
Денсаулық туралы дақпырттар: Сымбатты болу = дәмсіз тамақ жеу ме?
Лайқос тамақтану туралы дақпырттарды талдауға бел байлады. Бұл тұста дәрігер-терапевт әрі иммунодиетолог Алмагүл Ержекенова көмектесті. Кеңінен танымал диеталардың артында шын мәнісінде не жасырынып тұр? «Зиянды» және «пайдалы» өнімдер бола ма? «Тойымды түскі астан кейін май басып кетпес үшін дереу темекі тарту керек» деген шынында да керек нәрсе ме?
«Арықтау – бірыңғай және дәмсіз тағамдарды жеу деген сөз емес»
Салмақ жоғалту дегеніміз міндетті түрде бірыңғай, дәмсіз, жалықтыратын тағамдарды жеу дегенді білдірмейді. Бұл рацион да, менің пайымымша, дәмді бола алады және солай қала беруі тиіс, сонымен бірге қажетті мөлшердегі калорияларға ие болуы керек. Арықтаған кезде біз бұлшықет массасын өте жылдам жоғалтып отырамыз. Егер ақуыздың нормасын жемесеңіз және, тіпті, біршама артығырақ қоспасаңыз, онда салмақ жоғалтудың салдарын ондаған жылдардан кейін анықтауға болады. Сол кезде сүйек тінінің тығыздығы азаяды, әрі бұлшықет төзімділігі, күші бұрынғыдай болмайды.
«Тойымды түскі астан кейін май басып кетпес үшін дереу темекі тарту керек»
Шын мәнісінде, тойымды түскі астан кейін және жалпы кез келген ас қабылдаудан соң біршама күте тұрған жөн. Сәл шыдай тұру және темекі тартпау керек. Егер, тіпті, бұл әдетіңіз өміріңізге соншалықты қатты сіңіп кетсе де, ас ішкеннен кейін шылымды бірден шегу, бұл рефлюкс ауруы, гастриттер, және асқазан-ішек жолының басқа да көптеген бұзылыстарына әкелуінің басты шарттарының бірі, соның ішінде жоғарғы түйткілдерден бастап, яғни, ауыз қуысының түйткілдері. Өйткені осы сәтте тіс кіреукесі ең осал жер болып саналады. Яғни, тамақтың құрамында кездесетін қышқылдар кіреукені жұқартады.
Бұл табиғи үдеріс. Сондықтан тамақтан кейін бірден тіс тазалауға да, темекі тартуға да, шай немесе кофе ішуге де болмайды. Неліктен? Өйткені тістің кіреукесі жанды жер, әрі нақ сол сәтте ол сырттан келетін заттардың барлығын сіңіріп алады, яғни, боялады. Әрі қарай, төменірек жүрейік, нақ сол мезетте асқазан бос емес, ол ас қорытумен айналысып жатады. Оның өңеш саңылауы жабық болуы тиіс, өйткені ол бос емес, ол жұмыс істеп тұр. Ал біз темекі тартқан кезде түтінді деммен бірге жұтып, ол ауыз арқылы өтеді де, өкпеге ғана бармайды, өңеш арқылы да өтіп, төмен қарай түседі, оны рефлексті түрде тітіркендіріп, осы қысқышты әлсіретеді, бұл өңеш пен асқазан арасындағы тесік. Сонда өз ісімен айналысып жатқан асқазанға кенет түтін түседі. Әрине, бұл ас қорыту үдерісінің өзін бұзады. Импульс рефлексті түрде ішекке дейін жетеді, өйткені тамырлардың тарылуы болып жатады.

«Әмбебап диета жоқ. Ол жеке ерекшеліктерге сәйкес таңдалады»
Әлбетте, белгілі бір әмбебап ережелер баршылық, әрі олар бойынша мейлі бұл емдік тамақтану болсын, мейлі бұл арықтау мақсатындағы диета болсын, яғни, көбінесе калориясы төмен рацион құрастырылады. Әмбебап тұстар бар, әрі оларды ескеру керек. Дегенмен осыған қарамастан, нәтижесінде біз әрбір адаммен жеке жұмыс істеу қажеттілігін түсінеміз. Сондықтан, иә, мен жеке тәсіл үшін, тамақтануға деген айырықша қатынас үшін дауыс беремін. Бәлкім, дәл осыған байланысты мен диетолог маманы да шығармын.
«Жиі және бөліп тамақтану керек»
Жиі және бөліп тамақтану баршаға бірдей үйлесе бермейді, мұны түсіну қажет. Атап айтқанда, бала кезінен осылай ас ішуге үйретілген адамдар жиі және бөліп тамақтанады, олар тамақтанудың осындай еселігіне, жиілігіне қандай да бір жолмен келген. Әрине, бұл асқорыту жолы үшін жеңіл, осылайша жұмыс істеу әлдеқайда жеңілірек. Бір уақытта анағұрлым азырақ көлемді қорыту керек, әрі түскен азықты тиімдірек ыдырату және қоректік заттектерді сіңіруге болады. Алайда адамдардың көбі жиі және бөліп тамақтанбайды ғой. Баршамыз да күніне үш рет, кейде екі рет, ал кейбіреулер, тіпті, бір-ақ рет ас ішеді, әрі бұл біз үшін жайлы болып отыр. Бұл тұста гәптің бәрі жайлылықта екенін түсінген маңызды.
Дегенмен тамақтану тәртібін кенет өзгертудің өзіндік салдары бар. Өйткені асқазан-ішек жолы осылай өмір сүруге әбден әдеттенген, ал біз оны күштеп, ол мүлдем күтпеген кезінде тамақты қорытуға мәжбүрлейміз. Сөйтіп, бұл жерде функционалды бұзылыстар басталады: іш қату, іш өту, қыжыл, уақытылы тамақтанбаудың алуан түрлі салдары, тіпті, қабыну үдерістеріне әкеліп соқтыратын күрделі бұзылыстарға дейін жетеді. Бұл, бір қарағанда, өте жеңіл, қарапайым сұрақ секілді. Мен күніне үш рет тамақтанайын ба? Әлде алты рет тамақтанған дұрыс па? Алайда тамақтану жиілігінің салдары мен әсері көптеген аспектілерге таралады. Сондықтан бұған мұқият, әрі байыпты қараған абзал.