
Не айтарыңды білмегенде жақыныңды жұбатудың жолы
Біз жақын адамның қиындыққа ұшырағанда жиі абыржып қалатынымыз рас. Сөздің бәрі көмейіңе тығылып, ішіңде бір ғана ой болады: «Орынсыз нәрсе айтып қойсам ше?» Міне, осы тұста біз дағдылы болып кеткен сөздерді айтамыз, не болмаса үнсіз қаламыз, не болмаса өзгенің қайғысын «емдеп» бастаймыз, алайда адам шешім табуды емес, қасында болуын сұраған. Лайқос қалай жұбату керектігін айтып береді.
Неліктен жұбату соншалықты қиын
Бізге мұндайды сирек үйреткен. Бала кезімізде естігеніміз тек: «Жылама», «Ештеңе етпес» пен «Басқалардың күйі бұдан да нашар». Бұл тұста қарапайым идеяны ұғып алатынбыз: қатты эмоциялар ыңғайсыз, әрі оларды доғару керек. Сондықтан біз басқа біреудің жан сыздауына тап болған кезде оны басуға асығамыз – енжар болғандықтан емес, басқа адамның сезімімен бірге өзіміз де мазасыздықты сезінетіндіктен.
Жұбатудың басты ережесі
Жақсы қолдау дәл нені айту керек деген мәселені шешпейді, ол адамның жанында қалай болу керектігін білдіреді. Адамға оны біреу естіп тұрғаны маңызды, әрі ол жалғыз екендігі мен эмоцияларының «дұрыс еместігін» сезінбеуі қажет.
Жұбаныштың негізгі түрлері
Мойындау мен қасында болу
Бұл қолдау танытудың ең сенімді және әмбебап түрі. Сіз жағдайды дұрыстауға тырыспайсыз – сіз адамның сезімдерін мойындайсыз.
Айталатын сөздер:
- «Саған қазір қиын екенін көру мені қатты қынжылтады».
- «Мен қасыңдамын, өзіңе қалай ыңғайлы – ішіңдегіңді айтсаң да, үндемесең де болады».
- «Бұл шынымен де ауыр, қорқынышты, өкінішті».
Қай кезде орынды: әрдайым дерлік. Әсіресе, қатты қиналғанда, жақынынан айырылғанда, дағдарыс кезінде айту.
Сезімдерге рұқсат беру
Адамға өз эмоцияларынан ұялғанды тоқтату маңызды. Сіз келесіні ұғынуына көмектесесіз: оның реакциясы қалыпты жағдай.
Айталатын сөздер:
- «Мұндай жағдайда өзіңді осылайша сезіну – қалыпты нәрсе».
- «Сенің ашулануға, жылауға, абдырап қалуға қақың бар».
- «Дәл қазір мықты болуға міндетті емессің».
Қай кезде орынды: адам өзін эмоциялары үшін кінәлаған жағдайда.
Ақыл айтпай қолдау
Бұл жете бағаланбаған, алайда маңызды формат. Сіз сұрамаған жерде шешімдерді ұсынбайсыз.
Айталатын сөздер:
- «Мен бұл жерде не айтарымды білмеймін, дегенмен маған жаныңда болу маңызды».
- «Қаласаң, мен жай ғана тыңдап отырайын».
- «Сен сұрамасаң, мен ақыл айтпаймын».
Қай кезде орынды: адам әрекет етуге дайын болмай, тек ауырсыну сезімін бастан кешіріп жатқанда айтыңыз.
Сақ үміт
Сіз қазіргі жайтты құнсыздандырмайсыз, алайда оның мәңгілік еместігін көрсетесіз.
Айталатын сөздер:
- «Қазір шынымен де өте ауыр. Дегенмен уақыт өте келе бұл жағдай өзгереді».
- «Сен дәл қазір шығар жолды білуге міндетті емессің».
- «Біз мұны бірте-бірте шешетін боламыз».
Қай кезде орынды: эмоциялар сәл басылғанда айту.
Практикалық қолдау
Кейде сөз – мүлдем маңызды емес. Қамқорлығыңызды әрекет арқылы танытуға болады.
Айталатын сөздер мен әрекеттер:
- «Қаласаң, сенімен бола тұрайын».
- «Мұны өз мойныма алайыншы».
- «Мен тамақ әкелейін, апара салайын, шаруаларыңмен көмектесейін».
Қай кезде орынды: әбден әлсірегенде, шок, жақынынан айырылған жағдайда.
Жұбатқанда қандай сөздерді айтуға болмайды
- «Бұл жақсылыққа шығар».
- «Басқалардың күйі бұдан да нашар».
- «Сен күштісің, мұны да еңсересің».
- «Жай ғана көнуің керек».
- «Уайымдама».
Егер сіз тіптен абдырап қалсаңыз, адал болғаныңыз абзал: «Мен, шыны керек, қандай сөздерді айту керектігін білмеймін. Бірақ сен маған маңыздысың, әрі мен сенің жаныңдамын».
Қорытынды
Сіз өзгенің мұңын «емдеуге» міндетті емессіз. Егер сіз тыңдай білсеңіз, сезімдерді құнсыздандырмасаңыз және қорытынды жасауға асықтырмасаңыз, демек, осының өзінде талай нәрсе істеп жатырсыз. Қарапайым сөздер, шекараға деген құрмет пен адамның жай-күйіне көңіл бөлу кез келген әмбебап кеңестерден әлдеқайда жақсы көмектесетіні шүбәсіз.