Спорттағы шаршау: мұны жеңу мен жаттығуларды тастап кетпеудің жолы - Лайқос

Спорттан шаршау: бәрін де тастап, не болмаса тоқтата тұруды қалағаныңда не істеу керек

Спорттағы шаршау – сирек кездесетін нәрсе емес, бұған кәсіпқойлар да, өзі үшін спортпен шұғылданатындар да тап болып жатады. Бәрін де тастап кеткің келе ме? Лайқос мәселенің шешімін ұсынады.

Неліктен спорттан шаршау пайда болады

Жалпы бұл қалай көрініс табады? Спорттағы шаршағандық – бұл мотивация мен мәннің жоғалуы, жаттығуларға бармау сияқты саботаждық әрекеттерді жасау: бүгін өзімді нашар сезіндім, кеше жұмыста көп кідіріп қалдым, ертең үлгере алмаймын.

Осы тұста себептерді физиологиялық және эмоциялық деп бөлуге болады. Оларды рет-ретімен қарастырып шығайық.

Физиология: неліктен спортзалға барғың келмейді

  • Тәртіптің бұзылуы. Егер адамның ұйқысы қанбай жүрсе, жаттығу үшін күш-қуат мүлдем болмайды.
  • Тамақтану КАМК көрсеткіші бойынша теңдестірілген болуы керек: егер қандай да бір пункт артта қалып отырса, онда ағза спорт үшін жеткілікті деңгейде қалпына келе алмайды.
  • Дәрумендердің жеткіліксіздігі, гормондық өзгерістер, созылмалы аурулар: осының барлығын да ескеріп отыру, әрі бақылауда ұстау қажет. Ферритин көрсеткіші төмендесе, әлсіздікті күтіңіз. Тым жоғары жүктеме бердіңіз бе? Ауру асқынып кетеді. Сондықтан дәрігерлер мен талдаулар – жаттығу кезіндегі алғашқы көмекшілер болып келеді. Кейде гормондардың жетіспеушілігі эмоциялық шұңқырға түсіруі әбден мүмкін, осындайда тек диванда жатып, чипсы жеуді ғана қалайсың. Бұл тұста тексерулерсіз болмасы анық.
  • Стресс: созылмалы, күні бойғы, жинақталған күйзеліс. Оның күнделікті мөлшерін бақылауда ұстау қиынның қиыны, дегенмен спорттың өмір сапасы үшін ерекше маңызға ие екендігі жайлы ойды есіңізде ұстасаңыз құба-құп, әрі нәтижені ғана қуаламай, жалпы үдерістен нағыз рахатқа бөленуді мақсат етсеңіз, онда жаттығулар да моральдық тұрғыдан демалудың тәсіліне айналары шүбәсіз.
  • Шамадан тыс көп жаттығу: дене осы жағдайға әшейін төтеп бере алмайтыны хақ. Нәтижені қуамын деп ұйқысыздыққа, бұлшықет пен буындардың жарақаттарына және жүйке жүйесінің сыр беруіне ұшырауыңыз мүмкін. Мұндағы шешім өте қарапайым: көбірек ұйықтау, жақсырақ тамақтану, ұзақ уақыт жаяу жүру қажет. Сонымен бірге, кем дегенде, жаттығуларды бір аптадай уақытқа кейінге қалдырғаныңыз жөн.

Психология мен эмоциялар

Спорттан шаршаудың жиі кездесетін себептерінің бірі – плато, адамның тіреліп қалатын жоғарғы шегі. Тұрақты жаттығулар нәтиже бермейді, салмақ сол қалпында, іш те кетпейді, бұлшықет өспейді және ешнәрсе де өзгермей тұрады. Мұндай жағдаят кез келген адамды абыржытып тастайтыны рас. Шешім ретінде – тамақтанудың калориялығын өзгерту, жаттығуларды алмастыру, мәселен, күштік жаттығулардан функционалдық түріне (мұны жаттықтырушымен талқылағаныңыз абзал) ауысуға болады.

Тағы бір жиі ұшырасатын нұсқа – біркелкілік. Бірінші жаттығулар қызықты өтетін, белгілі бір эмоцияларды, эндорфиндер мен басқа да көптеген нәрселерді сыйлайтын еді. Ал енді тек қайталанып отыратын күндер: аптасына екі сағат бойы үш рет жаттығу, қайта-қайта орындалатын әрекеттер, сол баяғы зал, сол баяғы бапкер, сол баяғы киім… Қалыптасқан кертартпа тәртіп. Қуаттанудың жақсы бір әдісі – жаңа бағдарламаны байқап көру, оларды мобильді қосымшалар немесе шетелдік сайттардан табуға болады.

Залға не үшін келгеніңізді есіңізге түсіріңіз. Уақыт өте келе мақсатыңыздың өзгеруі, не болмаса оның өз өзектілігін жоғалтып алуы мүмкін бе? Неліктен ол кезде бұл мақсат маңызды болған? Қазір сіз үшін не маңызды? Осы сұрақтарға жауап бергеніңізде қазіргі айналысып отырған спорттың түрі сізге қолайсыз екендігі анықталуы бек мүмкін, әрі жүгіру немесе каратэнің пайдасына пауэрлифтингтен бас тартуға тура келетін де шығар.

Шаршауды жеңу мен спортты тастап кетпеудің жолы

Әртүрлі жаттығулар бойынша сынама сабақтарды байқап көріңіз. Жаттығу залынан тыс жерлерде би, шығыс жекпе-жектері, кроссфит, жүгіру, құзға өрмелеп шығу бойынша сабақ алу, бокс бар. Әдетте сынама сабақтар кәдімгі жаттығулардан арзанырақ немесе, тіпті, тегін болады. Міндетті түрде барлығын бірден өзгертудің қажеті жоқ – бәлкім, негізгі жаттығуларыңызға аптасына бір рет жаңасын қосатын шығарсыз.

Керемет киім-кешек немесе керек-жарақты сатып алыңыз, бұл бұрыннан армандаған формаңыз болуы мүмкін. Оны киіп алып жаттығу – нағыз ләззат, әрі мұндай сұлулық босқа жатса, жұмсалған ақшаңызды аяйсыз.

Жаттығудан болатын жаңа сезімдерді шамадан тыс көп жаттығу есебінен де алуға болады. Спорттық қоспалар қуат пен күшті айтарлықтай арттыратыны хақ. Үйреншікті жаттығулар жиынтығынан гөрі анағұрлым көбірек жаттыға алатыныңызды анықтайсыз.

Сонымен бірге кейде өзіңіз үшін табысты табыстың мысалын таңдап алған және оған ұмтылған пайдалы. Біреулерге таныс адамдарға, ал кей кездері параспортшыларға бағдарланған ыңғайлы, басқаларға «240 келі майдан 85 келі бұлшықетке келу» деген секілді хикаялар көбірек мотивация беруі ықтимал.

Қорытынды

Шаршау – үкім емес, әрі ол өзіңізден үміт үзудің де себебіне айналмауы тиіс. Бұл денеңіздің тынығып алатын уақыттың келгені мен ойлану керектігін білдіретін белгі. Бұл қайта ретке келу және жаңа күшпен бастаудың нағыз мүмкіншілігі.

Как вы оцените статью?
[Total: 0 Average: 0]

Оставить комментарий


The reCAPTCHA verification period has expired. Please reload the page.