Бөліп тамақтану: артықшылықтары мен кемшіліктері, ғылыми фактілер

Бөліп тамақтану – дақпырт па, әлде пайда ма?

9 сұрақ

Бөліп тамақтану нені білдіреді?

Бөліп тамақтанудың басты мақсаты:

Әдетте тамақтану арасында қандай уақыт аралығы сақталады?

Бөліп тамақтану жалпы зат алмасу үдерісін арттыра ма?

Бөлшектеп тамақтанудың қандай кемшілігі болуы мүмкін?

Бөліп тамақтану кімге аса қолайлы?

Кімге бөліп тамақтану жарамауы мүмкін?

Бөліп тамақтану жылдам арықтауға көмектесетіні рас па?

Бөліп тамақтанғанда қандай ережені ұстанған абзал?

Дұрыс тамақтану мәселесі көпшілікті толғандыратыны рас. Соңғы жылдары бөліп тамақтану, яғни, әрбір 2-3 сағат сайын кішкентай порцияларды жеуге көшу бойынша кеңестерді жиі естуге болады. Мұндай тәртіп зат алмасу үдерісін жылдамдатады, арықтауға көмектеседі және жалпы хал-жайды жақсартады деп есептеледі. Лайқос мұның шындыққа қаншалықты жанасатынын анықтады.

Бөліп тамақтану дегеніміз не?

Жалпы бөлшектеп тамақ ішу – бұл адамның үйреншікті таңғы, түскі және кешкі астардың орнына күніне 5-6 рет шағын ғана порциялармен тамақтану жүйесі. Теория жүзінде бұл қандағы қантты тұрақты деңгейде ұстап тұруға, қатты қарын ашу сезімінің алдын алу мен тұтынған калориялардың мөлшерін қадағалап отыруға мүмкіндік береді.

Артықшылықтары

  • Аштық сезімінің төмендеуі. Жиі ас қабылдау қандағы қант деңгейінің күрт төмендеуіне жол бермейді, әрі бұл тойып жеуге деген әуестікті азайтады.
  • Асқазанішек жолының ауруларына шалдыққандағы қолдау. Гастрит, ойық жара немесе рефлюкс кезінде бөліп тамақтану шынымен де асқазанға түсетін жүктемені төмендетеді.
  • Психологиялық жайлылық. Тамақтану арасындағы ұзақ үзілістерді көтере алмайтын адамдарға мұндай тәртіп өзін жайлы сезінуге септігін тигізеді.

Кемшіліктері

  • Артық тамақтану қаупі. Егер порциялардың мөлшері бақыланбаса, «жиі және аз-аздан» нағыз «жиі және көп» дегенге айналуы оңай.
  • Ұстанудың қиыншылықтары. Қазіргі заманғы өмір ырғағында әрбір 2-3 сағат сайын тамақтану мүмкіндігі әрдайым қолайлы бола бермейді.
  • Асқазанішек жолына деген артық салмақ. Ас қорыту жүйесінің тұрақты түрде жұмыс істеп тұруы кейбір бұзылыстар кезінде жағымсыз әсер етуі мүмкін.

Ғылыми көзқарас

Заманауи зерттеулер көрсетіп отырғандай, классикалық үш реттік ас ішумен салыстырғанда бөліп тамақтану метаболизм үдерісін аса қатты жылдамдата қоймайды. Бұл тұста тамақтану жиілігі емес, калориялардың жалпы тепе-теңдігі мен ас үлесінің құрамы негізгі рөл атқарады. Алайда қант диабетіне шалдыққан, метаболизмдік синдромы мен асқазан-ішек жолының кейбір дерттері бар адамдар үшін бөлшектеп тамақтану шын мәнісінде пайдалы болуы ықтимал.

Бөліп тамақтану кімге жарамды

Шамадан тыс көп, әсіресе, кешкі уақытта тамақ жеуге бейім келетін адамдарға, сонымен бірге ас қабылдау арасындағы ұзақ үзілістер барысында қатты аштық сезіміне тап болатын жандарға бөліп тамақтану ерекше пайдалы. Бұл асқазан мен ішек ауруларына ұшыраған науқастарға, мәселен, гастрит немесе ойық жара ауруы кезінде нағыз қолдауға айнала алады – дегенмен бұл дәрігердің тағайындауы бойынша ғана жасалуы тиіс.

Кімге бөліп тамақтануға болмайды

Егер сізге күніне екі-үш рет тамақтану қолайлы болса, әрі денсаулыққа байланысты ешқандай түйткіл болмаған жағдайда, міндетті түрде бөліп тамақтануға ауысудың қажеті жоқ. Сонымен бірге бұл жұмыс тәртібі тығыз адамдарға мүлдем қолайсыз болатыны сөзсіз, өйткені әлденіп алу үшін үзіліс жасауға мүмкіндік болмайды. Айта кетсек, ас қорыту жүйесінің кейбір бұзылыстары кезінде, мысалы, іштің кебуіне бейімділік бар болса, тым жиі тамақтану хал-жайды тіптен нашарлатып жіберуі мүмкін.

Қорытынды

Бөліп тамақтану – денсаулық пен сымбаттылықтың әмбебап рецептісі емес. Ол аштық сезімін бақылауда және белгілі бір ауруларға шалдыққан кезде пайдалы құрал болуы ықтимал, алайда қалған жағдайларда теңдестірілген тамақтану мен тағамның жалпы жұғымдылығы негізгі фактор болып қала бермек.

Как вы оцените статью?
[Total: 0 Average: 0]

Оставить комментарий


The reCAPTCHA verification period has expired. Please reload the page.