Секс спорт ретінде: қанша калория жағылады және үздік фитнес-қалыптар - Лайқос

Секс – бұл спорт па? Калорияларды санаймыз және фитнес-қалыптарды таңдаймыз

Жыныстық қатынасты жаттығу ретінде санауға бола ма? Спойлер: иә, болады – дегенмен белгілі бір жайттары бар. Бұл тұста барлығы да оның ұзақтығы, қарқыны, қатысушылардың анотомиясы мен, әлбетте, таңдалған дене қалпына байланысты. Төсекте қанша калория жұмсалатыны мен қандай қалыптарда «жаттығу» айырықша тиімді өтетінін анықтаймыз.

Секс кезінде қанша калория жағылады?

Зерттеулер келесі жайттар туралы айтып тұр:

  • Ер адамдар бір жыныстық қатынасқа түсу сессиясы (20-30 минут) барысында орта есеппен алғанда 100-270 ккал жұмсайды.
  • Әйелдер – дәл сол уақыт аралығында 70-140 ккал дейін.

Бұл шамамен асықпай баяу жүгіру немесе эллипсоидтегі 15 минут. Көп емес сияқты көрінгенімен, алайда спорт жалықтыруы тиіс деп кім айтты?

Қызықты дерек: тамыр соғуы неғұрлым жоғары, ал қимыл-қозғалыстар белсендірек болса, калорияларды жағу да соғұрлым жоғары болмақ. Егер құштарлық, эксперименттер мен көтеріңкі көңіл-күйді қоссаңыз, онда бақыт гормондары кенет көтеріледі де, метаболизм жылдамдай түседі.

Ең көп калорияларды жағатын дене қалыптары

Енді – «фитнес-бағдарламаға» көшейік. Төменде ләззат алуыңызға ғана емес, сонымен бірге бұлшықетпен нақты жұмыс істеуге көмектесетін қалыптардың топтамасын ұсынамыз. Ал спортзал – бұл міндетті түрде гантельдер деп кім айтты?

«Керісінше жокей» (әйел үстіңізде, беті аяғыңызға қарап тұрады)

Секс – бұл спорт па? Калорияларды санаймыз және фитнес-қалыптарды таңдаймыз

Бөксе, аяқ пен пресс бұлшықеттері жұмыс істейді. Әсіресе, әйелдің бұлшықеттері.

Артықшылығы: қарқын мен бұрышты өзгерте аласыз, оған қоса бұл керемет кардиожүктеме.

140 ккал дейін жағуға болады.

«Түрегеп тұрып» (серіктің екеуі де түрегеп тұрады немесе біреуі екіншісін ұстап тұрады)

Секс – бұл спорт па? Калорияларды санаймыз және фитнес-қалыптарды таңдаймыз

Төзімділік пен тепе-теңдікті сақтауға арналған керемет жаттығу.

Ер адамның қол, аяқ, арқасының бұлшықеттері қосылады. Ал әйелдің тұла бойындағы және бөксе бұлшықеттері қосылады.

150 ккал дейін жағылады.

«Лотос» (бірбіріңізге қарай отыру)

Секс – бұл спорт па? Калорияларды санаймыз және фитнес-қалыптарды таңдаймыз

Бұл баяу қалып, дегенмен тепе-теңдікті сақтау мен жамбас бұлшықетінің терең жұмыс істеуін талап етеді.

Артықшылығы: ұзақ уақыт қарау, сүйісу мен mindful жыныстық қатынас үшін мінсіз нұсқа.

Бір сессияда 140 ккал дейін жағылады.

«Бонусы бар ит» (әйел төрт аяқтап, ер адам артында, мықынынан ұстап тұрады)

Секс – бұл спорт па? Калорияларды санаймыз және фитнес-қалыптарды таңдаймыз

Мұнда ер адамның дене тұрқы тұтас жұмыс істейді, ал әйелдің саны мен белі белсенді түрде үдеріске қосылады. Бастысы, жатпай, белсенді қимылдау.

Бір сессияда 120 ккал дейін жетеді.

«Көпірше» (әйел жартылай көпір қалпында, ал ер адам үстінде)

Секс – бұл спорт па? Калорияларды санаймыз және фитнес-қалыптарды таңдаймыз

Жаңадан бастап келе жатқандарға күрделілеу – дегенмен әсері керемет! Бел, пресс, аяқ – барлығы да жұмыс істейді.

Бонусы: әсері планканың нәтижесімен бірдей, тек әлдеқайда көңілдірек.

Жақсы техника барысында – 180 ккал дейін жағылады.

Спортты секспен алмастыруға бола ма?

Жоқ. Дегенмен жыныстық қатынас – белсенді өмір салтына деген тамаша қосымша болары сөзсіз. Ол келесі тұстарда көмектеседі:

  • жүрек-қан тамырлары жүйесінің жұмысын жақсартады,
  • дене иілгіштігі мен төзімділікті қолдауға септеседі,
  • стрестен арылтады (әсері, тіпті, серуеннен де жақсырақ!),
  • өзіңізді тірі, қалаулы екеніңізді, әрі шат сезінесіз.

Ал егер «серігіңіз бүгін ресурста болмаса ше»?

Жақсы жаңалық: дене қалыптарының көбін жеке практикалар үшін де бейімдеп алуға болады – йогадан бастап пилатеске дейін. Ал әзірге жыныстық қатынасты тәніңіздің тағы да бір ресурсы ретінде қарастыруға болады. Әрі оған «керек» деген түсінік тұрғысынан емес, ләззат алу, ойын мен зерттеу тұрғысынан қарағаныңыз абзал.

Қорытынды

Жыныстық қатынас – жаттығу залын алмастыра алмайды, дегенмен бұл «бірнеше артық желінген бәлішті жағу» мен эндорфиндердің қуатты зарядын алудың айтарлықтай лайықты тәсілі екені шүбәсіз. Бар керегі – бұл кішкене алуандық қосу мен жай ғана ләззат алу тілегінен бөлек, сол ләззатты біреуге сыйлауға деген ұмтылыс.

Как вы оцените статью?
[Total: 0 Average: 0]

Оставить комментарий


The reCAPTCHA verification period has expired. Please reload the page.