Қысқы жүгіруге арналған кроссовкалар: үлгіні таңдаудың 5 факторы

Қыста жүгіруге арналған мінсіз кроссовкаларды таңдау: жылылық, ілінісу мен жайлылық

Қыс – жүгіруден бас тартудың себебіне айналмауы тиіс. Алайда аяғыңыз сырғанаса, тоңып жүрсе, әлде су болса, жүгіруден болатын ләззат жылдам еритіні сөзсіз. Лайқос қыс мезгілінде жүгіруге арналған дұрыс кростық аяқ киімді таңдауға көмектеседі.

Неліктен дұрыс аяқ киім таңдаған маңызды

Су болған аяқ, жермен ілінісуді жоғалту, буындардың созылуы мен суық тию қаупі – осының барлығы жарамсыз аяқ киімнің салдары. Жақсы қысқы кроссовкалар суықтан қорғайды, жылуды сақтайды және, тіпті, басылып жаншылған қардың бетінде де сырғанамайды.

Қысқы кроссовкалардың жазғысынан басты айырмашылығы

Жалпы қысқы үлгілер анағұрлым көлемді болып көрінеді, алайда бұл әшейін дизайн емес.

  • Материалдар: ылғалды өткізбейтін мата немесе мембранасы бар тығыз жабын.
  • Астары: флис немесе жылуды ұстап тұратын және ылғалды өткзбейтін синтетикалық жылытқыш.
  • Табаны: аязда қатып қалмайтын созылғыш резеңкеден жасалған терең протектор.
  • Бекітілуі: тайғақ төсемнің үстінде аяқ киімнің ішінде бос болмауы үшін өкше мен аяқтың ұшы тығыз орналасуы керек.

Жабынның түріне қарай кроссовкаларды таңдаудың жолы

  • Асфальт пен тапталған жолдар. Орташа протекторы мен жақсы амортизациясы бар үлгілер қолайлы.
  • Қар мен мұз. Табанында агрессивті суреті бар немесе бұдырлы келетін кроссовкаларды таңдаған абзал. Олар жермен максималды ілінісуді қамтамасыз етеді.
  • Топырақ пен соқпақтар. Бұл жерде ылғалдан қорғау мен бұдырлы табанның болғаны маңызды – онсыз аяқ тым тез су болады да, тұрақтылығы жоғалады.

Материалдар: жылылық пен ылғалдан қорғау

Қысқы кростық аяқ киімдегі басты нәрсе – жылу мен ауа өткізгіштік арасындағы тепе-теңдік.

  • Gore-Tex мембранасы ылғалдан қорғайды, дегенмен ауаны азырақ өткізуі мүмкін.
  • Мембранасы жоқ нұсқалар жеңілірек келеді, жақсырақ «тыныс алады», алайда ылғалды өткізбейтін қосымша материалмен қорғалуды қажет етеді.
  • Табан созылғыш резеңкеден жасалуы керек, әйтпесе аязда жермен ілінісуді жоғалтады.

Жайлылық пен табанды ұстау

Суықта амортизациялағыш көбік анағұрлым қаттырақ бола түседі, сондықтан амортизациясы жұмсақ әрі иілгіштігі жақсы үлгілерді таңдаған дұрыс. Өкшенің тығыз орналасуы аяқтың кроссовканың ішінде сырғанаудың алдын алады және буын немесе сүйектің шығып кету қаупін төмендетеді. Аяқ сенімді орналасуы тиіс, бірақ қысылмай тұруы керек.

Жылыту мен дұрыс шұлық

Бұл тұста тек қана іші жылы кроссовкаларға сену аздық етеді – термошұлықтың да болғаны маңызды. Мақта – ең сәтсіз нұсқа болып саналады: ол ылғалды сіңіреді және жылдам салқындатады. Оданда синтетика немесе меринос жүнін таңдаған абзал – жылу сақталады, әрі ауа өтеді. Егер аяғыңыз бәрібір тоңатын болса, жұқа жылытқыш ұлтарақты немесе жұқалтыр қабатты қосыңыз.

Шақтап көру: онлайн емес, қозғалыс арқылы

Қысқы кростық аяқ киімді күннің екінші жартысында өлшеп киген дұрысырақ, өйткені бұл уақытта табан біршама үлкейеді. Кроссовкаларды шақтап көрген кезде міндетті түрде жүгіруге арналған шұлығыңызды киіңіз. Жүріп көріңіз, секіріңіз – аяқ киім қысып тұрмауы тиіс, алайда бос та болмауы керек. Алғашқы киіп көргендегі жайлылық әрдайым дерлік қашықтықтағы жайлылыққа тең.

Қысқы кроссовкаларды таңдаудағы қателіктер

  • Бір өлшемге кемірек сатып алу – аяқ тоңады, ал қан айналымы бұзылады.
  • Протектордың болмауы – құлаудың басты себебі.
  • Әмбебап «барлық мезгілге арналған» кроссовкалар – бұл дақпырт: жазда ыстық, қыста тайғанақ.
  • Жабынды ескермей таңдау: асфальтқа жарамды үлгілер қардың үстінде мүлдем пайдасыз.

Қорытынды

Қыс мезгілінде жүгіру – бұл ерлік емес, дегенмен оған ақылмен дайындалу қажет. Жылы, орнықты кроссовкалар – керек-жарақтың бір бөлшегі ғана емес, сондай-ақ жүгіру жаттығуларыңыз үсіп қалумен емес, жақсы көңіл-күймен аяқталуының нағыз кепілі. Аяқ құрғақ, жылы және жерде нық тұратын болса, жүгіру, тіпті, -10 градус суықта да – нағыз рахатқа айналары хақ.

Как вы оцените статью?
[Total: 0 Average: 0]

Оставить комментарий


The reCAPTCHA verification period has expired. Please reload the page.