Спортпен айналыса бастау және оны тастамауға арналған бес тиімді кеңес

Спортпен айналыса бастаудың және оны тастамаудың жолы

Мен жеті жылдан астам уақыт бұрын спортпен айналыса бастадым – күні бүгінге оны тастаған жоқпын. Құпиясы неде екенін айтып берейін.

Спортпен шұғылдана бастау оңай, ал әрі қарай жалғастыра беру қиынырақ. Әлемдік статистика көрсетіп отырғандай, жаттығу залына жылдық абонемент сатып алатын адамдардың жартысынан көбі дерлік 2-4 айдан кейін ол жерге баруды қояды.

Көбіне-көп спортпен айналысуды тоқтатудың себебі кәдімгі жалқаулық болып шығады. Адамдар күш жинап, таңертең ерте тұрып, не болмаса жұмыстан кейін жаттығуға бару үшін өздерін қолға ала алмай жатады. Сонымен бірге жаттығу залдары көбінесе үйлерінің жанында орналасқан.

Мен бұл туралы адамдарды жаттықтыратын және өздері де аптасына кем дегенде бес рет жаттығатын достарым мен таныстарымнан сұрауды жөн көрдім. Міне, олардың ұсынған спортпен айналыса бастау мен оны тастамаудың бес пәрменді кеңесі.

№1 кеңес: Серіктесті табыңыз

Жаттығуға басқа біреумен бірге бару жалғыз барғаннан гөрі әлдеқайда қызығырақ. Бұл тұста құмарлық пен бәсекелестік рухы оянады: жаттығулар кешенін досыңнан бұрын орындап шығу немесе бірнеше шақырымға көбірек жүгіру секілді жайттар.

№2 кеңес: Өзіңізге үлгі тұтар тұлға немесе мотиваторды табыңыз

Дмитрий Игнатов мен үшін нағыз мықты мотиваторға айналған адам. Дима – мүгедек, оң аяғының орнына протезі бар. Сонымен бірге ол кроссфитпен шұғылданады, марафондарда жүгіреді және жүзеді. Оны, тіпті, бір американдық өндірушінің спорттық смарт-сағатының жарнамасында да түсіріп үлгерген.

№3 кеңес: Жаттықтырушыны табыңыз

Мен кез келген спорт түрімен жаттықтырушының көмегімен айналысуды бастау керектігіне сенімдімін. Осылайша жарақат алу қаупі төмендейді, сондай-ақ ликбез де тезірек өтеді. Бәлкім, мен жүгірумен шұғылдануды кәсіпқой бапкермен бастағандықтан, бұл істі тастау ойыма да келмеген шығар. Әрі жеті жыл өткеннен кейін де мен жүгіруге шығып, әртүрлі старттарға қатысып, осы істі жақсы көруді жалғастырып келемін.

Темекі тартатын спортшылар, не болмаса шылым шегу фитнеске зиян келтіре ме
Сәлем! Сіздермен бірге Равиль Измайлов, әрі бұл өмір салты мен спорт тақырыбына арналған спорт маңындағы…
https://laikos.kz/kz/sport-kz/temeki-tartatyn-sportshylar/

Кроссфитке мені бір досым сүйреп әкелді десем қателеспеймін. Алғашқы жаттығу көңілді өткені рас, оған дейін өзім кардио және айналма жаттығулармен айналысқандықтан, кейіннен тіптен қызығып кеттім. Жеті жыл бойы жалғасып жатқан жаттығулардың арқасында мен бұлшықет массасын жинап, анағұрлым төзімді және мықты бола түстім. Бірінші қабаттан тоғызыншы қабатқа дейін лифттен де тезірек жүгіріп шыға аламын, 300 килограмдық қақпақты аудара аламын, салмағы центнерге татитын досымды көтеріп алып, бесінші қабатқа дейін апара аламын.

№4 кеңес: Жаттығулар кестесін құрыңыз

Жаттықтырушыны тапқан кезіңізде онымен қай күндері кездесе алатыныңыз туралы сұрақ туындайды. Спортта тәртіп аса маңызды болып келеді, әрі оны сақтау қажет. Күндер мен уақытты таңдаңыз да, жаттығулардың басталуы туралы 1-2 сағат бұрын ескертетіндей етіп, смартфондағы күнтізбеңізге енгізіп қойыңыз.

№5 кеңес: Қауымдастықтың бір бөлігі болыңыз

Жаттығу залындағы алғашқы күнді жаңа компаниядағы бірінші жұмыс күнімен салыстыруға болады. Бәрі де бейтаныс, айналаңызда сіз танымайтын адамдар жүреді. Мұндай сезімдерді әркім бастан өткереді, осы тұста жаттығу залы немесе топтық жаттығуда өзіңізді әлдеқайда жайлы және ыңғайлы сезіну үшін жай ғана өзгелермен амандасуды және араласуды бастаңыз.

Мен тағы да бір кеңес берер едім, бірақ өз атымнан. Уақыт өте келе сізге жаттығудан кейін болатын сезімдер ұнайтын болады, бәлкім, сіз өз өміріңізде бірнәрсені өзгерткіңіз де келетін шығар. Мұндағы жақсы үлес ретінде темекі шегуден бас тарту бола алады. Алдындағы материалымда да темекі түтінінің спорттық жетістіктерге жетуге қалайша кедергі ететіні туралы әңгімелегенмін. Жаман әдет өкпенің денсаулығына нұқсан келтіреді, әрі олар бас тартқаныңыз үшін алғыс айтатыны сөзсіз. Егер темекіні бірден және біржолата тастау сіз үшін қиынға соқса, онда әуелі хиттерлерге ауысып көруге болады, олардың зияны 90-95% азырақ болып келеді, әрі сіз мұны бірнеше жаттығудан кейін-ақ сезетін боласыз. Ал тағы біршама уақыттан кейін біржолата бас тартуға келу де әлдеқайда жеңілірек болмақ.

Бұл кеңестер сіздерге спортпен айналыса бастауға және оны тастамауға көмектеседі деген үміттемін. Ал ең соңында телеком-компаниядағы әріптесім үшін жүгірудегі мотиваторға айналғаным жайындағы шағын хикаяны әңгімелеп бергім келеді. Менің нәтижелерімді, әрі қалайша өзгергенімді көріп, ол да қазіргі уақытта әжептәуір қашықтықтарға жүгіреді және барлық дерлік жүгіру жарыстарға қатысады. Міне, жай ғана өз жалқаулығыңызды жеңіп, сіз анағұрлым жақсы, шыдамды, күшті бола аласыз және өз ортаңыздағы бір адам үшін үлгі тұтарлық тұлғаға айналуыңыз бек мүмкін.

Как вы оцените статью?
[Total: 0 Average: 0]