
Спорттық қоспалар: қауіпсіз және тиімді өнімдерді қалай таңдауға болады
Сіздің спорттық көрсеткіштеріңізді әрқашан жақсартуға болады, және де ең қолайлы жолдардың бірі – арнайы қоспалар. Лайқос спорттық қоспалар нарығында не бар екенін, дұрыс таңдау жасау мен ағзаңызға зиян келтірмеудің амалын анықтады.
Спорттық қоспалар дегеніміз не
Спорттық қоспалар физикалық белсенділікті сақтау мен жақсартуға, жаттығудан кейін қалыпқа келу және спорттық көрсеткіштерді жоғарылатуға көмектесетін арнайы өнімдер. Мақсаттарға байланысты оларды бірнеше санатқа бөлуге болады:
Пайдалы және ең жақсы спорттық қоспалар
Қоспаларды бірқалыпты мөлшерде және саналы түрде қолданған кезде пайдалы екенін есте ұстаған жөн.
Спорттық тамақтанудың кемшіліктері мен қауіптері
Спорттық тамақтануды дұрыс таңдау және пайдалану үлкен рөлді атқарады. Бұл денсаулыққа қауіп төндіруі де мүмкін.
Ақуыздарды қабылдау нормасынан асып кетпеуге тырысыңыз: бұл бүйректің зақымдалуына әкелуі мүмкін. Артық ақуыз қандағы холестерин деңгейін де жоғарылатып, жүрек-қан тамырлары ауруларының даму қаупін арттырады. Ақуызды көп мөлшерде тұтыну оны ыдырату үшін асқазан сөлін де көбірек қажет етеді, ал бұл ас қорытуға нұқсан келтіруі ықтимал.
Мұндай жүктеме кезінде темекі шекпегеніңіз абзал: спортпен айналысатын адам тамақтанудағы ақуыздың мөлшерін көбейтіп, оның үстіне қоспалардан қосымша ақуызды алғанда, бұл жүрек пен қан тамырларының жұмысына қауіп төндіреді. Кейбір заттар, мысалы, стимуляторлар, қан қысымын арттырады, бұл темекі шегумен қатар жүрсе, ауыр зардаптарға әкелуі мүмкін. Егер сіз бұл әдеттен бас тартуға әлі дайын болмасаңыз, хиттерлерге ауысу арқылы зиянды азайтуға болады. Олар темекіні жақпайды, тек қыздырады, яғни, осының арқасында темекі түтінімен салыстырғанда ағзаға зиянды заттар 95% аз түседі. Дегенмен ең жақсы шешім – темекі шегуді біржолата тастау.
Неден аулақ болу керек: қауіпті қоспалар
Бірқатар спорттық қоспа жанама әсерлерді тудыруы және денсаулыққа теріс ықпал етуі ықтимал:
Өзіңізге қоспаларды қалай таңдау керек
Спорттық қоспаларды таңдағанда, жеке мақсаттарды ескерген маңызды:
Кез келген спорттық қоспаларды сатып алмас бұрын, дәрігеріңізбен сөйлесіңіз, ықтимал жанама әсерлерді талқылаңыз және ағзаңызды тексеріңіз. Мамандар айналысатын спорт түріне, жаттығулардың қарқындылығы мен жеке қажеттіліктерге байланысты нақты көмектесетіндей спорттық қоспалардың дозасы мен қабылдау тәртібін түзетуге септесе алады.
Қорытынды
Спорттық қоспалар саналы түрде таңдалған және мамандардың ұсыныстарына сәйкес қабылданған жағдайда пайдалы болуы мүмкін. Дұрыс әдіс-тәсіл қолданған кезде олар спорттық нәтижені жақсарту, қалыпқа келуді тездету және жалпы төзімділікті арттыруға қабілетті. Дегенмен күмәнді және ықтимал қауіпті қоспалардан аулақ болу, сонымен бірге зиянды әдеттердің олардың тиімділігіне деген әсерін ескеру маңызды.