Геймификация спортта қалай қолданылып жатыр - Лайқос

Геймификация спортты қалай өзгертеді және оны Қазақстанның қай жерінде байқап көруге болады

Геймификация мектептегі информатика сабағынан алынған сөз секілді естіледі. Алайда спортта бұл термин мүлдем басқа мағынаға ие болып тұр: бұл жаттығулардың ойынға айналатын кезі – қадамдар үшін берілетін ұпайлар, ілгерілеу үшін медальдар мен күнделікті орындағыңыз келетін тапсырмалар арқасында. Мұндай әдіс-тәсілден қысым сезілмейді, ол, керісінше, өзіне қарай тартып тұрады: осы тұста мақсатқа жету ғана емес, сондай-ақ сол мақсатқа апарар жолдың өзі де қызықтырады. Лайқос геймификацияның қалай жұмыс істейтіні мен оны Қазақстанның қай жерінде байқап көруге болатынын анықтады.

Спорттағы геймификация: ойын әдісі қалай іске асады

  • Әрекеттер үшін ұпайлар – мәселен, жасалған қадамдар, орындалған немесе аяқталған жаттығулар үшін балл беріледі;
  • Жетістіктер мен марапаттар – медальдар, бейдждер, озықтық үшін виртуалды олжалар немесе атақтар;
  • Деңгейлер мен челлендждер – өсу жүйесі, бұл жерде сіз өзіңізді жаңадан бастаушы дәрежесінен кәсіпқой дәрежесіне дейін «жетілдіресіз»;
  • Әлеуметтік рейтинг – үздіктер қатарынан табылу үшін достарыңыз және басқа да пайдаланушылармен жарыстар ұйымдастыру.

Бұл неліктен тиімді:

  • Үдеріс қызықты әрі көзге көрінерлік бола түседі:
  • Бұл ешқандай қысымсыз нәтижені көздеуге көмектеседі;
  • Серияны үзбеу немесе досыңыздан озып түсу мақсатында жаттығуларға оралуға ынталандырады.

Геймификация қай бағыттарда қолданылады:

  • Бір айға созылатын челлендждері бар жүгіру трекерлері;
  • Виртуалды жаттықтырушылары мен жетістіктері бар фитнес-қосымшалар;
  • Йога-квесттер мен марафондар;
  • Рейтингісі мен оңалысы бар командалық ойындар.

Қазақстанда спорт ойын ретінде қайда өткізіледі

Hero’s Journey – Астана мен Алматы қалаларындағы фитнес-студия, мұнда жаттығулар нағыз ойынға айналады. Сіз жолды (мәселен, майды жағу немесе төзімділікті арттыру) таңдайсыз да, деңгейлерден өтесіз, ұпайларды жинақтайсыз және қосымшадағы кейіпкерді жетілдіресіз. Барлығы – жаттығуларға жазылудан бастап ілгерілікке дейін – цифрлық жүйе арқылы жұмыс істейді. Әзірге бұл жаттығулардың толыққанды геймификациясы қолданылып отырған Қазақстандағы жалғыз студия.

Алайда бүгінде геймификация залдан тыс жерлерге де шығып отыр:

  • Strava және басқа да жүгіру мен велоплатформалар спортты әлеуметтік желіге айналдырып келеді, мұнда лүпілдер, рейтингтер, «осы айдың сын-қатері» секілді челлендждер мен бейдждер бар.
  • Интерактивті жаттықтырғыштар залдарда трекерлерді қосуға, жалпыға ортақ сессияларды іске асыру мен тура тікелей эфир арқылы бір-біріңіздің нәтижелерін қадағалауға мүмкіндік береді.
  • Almaty Marathon және басқа да қалалық жүгіру жарыстары медальдарды ғана емес, сонымен бірге қолданбалардағы мақсаттарды, жеке оңалысты бақылау мен цифрлық жетістіктерді ұсынады.

Жеке жаттығуларды ойынға айналдырудың жолы

Егер сіз, тіпті, геймификациясы бар залға барып жүрмесеңіз де, ойынды өз бетінше ұйымдастыруға әбден болады:

  • Деңгейлерді ойлап шығарыңыз: минимумнан бастағаныңыз абзал – мысалы, 10 минут созылу жаттығуларды орындау, әрі күн сайын жаттығулар күрделенуі тиіс. Оңалыс кестесін қабырғаға іліп қойыңыз немесе деңгейлері бар қосымшаны қолданып көріңіз.
  • Квесттер мен миссияларды қойыңыз: аптасына 3 шақырым қашықтықты жүгіріп өту, бірден 30 рет кеудені жерден көтеру немесе қалмай 5 жаттығуға қатысу.
  • Жеңістерді белгілеп жүріңіз: қол жеткізген мақсаттарыңыз үшін қарапайым марапаттарды ойластырыңыз – мейлі бұл дәмді кешкі ас болсын, мейлі бұл жаңа футболка болсын.
  • Есеп жүргізіңіз: кестені толтырыңыз, тәжірибені санаңыз, графиктерді құрыңыз – миға сан арқылы көрсетілген прогресс жағымды болып көрінеді. Ал егер осыны қолмен істеуді қаламасаңыз, нейрожүйе немесе қосымшаны қосыңыз – олар сіздің орныңызға бәрін де есептеп береді.
  • Досыңызбен жарысыңыз: аптасына қанша қадам жасау немесе жаттығулар саны бойынша челлендж жайлы келісіп алыңыз – бұл кез келген ескертулер немесе мақсатқа жалғыз жетуден гөрі әлдеқайда күштірек ынталандырады.

Геймификация спорт пен жеке өзіңізге не береді

Геймификация спортты сыртынан ғана емес, сондай-ақ мағынасы тұрғысынан да өзгертеді. Ол маңызды үдерісті – форма мен төзімділікке жету жолын қолжетімді, қызықты әрі түсінікті ете түседі. Қатаң тәртіп пен жалықтыратын қайталаулардың орнына ойын пайда болады, соның ішінде озықтық, челленджер, марапаттар бар. Бұл сіздің осы іске әлі үйренбегеніңізге немесе тақырыпты бұрыннан білетініңізге қарамастан, мотивация алу мен бірте-бірте анағұрлым жақсырақ болуға көмектеседі.

Как вы оцените статью?
[Total: 0 Average: 0]

Оставить комментарий


The reCAPTCHA verification period has expired. Please reload the page.