек қыздарды шақырады. Сірә, ұлдар онсыз да бәрін біледі деген түсінік қалыптасса керек. Алайда қыздардың өзін тек аборттың салдарымен, неше түрлі аурумен қорқытумен шектеледі. Аталған сабақтарда контрацепция туралы мүлдем сөз қозғалмайды. Яғни қандай да бір мәселенің алдын алу емес, тек қорқытып-үркіту ғана бар», – дейді Қарлығаш.

НЕ ТУРАЛЫ АЙТУ КЕРЕК?

Дұрыс жыныс сауаты жайлы сөз қозғасақ, бұл бағытта жоспарлы және кезең-кезеңімен атқарылатын жұмыс болуға тиіс. Бастауыш сыныптан бастап ақпарат беріліп, біртіндеп ұлғайып, тереңдей беруі керек. Барлық тақырып қощғалып, контрацепцияның түрлі әдісі жайлы айтылуы қажет. Жыныс жолдарымен берілетін аурулар, ата-ана жауапкершілігі және бірінші кезекте жыныс тұрғысынан өсіп-жетілу мәселелері талқылануы шарт. Соңғы тақырып бала ер жетіп, бой жетіп кетпей тұрып көтерілгені жөн. Сонда ол орынсыз ұят тудырмайды, қажет болған жағдайда жасөспірім маманға барып, сұрағын қысылмай қоя алатын болады.

 

ПОРНО АҚПАРАТТЫҢ ЖАЛҒЫЗ КӨЗІНЕ АЙНАЛҒАНДА

Ақпаратты дұрыс бермеу немесе оны мүлдем жасыру (осы бізде жиі кездеседі) жасөспірімдердің порнографияны секс туралы жалғыз әрі дұрыс нұсқаулық деп санай бастауына алып келеді. Шын мәнінде зорлық-зомбылық пен қауіпсіз секс жайлы қате көзқарас қалыптастыратын дүние – порнография. Бұдан бөлек аталған тәжірибе өмірде кездеспейтін оқиғаларды күту және алуан түрлі комплекс қалыптастыруы мүмкін.

 

Тағы бір нұсқа – «досымның айтып бергені». Мұның салдарынан жасөспірімдер арасында неше түрлі алып-қашпа аңызға бергісіз әңгімелер пайда болады. Мысалы, алғашқы жыныс қатынасы кезінде немесе суда бала көтеріп қалуға болмайды деген пікір бар. Әрине, олай емес. Одан қалса, мұндай өзара коммуникацияда жыныс жолымен берілетін ауру туралы мүлдем айтылмайды деуге болады.

 

УАҚЫТ КЕЛДІ

UyatEmes баламен бұл тақырып жайлы ол сұрақ қоя бастағанда әңгімелесуге болады деп кеңес ұсынады. Әдетте бес жасар бала қалай туғаны жайлы айтып беруді өтінеді. Ең бастысы, «аһ дегенде аузымнан түсіп қалдың» немесе «интернеттен тапсырыс бере салдық» деп алдамай, шынын айту керек. Әрине, бастан-аяқ сипаттаудың қажеті жоқ, кішкентай балаға ол қызық та емес.

 

НЕНІ ҰМЫТПАУ КЕРЕК?

Шын нәрсені. Қызықтырған барлық сұрағына жауап алсын. Барынша түсінікті және қарапайым сөзбен. Бала ата-ананың өзін түсініп тұрғанын және көтерілген мәселенің тек ол үшін емес, әке-шешесіне де маңызды екенін, жауаптың міндетті түрде болатынын сезінуге тиіс.

 

Секс туралы әңгіме бір рет айтылып қоя салынбайды. Тұрақты түрде неше түрлі тақырып, яғни қарым-қатынас, контрацепция, ата-ана жауапкершілігі және басқа мәселелер көтеріліп отырғаны жөн.

 

Және дұырс сәтте таңдай білу маңызды. Мәселен, «кел, отыр, сенімен сөйлесетін маңызды әңгіме бар» деу жарамайды. Бұдан бала да, ата-ана да қысылады. Әңгіме сөз арасында,

 

НЕ ІСТЕУГЕ БОЛМАЙДЫ?

«Мысалы, біздің фокус-топқа қатысқан бір адам секілді күліп жіберіп, әжуалап, саған бұл жайлы білу әлі ертең деп жауап қайтаруға болмайды. Мүлдем дұрыс емес. Біріншіден, бала маңызды сұрақпен келіп тұр, ал анасы мазаққа айналдырды, яғни баласының ісін, жалпы жағдайды құнсыздандырды. Екіншіден, бала шын жауапты білуі мүмкін, ол тек сол ақпаратты растау үшін келді, бірақ беті қайтып келді. Басқа маңызды мәселелер бойынша ол анасына орала ма, қалай ойлайсыз?», – дейді Қарлығаш.

 

Тағы бір маңызды жайт: қандай да бір сұрақтың жауабын білмеуіңіз – қалыпты дүние. Адам бар нәрседен хабардар емес. Тек бұл жағдайда ойдан әлдене шығарудың қажеті жоқ. «Білмеймін» деп ашығын айтыңыз және тақырып жайлы кейінірек сөйлесуді не жауапты бірге іздеуді, яки маманнан сұрауды ұсыныңыз.

 

РЕТІ КЕЛМЕСЕ ШЕ?

Ата-ана секс туралы мүлдем сөйлесе алмаса, жыныс сауаты тақырыбында қысылатыны сонша, бір ауыз сөз айта алмаса, онда ең абзалы – ештеңе істемеу. Әйтпеген жағдайда бала да қиналады, ата-ана да азапқа түседі – ешкімге пайда жоқ. Дұрысы – балаға энциклопедия сыйлау немесе тексерілген ақпарат ұсынатын ресурс сілтемесін бөлісу. Ашық әңгімелесу көп жағдайда отбасыдағы жағдайға тәуелді.

 

«Балаңыз сізге сенсе, бұл тақырыпта өз бетіңізше әңгімелесу қиын болмайды. Басқа жағдайда маманның көмегін алған жөн», – деп санайды Қарлығаш.

 

Ең бастысы, секс сауаты тақырыбы – жөнсіз, бетімен жіберіп қоюға болмайтын тақырып екенін естен шығармаңыз. Жасөспірім өз бетінше жыныс сауаты қалай болатынын білуі мүмкін. Алайда үйлесімге толы қарым-қатынас орнату, контрацепция, жыныс жолдарымен берілетін ауру, ата-ана жауапкершілігі секілді тақырыптар міндетті түрде көтерілуге тиіс. Сонда ол болашағын дұрыс құрып, күтпеген «жаңалықпен» сізге салмақ салмайтын болады.

 

 

Аударған Димаш Зиядин

 

Как вы оцените статью?
[Total: 0 Average: 0]