Жаттығуларға арналған киімді қалай таңдауға болады: кеңестер мен ұсыныстар - Лайқос

Спорт киімін қалай таңдау керек

Дұрыс таңдалған спорттық киім – бұл өз денеңді жақсы жаққа өзгерту жолындағы жетістіктің жартысы. Ол әдемі ғана емес, сондай-ақ ыңғайлы, әрі сонымен бірге төзімді болуы тиіс. Лайқос мінсіз спорттық киімді қалай таңдау керектігі туралы айтып береді.

Спорттық киім үшін қандай маталар жарамды

Бірінші кезекте бұл синтетика. Мақта-матадан тігілген спорттық киім әлдеқашан жақсы нұсқа болудан қалды. Өйткені мақта-мата киімінің басты дұшпаны – тер, ал тердің спортпен шұғылданғанда өте көп шығатыны айқын. Заманауи синтетикалық материалдар залдағы жаттығу құрылғыларында сізден кейін дымқыл іздер қалмайтындай, ал жүгірген кезде тер тамшылары арқаңыздан ағып кетпейтіндей етіп жасалған. Ал тынығып алу үшін үзіліс кезіндегі кеуіп кеткен майка көптеген қиындықтарды тудыруы мүмкін.

Жаттығуларға арналған киім: спорттың түр-түрі үшін нені таңдау керек

Майка, лонгслив, рашгард

Қазірде жекпе-жек түрлерінен келген рашгардтар кеңінен таралып отыр. Олар ылғалды бұрып жібереді, мінсіз температураны сақтайды, аутдор-белсенділіктер барысында күннен қорғайды. Сонымен бірге кішкене компрессиялық әсер бере отырып, бұлшықеттерді ұстап тұрады: адамдардың көбі рашгардтарды бүйірді тартып тұру арқылы денебітімді визуалды жағынан анағұрлым мінсіз ете түсетіні үшін таңдайды.

Маңызды жайт: денені қысып тұратын киімді (рашгардтар, тайтстар және, тіпті, шұлық болсын) сатып алған кезде оны киіп алып, қимылдап көру керек. Спорттық форма қимыл-қозғалысқа кедергі келтірмеуі тиіс, дегенмен ол салбырап тұрмағаны да абзал, әйтпесе мұндай сатып алынған заттың пайдасы шамалы.

Тайтс, шалбар, келтекей

Тайтс (немесе лосиналар, леггинстер) салқын маусымдарда тоңбауға, әрі аяқтың терісін қажалудан сақтауға көмектеседі. Егер сізге ұзын түрі ұнамаса, қысқартылғанын алуға болады. Мұндай киімді келтекеймен бірге киюге болады. Желаяқтар қалтасы түймеленетін келтекейлерді қарастырған дұрыс, дегенмен жалпы спорт залдарынан тыс жерлерде жаттығатын адамдар ешнәрсемен даңғырламау үшін және ештеңені де жоғалтып алмау мақсатында өзіңізбен бірге минимум заттарды алуға кеңес береді.

Маңызды жайт: егер сіз кешкісін жүгіріп жүрсеңіз, киіміңіздің кез келген бөлігінде орналасатын жарық шағылыстырушы жолақтарды қамтамасыз етуді ұмытпаңыз. Қазір оларды, тіпті, кростық аяқ киімнің үстіне де тігеді.

Бас киім

Жылдың кез келген мерзімінде де таза ауада жаттығу үшін басты жауып жүрудің бірнеше маңызды себебі бар: жаз маусымында кепкелер мен бас киімдер терді сіңіруге көмектеседі және күннің өтіп кетуінен қорғайды, ал қыс мезгілінде салқын тиюден сақтайды. Жылы уақытта тері көзіңізге ағып кетпеуі үшін, теннисшілер сияқты, қарапайым байлауышты байлай салуға болады.

Бонус: бас киімді құлаққапты ұстап тұру үшін де қолдануға болады.

Сәнді шаштың иесі болудың жолы қандай?
Шаш – әдемілік пен тартымдылықтың белгісі, табыс пен өзін-өзі бағалаудың ең үздік нұсқасының кепілі. Дерматокосметолог…
https://laikos.kz/kz/densaulyq-bojynsha/sandi-shashtyn-iesi-boludyn-zholy-kandaj/

Спорттық аяқ киім

Бұл нақты спорттың түріне байланысты болып келеді. Зал үшін – штангеткалар, ал жүгіру үшін – жүгіруге арналған аяқ киім жарамды және т.с.с. Адамдардың барлығы да әрқалай таңдайды: кейбіреулер кәсіпқойлардың пікіріне құлақ асады, әлеуметтік желілерді қарайды, қауымдастықтармен сөйлеседі, басқалары нарықты мұқият зерттеп, жаттықтырушымен ақылдасып, спорт дүкенге баруды қалайды – алайда бұл тұста фитнестің дәл бір түріне арналған жабдықтарға ғана маманданатын дүкенге көңіл аудару керек, әрі сол жерде сатушымен бірге таңдау жасауға болады.

Спорт қолғабы

Қолғап орауымен немесе онсыз, саусақпен және т.б. болуы мүмкін. Бұл белсенділіктің түріне байланысты болады, оны жаттықтырушының кеңесіне сүйене отырып, арнайы дүкенде таңдап алған абзал – базарда сатылатын түрлері жүктемеге төтеп бере алмауы да әбден ықтимал.

Спорттық шұлық

Сатушы қажетті компрессияның түрін таңдауға көмектесе алады. Синтетиканы таңдағаныңыз жөн – ол ылғалдылықты, температураны реттеуде әлдеқайда жақсы жұмыс істейді және мүмкіндігінше жаман иістерден құтылуға мүмкіндік береді.

Жаттығуға тағы нені алсаңыз болады

Микрофибрадан жасалған сүлгі

Біріншіден, оны жаттығу залына алыңыз. Әрі тек қана өзіңізді ғана емес, сондай-ақ жаттығу құралдарын да сүртіп отыру керек: өзіңізден кейін дымқыл іздерді қалдыру – әдепсіздік, сізден кейін жаттығатын адамдарға деген құметсіздік танытуды білдіреді.

Екіншіден, оны жүгіргенде, әрі кез келген басқа фитнеске де бірге алып жүру керек. Теріні жылдам сүртіп алу – бұл да жағымды бір үзіліс.

Оның орнына ұзындығы әртүрлі келетін білезікқаптар жүре береді.

Спорттық рюкзак немесе сөмке

Желаяқтар үшін әдетте өзімен бірге көп зат алу қиынға соғады, алайда көбіне-көп бұл, тіпті, қажет те емес. Егер рюкзакты алатын болсаңыз, онда ол қозғалыс кезінде денеге міндетті түрде жабысып тұруы, сондай-ақ шағын болуы тиіс. Екінші нұсқасы – бел буатын сөмке.

Айта кетсек, бүгінде екеуіне де сүлгіні ілуге болатындай, арнайы ілмекті жасайды.

Қорытынды

Сіздің спортқа арналған киімге байланысты таңдауыңыз жаттығулардың сапасына тікелей әсер ететіні айқын. Жайлылық және функционалдылық – бұл үздік нәтижелерге қол жеткізу мен жаттығулар барысында әрбір мезеттен ләззат алуға көмектесетін негізгі элементтер. Жаттығуларыңыз анағұрлым тиімді және жағымды бола түсуі үшін сапалы спорттық киімді таңдағаныңыз абзал. Денеңізге қамқорлық танытуды және жетістіктеріңіздің қамын ойлауды бүгіннен-ақ бастаңыз!

Как вы оцените статью?
[Total: 0 Average: 0]