
Өмірді түбегейлі өзгертуге қуат болмаса, денсаулықты қалай күтуге болады
Біз өзімізге деген қамқорлық танытуды кейінге, қолайлы уақытқа шейін жиі қалдырып отырамыз. Алайда іс жүзінде күш-қуаттың әрекетке дейін келуі сирек кездеседі – ол сол әрекеттен кейін әлдеқайда жиірек пайда болады. Күшіңіз болмаса, денсаулықтың қамын ойлау неден бастағаныңыз жөн? Лайқоспен бірге анықтайық.
Тапшылықтардың жоқтығын тексеріңіз
Кей кездері күш-қуат болмауының себебі – жай ғана күйзеліс пен шаршағандықта емес, сонымен бірге физиологиялық тапшылықтарда жатыр. Ұдайы ұйқышылдық, әлсіздік, зейін қоюдың болмауы, «батареяңыздың қуаты біткен» секілді сезім ағзадағы темірдің, D дәруменінің, B12 дәруменінің, магнийдің, фолий қышқылының жетіспеушілігіне немесе қалқанша безі қызметінің бұзылыстарына байланысты болуы бек мүмкін.
ББҚ мен дәрумендерді қабылдау тек дәрігердің бақылауында және керекті анализдерді тапсырғаннан кейін ғана жүргізілуі тиіс. Оларды өз бетімен тағайындау түйткілді шешпей ғана қоймай, сондай-ақ денсаулыққа зиян келтіруі де ықтимал: кейбір дәрумендер мен микроэлементтердің шамадан тыс көптігі ағза үшін қауіпті болып келеді.
Жылдам дофамин кінәлі ме?
Шексіз-шетсіз рилстер, хабарламалар, хат жазысулар, тәтті тағамдар мен импульсивті сатып алу жағдайлары миға жеңіл әрі лездік рахатты береді. Бұл тұста ми осындай тәртіпке тез үйреніп кетеді де, уақыт пен күш салуды талап ететін нәрселердің барлығы – жұмыс, спорт, тіпті, телефонсыз демалудың өзі де – тым күрделі және жалықтыратын болып көріне бастайды. Жылдам стимулдардың жанында олардың бәсекеге түсуге деген мүмкіндігі де қалмайтыны анық. Тез стимулдарды ләззат сыйлайтын анағұрлым тұрақты көздерге алмастырып көріңіз, мәселен: серуендер, қимыл-қозғалыс, музыка, біреумен араласу, кітап оқу.
Тұрмыстық тәртіптен бастаңыз
Біз өзіміздің өмірімізді кенет әрі түбегейлі өзгертуге тырысқанымызда ми осыны негізінен күйзеліс ретінде қабылдайды екен. Оның басты міндеті – тұрақтылықты сақтау және кәдуілгі жағдайды ұстап тұру, сол себептен кез келген күрт өзгерістер ішкі қарсылықты тудыруы әбден мүмкін. Бұл ретте ең тиімді әдіс бұл күн сайын қайталауға оңай болып келетін кішігірім тұрмыстық әдеттерді қолға алу. Дәл осындай қарапайым жоралар адамның психикасына тірек пен қауіпсіздіктің бар екендігін сезінуге көмектеседі: миымыз таныс және болжауға келетін жайттарға тап болған кезде тынышталады. Таңертең бір шыныаяқ кофе ішу, ұйықтар алдында кітаптың 10 парағын оқу, шағын серуен немесе өзіңізге деген кешкі күтім — осы қайталанатын әрекеттер ішкі шиеленісті төмендетеді және бірте-бірте күніңіздің бақылауда деген сезімді қайтарады.
Мінсіз сәтті күтуді доғарыңыз
Өзіңізден орасан зор өзгерістерді талап етуден бұрын өзіңізге мынадай бір сұрақ қойып көріңіз: менің күнімді 5%-ға болса да не нәрсе жеңілдете алады? Кей кездері жай ғана уақытында тамақтанып алғаныңыз, жарты сағат ертерек ұйқыға жатқаныңыз немесе үйдің айналасында қысқа ғана серуенге шыққаныңыз анағұрлым маңыздырақ болуы мүмкін. Бір қарағанда, тіпті, осындай кішігірім әрекеттердің өзі адамның ағзасына да, оның психикасына да әжептәуір пайдасын тигізеді.
Бұл үлкен мақсаттарға да тиесілі айтылған. Қандай да бір тапсырма аса ауқымды болып көрінгенде ми оны көбінесе әлдебір қиын нәрсе ретінде қабылдайды да, оны кейінге қалдырып жатады. Үлкен мақсатты кішкентай, әрі түсінікті қадамдарға бөлу және алдағы бір ғана әрекетке ден қою әлдеқайда тиімдірек болатыны хақ. Сіз белгілі бір әрекетті бастау үшін мінсіз мезетті күтіп жүргеніңізде бірнеше кішкентай мақсаттарды орындап шығуға және бір орыннан едәуір алға жылжуға болар еді.
Қорытынды
Денсаулық – бұл өз пайдаңызға деген күнделікті таңдау. Сіз «қолайлы сәтті» күтумен өмір сүруді тоқтатып, әрі өзіңіздің шынайы қажеттіліктеріңізді байқай бастағаныңызда күш-қуаттың қалпына келуі де табиғи үдеріске айналары айқын.