Суицидтік мінез-құлық: қалай айырып тануға, не істеуге және қалайша көмектесуге болады
Жыл сайын 800 мың адам өз-өзіне қол жұмсайды. Бұл дегеніміз шамамен әрбір 40 секунд сайын бір адам өз еркімен өмірден кетеді. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы көрсетіп отырғандай: суицид – 15 пен 29 жас аралығындағы адамдар арасындағы өлім-жітімнің ең көп таралған үшінші себебі болып келеді.
Адамның өз-өзіне қол салуға ниетті екендігін қалай түсінуге болады? Бұл тұста дұрыс әрекет етудің амалы қандай және неліктен қауіп тудыратын белгілерге уақытында көңіл аударған маңызды? Осы жайттар туралы Лайқосқа дәрігер-психиатр, нарколог, психотерапевт, 10 жылдан астам еңбек өтілі бар КМП еуропалық қауымдастығының мүшесі Ольга Дубынина айтып берді.
Суицидтік мінез-құлықтың негізгі симптомдары мен белгілері
Вербалды белгілер
Суицидтік ойларға бейім келетін адам өлім жайында, өмірден кету немесе әрі қарай өмір сүргісі келмейтіні турасында кездейсоқ немесе әдейі айтып отыруы мүмкін, дегенмен барлығы бірдей өздерін осылайша таныта бермейді.
Эмоционалдық және мінез-құлықтық белгілер
Суицидтік қауіп бар жағдай кенет пайда болмайды — көбінесе ол бірте-бірте дамиды және дер кезінде байқалғаны маңызды көптеген белгілермен бірге жүреді.
Апатия және айналадағы оқиғаларға қызығушылықтың жоғалуы
Адам осыған дейін өзін қуантқан, шабыт сыйлаған барлық нәрселерге немқұрайлықпен қарай бастайды. Хобби, достармен кездесулер, жұмыс немесе оқу өз мәнінен айырылады. Бұл көбіне-көп кез келген күш салу талпыныстары да мағынасын жоғалтқандай сезіммен қатар жүреді.
Өзін-өзі сөгу және кінәлік сезім
Нақты немесе ойдан шығарылған қателіктер үшін өзін-өзі сынға алу және ұдайы өзін кінәлауға деген бейімділік — үрей тудыратын белгілердің бірі. Адам “шамасының келмейтіні”, “өзінің керек еместігі” немесе “бәрін де тек бүлдіретіні” туралы айтуы мүмкін. Бұл тұста адам депрессияға ұшыраса, осы сезім одан бетер күшейе түседі.
Толық күдер үзгендік
Адам өмірінің өз мағынасын жоғалтқан іспетті сезімді бастан кешіруі мүмкін, ал болашақ қараңғы және дәмсіз көрінуі ықтимал. “Ешнәрсенің де өзгермейтініне” деген сенімділік “қиын жағдайдан жол тауып шығуға болмайды” сөздерімен қатар жүреді. Бұл жағдай ерекше қауіпті болып келеді, өйткені ол “үзілді-кесілді шешім” табуға ұмтылысты күшейтеді.
Ойлау мен моториканың баяулауы
Адам анағұрлым жайырақ сөйлей бастайды, ол үшін өз ойын тұжырымдау қиынға соғады. Қимыл-қозғалысы да енжар, солғын болады, ал жалпы мінез-құлқының мәнері — селқос болып келеді. Бұл психиканың терең шаршағандығы және әлсіреуімен байланысты болады.
Тұйықтық
Адамның басқаларды ұмытып, кенет өзімен өзі болуы — маңызды белгі, әсіресе, егер оның алдында өмірге деген шағымдары немесе ішкі шиеленістерге байланысты ұзаққа созылған алаңдаушылығы болған жағдайда бұл көңіл қоюды талап ететін жайт. Осы тұста адам, тіпті, жақындарымен де араласудан қашқалақтай бастауы, қоңырау соққанда жауап бермеуі немесе кездесулерден бас тартуы әбден мүмкін.
Жеке заттарды тарату
Өзіне қол жұмсау талпынысының алдында адам осыған дейін өзі үшін қандай да бір маңызы бар заттарды: сыйлықтар, фотосуреттер, кәдесыйларды таратып бастайды. Бұл, әсіресе, өмірдің оңы мен солын танып үлгермеген жасөспірімдерге тән мінез-құлық, осылайша олар қоршаған әлеммен қоштасады екен.
Физикалық өзгерістер
Неліктен адам өмірден кеткісі келеді?
Биологиялық көзқарас тұрғысынан қарайтын болсақ, әрбір адамның бойында қандай да бір күйзелісті жағдайға төтеп берудің өзіндік резерві болады. Алайда жүйке жүйесі анағұрлым әлсіз келетін адамдар үшін стрестік жағдайлар әлдеқайда төзгісіз болып қабылдануы мүмкін, әрі бұл суицидтік ойлар қаупін арттырады. Ал жасөспірімдерде осындай жағдай өзін-өзі басқару мен шешім қабылдау үшін жауап беретін мидың маңдайлық үлесіндегі префронталды қыртыстарының әзірге жеткілікті дәрежеде дамымауына байланысты қиындайды. Олар импульсивтік әрекеттер алдында ерекше әлсіз болып келеді.
Психологиялық тұрғыдан келер болсақ, суицидтік ойлар көбінесе адамның өзінің түкке тұрғысыздығы, көріксіздігі немесе қиындықтарға төтеп бере алмауына деген терең сенімділігі аясында пайда болады. Кез келген стресс, әсіресе жағымсыз оқиғалар бірінен соң бірі болып жатса, осы сенімділікті тек күшейте беретіні хақ, осылайша торығудың тұйық шеңбері құрылады да, бұл тұста өз-өзіне қол салу тығырықтан шығудың жалғыз жолы болып көрінетін іспетті.
Суицидтік мінез-құлық белгілерін байқағанда қалай әрекет ету керек
Қауіп дәрежесіне баға беріңіз
Егер сіз жақын адамыңыздың өз-өзіне зиян келтіруге ниетті екендігін білдіретін белгілерді байқасаңыз, бұл жағдай кәсіби мамандардың араласуын қажет ететінін түсінген маңызды. Сырлы және риясыз әңгіме түйткілді толықтай шешуге көмектесе алады деп ойлау үлкен қателік, әсіресе, суицидтік белгілер айқын дәрежеде көрінген кезде. Мұндай жағдайда сіздің басты міндетіңіз — адамды мүмкіндігінше тезірек психиатр немесе психотерапевт маманының көмегіне жүгінуге көндіру.
Тек медициналық білімі бар маман ғана тәуекелді бағалау, диагноз қою және емдік шараларды тағайындауға құқысы, дағдылары, білімі мен машықтары бар болып саналады. Психолог диагноздарды қоя алмайды және емдеу шараларын тағайындауға құқылы емес, дегенмен оның көмегі дәрігердің қабылдауына барғаннан кейін қосымша құрал ретінде пайдасын тигізуі әбден мүмкін. Терапия дәрі-дәрмекпен немесе психиатриялық емдеуді қамтитын кешенді тәсілдің бір бөлшегіне айнала алады.
Қарым-қатынас жасау бойынша кеңестер
Нені айту керек және неден аулақ болған жөн
Қорытынды
Егер сіз жақын адамыңыздың немесе танысыңыздың осындай ойларға тап болып жүргенін байқасаңыз, оған көмек ұсынудан және қолдау көрсетуден қорықпаңыз. Суицидтік ниет — бұл өте күрделі мәселе, дегенмен дұрыс қолдау таныту, көңіл бөлу, әрі медициналық араласу арқылы адамға қиын сәттерді еңсеруге көмектесуге болады. Белгілерді дер кезінде айырып тану, немқұрайлы қарамау және бұл жағдайды болымсыз нәрсе ретінде санамау аса маңызды болып келеді. Біздің әрқайсысымыз да басқа адамға дағдарысқа қарсы күресу үшін күш-қуат табуға көмектесетін тірек бола алатынымыз хақ.