Өзіңізді жеңіл сезінуге септесетін 5 көктемгі салат пен көже - Лайқос

Тәрелкедегі көктем: өзіңізді жеңіл сезінуге септесетін салаттар мен көжелер

Көктем – артық нәрсенің барлығынан да құтылғыңыз келетін уақыт: ауыр пальто, шаршағандық және… майлы қысқы тамақ. Ағзаның өзі жеңілдікке, балғындық пен жарқын дәмдерге ұмтылады. Лайқос пайдалы көктемгі ДТ-тағамдарының рецепттерін жинады.

Классикалық көктемгі салат

Тәрелкедегі көктем: өзіңізді жеңіл сезінуге септесетін салаттар мен көжелер

Калориялығы: бір порцияда ~90-110 ккал.

Сізге қажетті азықтүлік:

  • Орамжапырақ (қауданның үштен бірі)
  • Қияр – 1 дана
  • Пісірілген жұмыртқа – 1-2 дана
  • Көк шөп (аскөк, ақжелкен)
  • Тұз, дәміне қарай
  • Дәмдеуіш: қаймақ, грек йогурты немесе зәйтүн майының бір тамшысы қосылған лимон шырыны

Қалай дайындаймыз

Орамжапырақты тураймыз, аздап тұз себеміз, көкөніс жұмсақ болуы үшін қолмен езгілейміз. Қиярды жарты сақина етіп, ал жұмыртқаны текшелеп кесеміз. Көк шөп, дәмдеуішті қосамыз, араластырамыз және дастарханға ұсынамыз.

Орамжапырақ пен сәбізден жасалған көктемгі салат

Тәрелкедегі көктем: өзіңізді жеңіл сезінуге септесетін салаттар мен көжелер

Калориялығы: бір порцияда ~80 ккал.

Сізге қажетті азық-түлік:

  •  Орамжапырақ – 200 г
  •  Сәбіз – 1 дана
  •  Кез келген көк шөп
  •  Лимон шырыны, зәйтүн майы
  •  Қалауыңыз бойынша – күнжіт, зығыр майы, асқабақ дәні

Қалай дайындаймыз

Орамжапырақты тураймыз, сәбізді ірі үккіштен өткізіп аламыз. Көк шөп пен асқабақ дәндерін қосамыз, лимон шырыны мен май қатамыз, араластырып алып, дастарханға ұсынамыз.

Мерекелік дастарханға арналған таңқышаян таяқшалары қосылған көктемгі салат

Тәрелкедегі көктем: өзіңізді жеңіл сезінуге септесетін салаттар мен көжелер

Калориялығы: ~130–150 ккал.

Сізге қажетті азық-түлік:

  • Таңқышаян таяқшалары – 150 г
  • Орамжапырақ – 150 г
  • Пісірілген жұмыртқа – 2 дана
  • Көк пияз – бір бума
  • Йогурттан жасалған дәмдеуіш немесе бір қасық қаймақ

Қалай дайындаймыз

Орамжапырақты майдалап тураймыз, таңқышаян таяқшаларын сақина түрінде, жұмыртқаны текшелеп, ал пиязды майдалап кесеміз. Бәрін қосамыз да, дәмдеуішті қатамыз.

Көктемгі жасыл көже

Тәрелкедегі көктем: өзіңізді жеңіл сезінуге септесетін салаттар мен көжелер

Калориялығы: бір порцияда ~60–80 ккал.

Сізге қажетті азықтүлік:

  • Қымыздық немесе асжапырақ – 100 г
  • Көк пияз – бір бума
  • Картоп – 1-2 дана
  • Жұмыртқа – 1 дана
  • Тұз, лавр жапырағы

Қалай дайындаймыз

Картопты текшелеп тураймыз, су құйылған кәстрөлге саламыз да, дайын болғанға дейін қайнатамыз. Қымыздық немесе асжапырақ, көк пияз, лавр жапырағын қосамыз. Бір-екі минуттан кейін араластырылған жұмыртқаны жіңішке ағынмен құйып, үнемі араластырып тұрамыз, әрі көжені тағы бірнеше минуттай қайнатамыз.

Көк бұршақ пен жұмыртқа қосылған көктемгі көже

  • Тәрелкедегі көктем: өзіңізді жеңіл сезінуге септесетін салаттар мен көжелер

Калориялығы: бір порцияда ~100-120 ккал.

Сізге қажетті азық-түлік:

  • Көк бұршақ – 150 г (жас немесе қатырылған)
  • Картоп – 1-2 дана
  • Пияз – 1 кішкентай данасы
  • Жұмыртқа – 1 дана
  • Көк шөп, дәмдеуіштер

Қалай дайындаймыз

Пиязды жұмсақ болғанша дейін кәстрөлде қуырамыз, текшелеп туралған картопты қосамыз әрі оны кішкене қызартамыз. Су құямыз да, картоп піскенше дейін қайнатамыз. Көк бұршақ пен көк шөпті қосып, тағы да 5 минут қайнату керек. Араластырылған жұмыртқаны жіңішке ағынмен құйып, ақырын араластырып тұрамыз.

Қорытынды

Көктем – дұрыс тамақтанумен достасудың тамаша мезгілі. Қинау арқылы емес, жеңілдік, маусымдық өнімдер мен қарапайым рецепттер арқасында. Дәмді тамақтаныңыз, өз қарқыныңызға сәйкес қозғалыңыз және мына бір жайтты қаперіңізден шығармаңыз: тамақ – бұл да өзіңізге деген қамқорлық.

Как вы оцените статью?
[Total: 0 Average: 0]

Оставить комментарий


The reCAPTCHA verification period has expired. Please reload the page.