Токсик адамдармен қалай араласу керек - Лайқос

Токсик адамдармен қалай араласу керек. Заманауи әлемде аман қалу бойынша нұсқаулық

Өміріміздің тұрақты серіктеріне айналған стресс пен қарбаласқа толы қазіргі заманғы әлемде токсик адамдармен араласу қабілеті айырықша маңыздылыққа ие болып отыр. Лайқос уытты адамдарды қалай тануға болатыны мен олардың ықпалын барынша төмендетуге көмектесетін қандай стратегиялардың бар екенін түсіндіреді.

Токсик адамдар – бұл мінез-құлығы мен айналадағыларға деген қарым-қатынасы арқылы өмірімізге негатив пен үйлесімсіздікті әкелетін жандар. Мұндай тұлғалармен араласу көбінесе стресс, эмоционалдық тұрғыдан әлсіреу және құлазушылық сезіміне апарып соқтырады.

Бұл мақала орыс тілінде: Как общаться с токсичными людьми. Пособие по выживанию в современном мире

Неліктен токсик адамдармен араласып білу маңызды

«Токсиктер» өмірдің кез келген саласында пайда болуы мүмкін: бұл бар күш-жігерді ұдайы құнсыздандыратын сыншы әріптесіңіз, не болмаса сіздің әлсіз жақтарыңызды өз мүддесі үшін пайдаланатын манипулятивті досыңыз болуы ықтимал. Олардың теріс ықпалы эмоционалды және психикалық денсаулықты айтарлықтай нашарлатуға қабілетті. Мұндай байланыстардан толықтай құтылуға болмайды, дегенмен қорғануды үйрену өте маңызды болып келеді. Бұл денсаулықты сақтау мен ақылдан жаңылмауға көмектеседі, сонымен бірге эмоционалды интеллект – өзіңіздің және өзгелердің эмоцияларын түсіну және оларды басқару қабілеті секілді дағдыны жетілдіре түседі.

Токсик адамды қалай танып білуге болады

Көбінесе уытты адамның белгілері мынадай болып келеді:

  • Манипуляция: кінәлік сезім, қорқыныш немесе қоқан-лоқы көрсетуді қолдана отырып, өзге адамдарды үнемі бақылау және басқаруға тырысу.
  • Тұрақты түрде сынау: өзін-өзі бағалау деңгейін жоғарылату мақсатында басқалардың күш-жігерін құнсыздандыруға, әрі кемсітуге бейім.
  • Өзімшілдік: мұндай адамдарға тек өзінің ғана амандығы маңызды болып отырады, олар өзге адамдардың сезімдері мен қажеттіліктерін сирек ескереді.
  • Драмаландыру: өзіне назар аударту және жанашырлық сезімін тудыру үшін болмайтын жерден драманы жасап алады.
  • Құбылмалылық: мінез-құлық өте жиі өзгеріп отырады, әрі бұл сол адаммен араласуды айтып білгісіз және тұрақсыз етеді.

Токсик адамдармен араласу несімен қауіпті

Жалпы алғанда токсик адамдармен қарым-қатынас жасау денсаулыққа байланысты түйткілдерге әкеліп соқтыруы ықтимал. Үнемі стресс пен теріс эмоциялар күйзелістің, мазасыздық сезімінің, созылмалы шаршағандықтың дамуына апарады. Сын мен кемсіту ұйқыны, тәбет пен жалпы хал-жайды нашарлатады, сонымен бірге өзін-өзі бағалау деңгейін айтарлықтай төмендетеді. Тіпті, ең саналы адамның өзі негатив пен агрессия «дауылынан» кейін өзіне күмәнданудың себептерін іздеп бастайды. Осындай мінезі бар әріптестер дұрыс жұмыс істеуге кедергі етуі мүмкін, әрі жағымсыз атмосфераны қалыптастырады.

Ең жойқын әсерді отбасы мүшелері мен токсик-серіктестер етуі мүмкін: егер жұмыс пен әріптестерді ауыстыру мүмкіндігі бар болса, өз өмірінде ата-ана немесе жұбайласты мүлдем жоқ деп санау қиынға соғатыны шүбәсіз.

Токсик адамдардан қорғанудың жолы

Біріншіден, шекара қоя білу – сіз үшін қолайсыз нәрселерді нақты айқындап беру керек. Сабырлы болу және араңдатушылыққа берілмеген маңызды. Өзіңіздің сезімдеріңіз бен қажеттіліктеріңізді «мен-мәлімдемелер» жасау арқылы жеткізіңіз, сонда айыптаулардан аулақ боласыз. Егер уытты адам сіздің шекараларыңызды бұзуды жалғастыра берсе, онымен араласуды шектеуге немесе мүлдем тоқтатуға дайын болыңыз. Өзіңіздің айналаңызда сізді қолдайтын және шабыт сыйлайтын адамдардың болғанын таңдаңыз.

Екіншіден, стресс деңгейін төмендету үшін тыныс алу жаттығулары мен медитацияларды меңгеріп алу ешқашан да артық болмасы анық.

Егер сіз пайда болған жағдайға өз бетіңізбен төтеп бере алмай тұрғаныңызды сезінсеңіз, бәлкім, мамандардың көмегіне жүгінетін уақыт келген шығар. Есіңізде болсын: көмек алу – бұл әлсіздіктің белгісі емес, бұл өміріңіздің сапасын жақсартуға деген қадам болып саналады.

Қорытынды

Енді сіз токсик адамдарды тануды және олардың тарапынан болатын сіздің өміріңізге деген теріс әсерін барынша төмендетудің жолын біліп алдыңыз. Тұрақты демалыс, хобби, физикалық белсенділік пен жақын адамдармен бірге өткізілген уақыт стреске қарсы төтеп беруге және позитивті көңіл-күйді сақтауға көмектесетінін есіңізден шығармаңыз. Араласу кезінде шекараны белгілеңіз, араңдатушылықтардан аулақ болыңыз және айналаңызды қолдау көрсететін адамдармен қоршауға тырысыңыз. Өзіңіздің эмоционалды денсаулығыңызды қорғаңыз және токсик адамдарға өміріңізді уландыруға жол бермеңіз. Есіңізде болсын: сіздің бақытыңыз бен амандығыңыз бірінші дәрежелі маңызға ие.

Как вы оцените статью?
[Total: 0 Average: 0]