3D-принтерден шыққан тамақ: бұл не және ол не үшін керек - Лайқос

3D-принтерден шыққан тамақ: бұл не және ол не үшін керек

Болашақ әлдеқашан асүйімізге келген! Тағамдарды 3D-принтерде басып шығару – бұл біздің азық-түлікті қалайша өсіретінімізді, дайындайтынымыз бен тұтынатынымызды өзгертуге қабілетті технология. Лайқос мұның өзі қандай тамақ, оны не үшін басып шығарады және пештің жанында принтерді күту керек пе екендігін анықтайды.

Тағамды 3D басып шығару дегеніміз не

Тамақты 3D басып шығару – бұл арнайы тағамдық принтердің жеуге болатын ингредиенттердің қабаттарын сыға отырып, керекті пішін, текстура мен құрамға ие тағамды жасауы.

Ол шамамен шприц-кондитер секілді жұмыс істейді, тек әлдеқайда нақтырақ болар. Сияның орнына – езбелер, пасталар, протеиндер, шоколад, қамыр, өсімдік қоспалар қолданылады. Принтер тамақты қабаттап жағады да, күрделі құрылымдарды, өрнектер және, тіпті, еттің шынайы талшықтарын қалыптастырады.

3D-принтерден шыққан тамақ не үшін керек?

  1. Ғаламшарды тамақтандыру мен табиғатқа деген салмақты азайту үшін

Экологтар баяғыдан бері дабыл қағып келеді: дәстүрлі ет индустриясы – су мен жерді тұтыну бойынша, CO₂ шығындарының ең ірі көздерінің бірі.

3D басып шығару өсімдік негізіндегі немесе жануарлардың жасушалық дақылдарынан, яғни, оларды өлтірмей-ақ, антибиотиктерсіз және экологиялық тұрғыдан минималды ізбен баламалы стейктерді жасауға мүмкіндік береді.

  1. Дербес тамақтануды жасау үшін

Көз алдыңызға сіздің анализдеріңізге, мақсаттарыңыз бен өмір салтыңызға лайықты таңдалатын тамақты елестетіп көріңіз:

  • көбірек ақуыз – егер спортшы болсаңыз,
  • калориялар азырақ – егер арықтау қажет болса,
  • көбірек темір – егер тапшылығы болса,
  • арнайы консистенция – жұтыну бұзылыстары бар адамдарға.

3D басып шығару нутриенттерді ұқыпты мөлшерлей және тағамды нақты адам үшін бейімдей алады.

  1. Әдемі, күрделі және шығармашыл тағамды жасау үшін

Шоколадтан жасалған фигуралар, ерекше безендірілген торттар, қолмен жасалуы қиынға соғатын «адам нанғысыз» пішіндер – осының барлығын бас аспаздар қазірдің өзінде принтерлердің көмегімен істеп келеді. 3D-тамақ – бұл гастрономиялық өнердің жаңа деңгейі.

  1. Тез дайындау және қайталанатын жұмысты автоматтандыру

3D-принтер пиццаға арналған қамырды сығып бере алады, күрделі тағамдарды қабаттап жинайды, пішіні бойынша мінсіз бірдей өнімдерді жасайды және қалдықтарды дерлік қалдырмайды. Осының барлығы уақытты үнемдейді және мейрамханалар мен асханалардағы тағамдардың бағасын төмендетеді.

  1. Ғарышқа арналған тағамды жасау үшін

NASA ұзақ ғарыштық миссияларға арналған тамақтың 3D басып шығарылуын белсенді түрде сынақтан өткізіп жатыр. Міндет – ғарышкерлердің құтылардан ғана тамақ ішпеуі мақсатында алуан түрлі және нәрлі тамақты тікелей борттың ішінде жасай алу.

3D-принтер шығарған тамақ қауіпті ме?

Қазіргі уақытта зерттеулер көрсетіп отырғандай, технология үш шарт орындалғанда ғана қауіпсіз болып саналады:

  1. Сапалы тағамдық қоспалар қолданылған жағдайда.
  2. Принтерлер азық-түлікпен жанасуға рұқсат етілген материалдардан жасалса.
  3. Санитария мен температура нормалары сақталған болса.

Яғни, бұл сол баяғы тағамдық өнім, тек ол басқа тәсілмен дайындалады екен. Бірнеше жылдан кейін мұндай принтер үйдегі асүйлерде де пайда болуы әбден мүмкін – бір кездері тура мультипісіргіштер пайда болған секілді.

Қорытынды

Бәлкім, 3D-принтерлер дәстүрлі асүйдің орнын баса алмайтын болар, дегенмен оның мүмкіндіктерін айтарлықтай кеңейтетіні сөзсіз: олар анағұрлым жылдамырақ, нақтырақ, экологиялық және қауіпсіз дайындауға көмектеседі. Кім білсін, жуырда әрқайсымыздың асүйімізде осындай жеке 3D-принтер пайда болатын да шығар?

Как вы оцените статью?
[Total: 0 Average: 0]

Оставить комментарий


The reCAPTCHA verification period has expired. Please reload the page.