Темекіге қарсы спорт: физикалық жүктеме шылымды тастауға қалай көмектеседі - Лайқос

Темекіге қарсы спорт: физикалық жүктеме шылымды тастауға қалай көмектеседі

Шылым шегуден құтылу қиын болуы мүмкін екендігі хақ. Адам, тіпті, темекіден біржолата бас тарту туралы шешім қабылдаса да, никотинге деген құштарлық, ашуланшақтық пен үйреншікті жоралар әдетке қайта оралудың себебіне жиі айналып отырады. Алайда ғалымдар анықтағандай, бұл тұста дәрі-дәрмек терапиясы ғана емес, сонымен бірге қарапайым физикалық белсенділік те көмекке келе алады. Лайқос айтып береді.

Неліктен спорт темекіні тастауға көмектеседі?

Физикалық жүктеме кезінде адам ағзасында эндорфиндер мен көңіл-күйді жақсартатын және күйзеліс деңгейін азайтатын басқа да заттектер бөлінеді. Дәл осы күйзеліс пен ләззатқа жылдам ие болу құлшынысы адамның темекіге қайта ұмтылуының себебіне жиі айналып отырады.

Сонымен бірге жаттығулардан кейін жалпы өзін-өзі сезіну әлдеқайда жақсара түседі, сергектік сезімі пайда болады, ал уақыт өте келе тыныс алу мен төзімділік қалпына келе бастайды. Бұл өмірді темекісіз жалғастыруға деген мотивацияны сақтауға көмектеседі.

Зерттеу нені көрсетті?

Аделаида университетінің ғалымдары 9 мыңнан астам адам қатысқан 59 клиникалық зерттеудің нәтижесін талдады. Олар бір реттік жаттығулардың және тұрақты түрде спортпен шұғылданудың темекі шегуден бас тартуға, темекіге деген құлшыныс пен никотинді алып тастау белгілеріне қалай әсер ететінін зерттеген еді.

Физикалық белсенділікпен тұрақты түрде айналысатын адамдарда:

  • темекі шегуден толықтай бас тарту ықтималдығы 15% жоғары болады;
  • кем дегенде жеті күн қатарынан темекі тартпау мүмкіндігі 21% жоғарылайды;
  • олар байқау топтарының қатысушыларына қарағанда күніне орта есеппен алғанда екі темекіге аз шеккен.

Оң әсер, тіпті, бір жаттығудан кейін-ақ байқалған екен. Физикалық жүктемеден кейін темекі тартуға деген ұмтылыс шамамен 30 минутқа азайған екен. Кейде дәл осы уақыттың өзі құлшыныстың ұстамасын еңсеру мен әдетке қайта оралмау үшін жеткілікті болады.

Белсенділіктің қандай түрлері тиімдірек?

Бұл тұста кез келген дерлік тұрақты физикалық белсенділік өз пайдасын тигізетіні рас. Бұл жылдам жүру, асықпай баяу жүгіру, велосипед тебу, жүзу, күштік жаттығулар, бимен айналысу, йога немесе спорттың командалық түрлері де болуы бек мүмкін. Ең бастысы, өзіңізге ләззат сыйлайтын жүктемені таңдау. Адамға жаттығу неғұрлым қатты ұнаса, бұл оның жаңа әдетіне айналу мен темекіге байланысты ескі жораның орнын басу ықтималдығы да соғұрлым жоғары.

Неліктен спорт темекіден арылуды жеңілдетеді?

Біріншіден, ол никотинге деген құлшынысты уақытша басады. Екіншіден, темекіден арылғаннан кейінгі алғашқы апталарда мазасыздық пен ашушаңдық деңгейін азайтады. Үшіншіден, ұйқының сапасын жақсартады, көңіл-күйді жақсартады және ағзадағы оң өзгерістерді әлдеқайда тезірек сезінуге септігін тигізеді.

Сонымен бірге көптеген бұрынғы шылымқұмарлар жаттығуларды орындаудың бірнеше аптасынан кейін жүктемелерді анағұрлым жеңіл көтере бастайтынын, ентігуді сирек сезінетіні мен физикалық белсенділіктен кейін айтарлықтай жылдам қалпына келетінін алға тартады. Бұл өзгерістер темекі тартуға қайта оралмаудың қосымша мотивациясына айналатыны хақ.

Спорт емдеудің орнын баса ала ма?

Жоқ. Зерттеудің авторлары көрсетіп отырғандай, физикалық белсенділік никотиндік тәуелділікке қарсы емнің бөлек бір тәсілі ретінде қарастырылмауы тиіс.

Бұл тұста дәрігердің кеңесін, никотинді алмастыратын терапияны немесе дәрілік препараттарды, психологиялық қолдау мен әдеттердің өзгеруін қамтитын кешенді әдіс-тәсіл ғана ең тиімді болып есептеледі. Мұндай жағдайда жаттығуларды тұрақты түрде орындау темекі шегуден бас тартуды әлдеқайда жеңілірек еңсеруге және әдетке қайта оралу қаупін төмендетуге көмектесетін маңызды қосымшаға айналады.

Егер әзірге темекіден бас тарту мүмкін болмаса

Темекі шегуден біржолата бас тарту денсаулық үшін ең жақсы шешім болып қала береді. Алайда егер адам әзірге никотиннен толықтай арылуға дайын болмаса, зиянды төмендетудің заманауи тәсілдері түтін шығармайтын балама нұсқаларға, мәселен, хиттерлерге ауысу мүмкіндігін қамтиды. Қарапайым темекімен салыстырғанда олар темекіні жақпайды, оны тек қана қыздырады, осының арқасында көптеген уытты жану өнімдерінің негізгі көзі – темекі түтіні түзілмейді.

Как вы оцените статью?
[Total: 0 Average: 0]

Оставить комментарий


The reCAPTCHA verification period has expired. Please reload the page.