Марафонда жүректің тоқтауы: себептері, белгілері және қауіпті азайтудың жолы

Марафон жүгіріп бара жатқанда жүрек тоқтап қалды: бұл неліктен болады және қауіпті азайтудың жолы

Жүгіру жүрек-қантамыр жүйесін нығайтады, алайда, тіпті, жақсы машықтанудың өзі жүректің кенет тоқтап қалуынан қорғай алмайды. Кейде қарқынды жүктеме ол жайында білмейтін жасырын ауруы бар адамда іске қосушы факторға айналады. Лайқос кардиолог-нутрициолог Екатерина Пушилинамен бірге мәселенің басын ашады.

Неліктен сырттай сау адамның жүрегі тоқтап қалуы мүмкін?

Негізінен мұның себебі – жүрек қарыншаларындағы ырғақтың қауіпті бұзылуы (қарыншалық ырғақсыздық): жүрек қанды тиімді айдауды тоқтатады. Қарқынды жүгіру барысында тамырдың соғуы, адреналин деңгейі және жүрек бұлшықетінің оттегіге деген қажеттілігі арта түседі. Жасырын ауру кезінде бұл ишемияны (жүрекке қан жетпейді) немесе жүрек соғуының ырғақсыздығын тудыруы мүмкін. Тәуекел мәреден кейінгі алғашқы уақытта да сақтала береді.

Көбінесе жүректің тоқтауына келесі жайттар әкеледі:

  • тәждік күретамырлардың (жүректің өзін қоректендіретін тамырлар) атеросклерозы және жүректің ишемиялық ауруы;
  • кардиомиопатия (жүрек бұлшықетінің белгісіз дерті) және тәждік күретамырлардың туа біткен ауытқулары;
  • жүректің электрлік белсенділігінің тұқым қуалайтын бұзылыстары – бұл кезде жүрек сау болып көрінуі мүмкін;
  • миокардит (жүрек бұлшықетінің қабынуы), қақпақшалардың ауыр дерттері және қауіпті ауытқулар.

2025 жылғы марафоншылардың зерттеуінде жүректің тоқтап қалуының басты себебі коронарлық ауру болып шықты.

Қандай белгілер алаңдатуы тиіс?

  • жүктеме кезіндегі қысым, дызылдау немесе кеудедегі ауырсыну;
  • жүгіру кезінде естен тану немесе талып қалу алдындағы жағдай;
  • қарқынға сәйкес келмейтін ентігу;
  • бас айналу немесе әлсіздікпен бірге жүретін жүрек соғуы;
  • шыдамдылықтың түсініксіз азаюы.

Мұндай белгілерді шаршағандық немесе нашар дайындыққа жатқызуға болмайды: жүктемені тоқтатып, дәрігерге көрінген абзал.

Қауіп тобына кімдер кіреді және тексеріске қашан бару қажет

Бәрінен бұрын жүректің жасырын ауруы, әдеттен тыс жоғары жүктеме және нашар дайындықтың үйлесімі қауіпті. Темекі тарту, гипертония, жоғары холестерин, қант диабеті және ерте жүрек-қан тамырларының аурулары немесе отбасыдағы кенет қайтыс болу жағдайлары тәуекелді арттырады. Жүрек тоқтау жағдайлары ер адамдарда және марафондарда жиірек кездеседі.

Егер ауру белгілері байқалмаса, дене жүктемені жақсы көтере алса және отбасылық анамнезде қауіпті жағдайлар болмаса, әдетте дәрігердің кеңесі, қан қысымын өлшеу және қарап-тексеру жеткілікті болады. Жаттығу кезінде шағымдар болса, созылмалы аурулар және ауыр тұқымқуалаушылық, сондай-ақ ұзақ уақыт бойы аз қозғалыста болып, кейін қарқынды жаттығу жасауды жоспарлап жүргендер қосымша тексерілуі қажет. 35-40 жас – коронарлық тәуекелді мұқият бағалаудың себебі, алайда жүгіру қауіпті дегенді білдіретін шекара емес.

Жыл сайынғы бірдей зерттеулер жиынтығы бәріне бірдей қажет емес. Егер шағымдар пайда болса, жаттығу қарқындылығы арта түссе немесе денсаулық өзгерсе, қайта қаралу маңызды.

Темекі тарту және жүрек

Темекі тарту атеросклерозды тездетеді, қан ұйығы қаупін арттырады және қанның оттегіні тасымалдау қабілетін төмендетеді. 101 мыңнан астам әйелдің қатысуымен жүргізілген зерттеуде шылым шегу жүректен болатын кенет өлімнің жоғары қаупімен байланысты болды, ал темекі шегуден бас тартқаннан кейін қауіп біртіндеп азайды. Жаттығулар шылымқұмарларға да пайдалы, алайда бұл темекі түтінінің зиянын өтей алмайды.

Егер сіз темекі шегуден бас тартуға әлі дайын болмасаңыз, балама нұсқа ретінде хиттерлерді қарастырып көріңіз. Олар құрамында 7000 астам химиялық зат пен 70 астам канцерогені бар темекі түтінінің түзілуіне жол бермейді. Дегенмен кез келген жағдайда түпкі мақсат темекі тартудан біржолата бас тарту болуы керек.

Алкоголь, энергетиктер, ұйқының қанбауы және су

  • Алкоголь жүрек ырғағының бұзылуын тудыруы мүмкін, сол себептен оны тұтынғаннан кейін стартқа шығу қисынсыз.
  • Энергетиктер қан қысымын көтереді және QT аралығына – ЭКГ-дағы жүректің электрлік белсенділігінің көрсеткішіне әсер етуі мүмкін.
  • Ұйқының жеткіліксіздігі қалпына келуді және жүктемеге төзе алушылықты нашарлатады.
  • Сусыздану мен аптап ыстық қан айналымына түсетін салмақты күшейтеді, алайда кері шегі де қауіпті: артық су гипонатриемияға – қандағы натрийдің азаюына әкелуі ықтимал. Жүгіру жарысы кезінде мүмкіндігінше көп су ішу бойынша кеңес дұрыс емес.

Алғашқы жүгіру жарысына дайындалудың жолы

  • Дайындық деңгейіне қарай қашықтықты таңдап, жүктемені бірте-бірте арттыру.
  • Дәрігермен белгілерді, аурулар және отбасылық сыртартқыны алдын ала талқылау.
  • Жүктемені күрт арттырумен өткізіп алған жаттығулардың орнын толтырмау.
  • Дене қызуы көтерілгенде немесе қатты ауырып тұрғанда стартқа шықпау.
  • Жаттығу кезінде ыстықты ескере отырып, тамақтану және су ішу тәртібін пысықтап алу.
  • Ұйқыны қандыру және жүгіру жарысы алдында энергетиктер мен стимуляторларды қолданбау.

Біртіндеушілік, әсіресе, бұрын қимыл-қозғалысы аз өмір салтын ұстанған адамдар үшін маңызды: әдеттен тыс барынша көп жүктеме жүрек ауруларына бейім адамдарда жүрек оқиғаларының қаупін уақытша арттырады.

Қай уақытта тоқтау және көмек шақыру қажет

Кеуде тұсындағы ауырсыну, қатты ентігу, талып қалу алдындағы жағдай немесе кенет әлсіреумен бірге жүретін жүрек соғуы кезінде жүктемені тоқтатыңыз. Естен тану, кеудедегі ауырсынудың сақталуы, суық тер және хал-күйіңіздің күрт нашарлауы кезінде жедел жәрдем шақырыңыз (103 немесе 112). Қашықтықты жалғастырмаңыз және медициналық пунктке дейін жүгіруге тырыспаңыз. Жүктеме кезінде естен тану өздігінен өтсе де, қарқынды жаттығуларға қайта оралғанға дейін тексеруден өту қажет.

Жүрек тоқтап қалды деп күдіктенгенде не істеу керек

Егер адам жауап бермесе және қалыпты тыныс алмаса (соның ішінде дірілдеп сирек дем алса):

  • Орынның қауіпсіз екеніне көз жеткізіп, айналадағыларды шақырыңыз.
  • Біреуге жедел жәрдем шақыруды (103 немесе 112), екінші адамға автоматты сыртқы дефибрилляторды (АСД) әкелуді тапсырыңыз. Егер жалғыз болсаңыз, дауыс зорайтқыш байланысы бойынша хабарласыңыз.
  • Кеуде қуысының ортасына толық жазылуына мүмкіндік бере отырып, минутына 100-120 рет 5-6 см тереңдікке басыңыз. Егер жасанды тыныс алдыруды білсеңіз, 30 рет басуды екі рет тыныс алдырумен кезектестіріңіз
  • АСД қосып, оның нұсқауларын орындаңыз. Ырғақ пен разрядты талдау кезінде зардап шеккенге тиіспеңіз, содан кейін бірден реанимацияны жалғастырыңыз.
  • Қалыпты тыныс алу пайда болғанша немесе медициналық қызметкерлер келгенше дейін осы іс-әрекеттерді жалғастырыңыз.

Тамырдың соғуын іздеудің қажеті жоқ: АСД разрядтың қажет екенін өзі анықтайды. Реанимация мен дефибрилляция неғұрлым ерте басталса, мүмкіндік соғұрлым жоғары болады: марафоншыларды зерттеуде аман қалу көрсеткіші 2000-2009 жылдардағы 29%-дан 2010-2023 жылдары 66%-ға дейін өскен.

Как вы оцените статью?
[Total: 0 Average: 0]

Оставить комментарий


The reCAPTCHA verification period has expired. Please reload the page.