Неге арықтағаннан кейін салмақ қайта оралады және нәтижені қалай сақтап қалуға болады

Салмақ секіріп тұр: неліктен килограмдар қайта оралады және нәтижені қалай сақтауға болады

Арықтау – тапсырманың бір бөлігі ғана. Көптеген адамдар үшін нәтижені сақтап қалу әлдеқайда қиынырақ: бірнеше ай немесе жылдан кейін килограмдар қайта оралады, ал кейде салмақ диетаға дейінгіден де көп болады. Неліктен осылай болып жатады? Терапевт-дәрігер, диетолог және эндокринолог маманы Алмагүл Ержекенова айтып береді.

Неліктен арықтаудан кейін салмақ қайта оралады?

Салмақтың қайта оралуы – әлсіз жігердің белгісі емес. Дене салмағы азайғаннан кейін ағзаға аз энергия қажет болады, ал тәбет күшейе түсуі мүмкін. Бұл – бейімделудің табиғи механизмдері.

Салмаққа гормондық бұзылыстар (мәселен, гипотиреоз – қалқанша безі гормондарының жетіспеушілігі және гиперкортицизм, кортизолдың шамадан тыс артық мөлшері), жас шамасы, жүктілік, етеккір үзілісі, кейбір дәрі-дәректер және генетика да әсер етеді. Ұйқының жетіспеушілігі тәбетті және калориялы тағамға деген құштарлықты күшейтуі ықтимал, ал созылмалы күйзеліс эмоцияға беріліп, шамадан тыс тамақтануды тудыруы мүмкін. Физикалық белсенділік, өз кезегінде, бұлшықет массасын және жасушалардың инсулинге деген сезімталдығын сақтауға көмектеседі.

Бұл тұста мінез-құлық факторы да бар: шектеулерден шаршаған адам арықтағаннан кейін ағзаға аз энергия қажет екенін ескермей, әдеттегі тамақтану тәртібіне қайта оралады.

Өзімнің тәжірибемде артық салмақты дұрыс тамақтанбаудың салдары ретінде ғана емес, кешенді түрде қарастырамын. Сондықтан кешенді әдіс-тәсіл аясында психолог және эндокринолог сияқты мамандармен бірге жұмыс істеуді ұсынамын.

Қандай қателер нәтижені сақтауға кедергі келтіреді?

Ең жиі кездесетін қателіктердің бірі – мүмкіндігінше тезірек арықтауға ұмтылу. Калорияның тым көп жетіспеушілігі аштық пен шаршағандықты күшейтеді, спортпен шұғылдануға кедергі келтіреді және бұлшықеттердің жоғалуына әкеліп соқтыруы бек мүмкін.

Азық-түліктің тұтас топтарын, медициналық көрсеткіштер болмаса да, алып тастау нағыз сәтсіз стратегияға айналады: тыйымдар неғұрлым көп болса, қандай да бір әдетке қайта оралу қаупі соғұрлым жоғары болады. Егер ас үлесі теңгерімді болса, әрі тамақтану тәртібі қатты ашығу сезіміне әкелмесе, ас қабылдауды өткізіп алудың зияны жоқ. Сондай-ақ нәтижеге ұйқының жеткіліксіздігі, қимыл-қозғалыстың аздығы, күйзеліс кезінде тамақ жеу әдеті және салмақты сақтау жоспарының болмауы да әсер етеді.

Бірнеше рет диета ұстағаннан кейін арықтау қиынырақ екені рас па?

Иә, кейбір адамдар үшін қиындай түседі. Бұл тұста ағза бейімделеді: энергия шығыны азаяды, ал ашығу сезімі күшеюі мүмкін. Бұл тек дене салмағының аздығына ғана емес, сонымен бірге бейімделу термогенезіне де байланысты болып келеді: ағза жаңа салмақпен күткеннен гөрі энергияны үнемдірек жұмсай бастайды.

Қатаң диеталар бұлшықеттердің жоғалуына әкелуі ықтимал және энергияға деген қажеттілік те одан әрі төмендей түседі. Қайта салмақ қосылғанда кей кездері, әсіресе, ақуыз жетіспегенде және күштік жүктеме болмаған жағдайда май бұлшықетке қарағанда тезірек қалпына келеді. Үнемі ашығу, әлсіздік, ашуланшақтық және тамақ туралы жабысқақ ойлар – бұл шамадан тыс шектеулердің белгілері. Егер ас үлесі тек мінсіз шарттар болғанда ғана сақталса, стратегияны да қайта қарастырған жөн.

Алайда бірнеше сәтсіз диета салмақ тастау мүмкін емес дегенді білдірмейді. Бұл ретте бұрынғы әрекеттердің неге іске аспай қалғанын түсіну және тәсілді өзгерту маңызды.

Арықтау қарқыны қандай болуы керек?

Артық салмағы бар көптеген ересектер үшін бағдар – аптасына 0,5-1 кг, дегенмен қарқын адамның бастапқы салмағына, жас шамасы және денсаулығына байланысты. Бұл жерде тек жылдамдық қана емес, сонымен бірге хал-жай, бұлшықеттерді сақтау және тұрақты ширығусыз тәртіпті сақтау мүмкіндігі де маңызды болып отыр.

Салмақтың бастапқыдан, тіпті, 5-10% төмендеуі қандағы қант деңгейі мен қан қысымын жақсарта алады. Ағзада сұйықтықтың кідірілуі, етеккір циклі, тамақтану және белсенділік ерекшеліктеріне байланысты салмақ әрдайым біркелкі төмендей бермейді, сондықтан қысқа уақытқа тоқтап қалу стратегияның жұмыс істемей қалғанын білдірмейді.

Арықтаудан салмақты сақтауға қалай өтуге болады?

Таразыда қажетті сан пайда болған кезде салмақ жайында ойлаудың орнына, салмақты сақтауға алдын ала дайындалған жөн. Не нәрсе көмектеседі:

  • жаңа салмақты ескере отырып, теңгерімді тамақтану;
  • егер қарсы көрсетілімдер болмаса, күштік жаттығуларды қоса алғанда, тұрақты қозғалу;
  • ұйқы және күйзеліс деңгейіне назар аудару;
  • салмақты мерзімді бақылау және әдеттерді дер кезінде түзету.

Неліктен темекіні тастаған соң салмақ артуы мүмкін?

Темекі шегуден бас тартқаннан кейін салмақ артуы мүмкін, алайда бұл баршада бірдей бола бермейді. Никотин тәбетті басып, зат алмасуға әсер етеді, сондықтан онсыз аштық күшейе түсуі мүмкін. Сонымен бірге дәм мен иіс сезу қабілеттері қалпына келеді, ал тамақ күйзелістен арылу немесе үзілісті толтыру үшін темекі шегудің орнын алмастыра бастайды.

Дегенмен салмақ қосу ықтималдығы темекіні тастаудан болатын пайданы жоймайды: жүрек, қан тамырлары мен өкпенің саулығы таразыдағы бұрынғы саннан әлдеқайда маңызды. Бұл тақырыпты үркітусіз және кінәлік сезімінсіз талқылау маңызды. Егер сіз әзірге темекі шегуден бас тартуға дайын болмасаңыз, тәуекелдерді азайтып, хиттерлерді қарастырып көруге болады. Олар құрамында 7000 астам химиялық зат пен 70 астам канцерогені бар темекі түтінінің түзілуіне жол бермейді. Алайда түпкі мақсат – бұл әркез әдеттен біржолата бас тарту болып қала береді.

Гастритке әкеліп соқтыратын 5 әдет
Терапевт-диетолог айтып береді Бала кезімізден-ақ бәріміз де аналарымыз бен әжелерімізден еститіндеріміз: «Тамақты құрғақтай жеме, бұл…
https://laikos.kz/kz/tamaq/5-privychek-gastrit/

Артық салмақ қоспау үшін не жеу керек?

Құрамында ақуыз, жасұнық және жеткілікті көлемі бар тағамдар жақсы жұмыс істейді: олар тойымдылықты ұзақ уақытқа дейін сақтайды. Әлденіп алуға келесілер жарамды:

  • қантсыз табиғи йогурт немесе сүзбе;
  • бүтін жемістер;
  • қолайлы тұздық немесе хумус қосылған көкөністер;
  • пісірілген жұмыртқа және көкөністер;
  • жаңғақтардың азғантай порциясы – олар калориялы келеді, сондықтан мөлшері маңызды;
  • айран немесе басқа тәтті емес ашымалы сусын.

Қарныңыз ашпаса, жеңіл-желпі тамақтану міндетті рәсім болмауы керек. Ашығудың жиі ұстамалары негізгі тамақтануда ақуыз бен жасұнықтың жетіспейтінін білдіруі әбден мүмкін. Физикалық ашығуды зерігу немесе мазасыздықтан туындайтын тамақ ішу қалауынан ажырата білген маңызды. Эмоциялық тамақтануға тыйым салудың қажеті жоқ – өз жай-күйлеріңізді айырып тануды үйрену әлдеқайда пайдалы.

Калорияларды санау мен жиі өлшену керек пе?

Калорияларды санау ас үлесінің құрамы мен порция көлемін түсінуге көмектеседі, дегенмен салмақ тастау үшін міндетті емес. Кейбіреулерде ол мазасыздық пен кінәлік сезімді күшейтеді. Егер күнделікті салмақ өлшеу сізді алаңдататын болса, оны сирек жасаңыз немесе басқа көрсеткіштерді қадағалаңыз: бел орамы, төзімділік, ұйқы және көңіл-күй.

Как вы оцените статью?
[Total: 0 Average: 0]

Оставить комментарий


The reCAPTCHA verification period has expired. Please reload the page.