Ботқалардың денсаулыққа әсері: танымал түрлерінің пайдасы мен ықтимал зияны - Лайқос

Ең жақсы таңғы ас? Ботқалардың пайдасы мен зияны

«Ботқаны аз жедің бе?» – деп ауыр затты көтере алмаған жағдайдың әрқайсысында сұрап жатады. Балалық шағымыздан бастап бізге былай деп үйрететін: таңғы асқа берілетін ботқа – бұл міндетті тағам, әрі бұл пайдалы. Уақыт өте келе тамаққа байланысты көзқарасымыз өзгеріп отырады, әрі кезінде балабақшада тәрелкенің түбіне жағып отыратын ұнтақ жармасынан жасалған ботқамыз әлемдегі ең дәмді тағам болып көрінуі бек мүмкін, егер әрине оны дұрыс пісіре білсеңіз. Сонымен таңғы ас кезінде ботқаларды ішу шынымен де пайдалы ма? Ботқалардың қайсысы ең пайдалы екенін және денсаулыққа деген жағымсыз салдарынан аулақ болу үшін ботқаларды ас үлесіне дұрыс қосудың жолын анықтайық.

Әртүрлі ботқалардың пайдасы

Алуан түрлі жармалардан пісірілген ботқалар адам ағзасы үшін өзіндік бірегей қасиеттер мен артықшылықтарға ие болып келеді.

Сұлы ботқасының пайдасы

Ең танымал және пайдалы ботқа, сэр. Ол жасұныққа бай, әрі асқазан-ішек жолының жұмысын қалпына келтіруге көмектеседі және зат алмасу үдерісін жақсартады. Ұзақ уақыт бойы тоқмейілдік сезімін сақтайды. Өзінің салмағы мен жүрек денсаулығын қадағалайтын адамдар арасында танымал.

Қарақұмық ботқасының пайдасы

Бұл, әсіресе, спортшылар арасында ерекше сүйікті ботқаның түрі. Оның құрамында ақуыздар мен маңызды аминқышқылдары көптеп кездеседі, сол себептен осы ботқа вегетариан адамдар үшін мінсіз таңдау. Қандағы қант деңгейін қалыпқа келтіруге көмектесетеді, сондықтан қант диабетіне шалдыққандар үшін пайдасы мол.

Тары ботқасының пайдасы

В тобына жататын дәрумендер мен темірге бай, сонымен бірге тері, шаш және тырнақ денсаулығын сақтауға көмектеседі. Жүрек-қан тамырлары жүйесіне жағымды әсерін тигізеді.

Арпа ботқасының пайдасы

Құрамында жасұнық пен күрделі көмірсулардың көп кездесетіндігі белгілі. Ол баяу сіңеді, осылайша ұзақ сақталатын тоқтық сезімі мен қуат деңгейінің тұрақтылығын қамтамасыз етеді.

Күріш ботқасының пайдасы

Ағзаға жеңіл сіңіп кетеді. Диеталық тамақтануда жиі пайдаланылады. Көмірсуларға бай және адам ағзасын энергиямен қамтамасыз етеді. Ақ күріш ботқасы аурудан кейін қалыпқа келу үдерісінде ерекше пайдалы болып келеді.

Жүгері ботқасының пайдасы

Құрамында А дәрумені бар, ол көру қабілеті мен иммундық жүйе үшін аса пайдалы. Ағзаның глютенді қабылдамауына тап болғандар үшін қолайлы, өйткені ол жүгерінің құрамында жоқ.

Ботқалардың зияны мен ықтимал қауіптері

Барлық ботқа түрлері бірдей пайдалы бола бермейді. Олардың кейбірі белгілі бір жағдайларда денсаулыққа жағымсыз әсер етуі мүмкін.

Ұнтақ жарма ботқасының пайдасы мен зияны әлі күнге дейін көптеген сұрақтарды тудырады, әрі бұл жерде бәрі де адамның денсулығына байланысты болып отыр. Оның құрамында көмірсулар көп, ал жасұнық аз, демек бұл артық салмақ жинау мен қандағы қант деңгейінің жоғарылауына (жиі тұтынылған жағдайда!) әкеліп соқтыруы ықтимал. Әсіресе, ұнтақ жармасынан жасалған ботқаны сүтке пісіріп, оған қант және тосапты қосса, бұл тағамның калориялығын бірнеше есеге арттырады.

Сұлы ботқасына келер болсақ, мұнда да бәрі оңай емес: барлығы оның дайындалуына байланысты. Жылдам дайындалатын сұлы үлпегінің құрамында қоректік заттар аз, ал қант көп, осылайша бұл ботқаның пайдалы қасиеттерін төмендетеді. Ал тағамға қант, жаңғақ, бананды қосу оның калориялығын арттыра түседі. Сонымен бірге адамдардың көбі суға пісірілген сұлы ботқасын онша ұната бермейді.

Барлық артықшылықтарға қарамастан, жүгері ботқасы іштің кебуі мен газдың түзілуін тудыруы ықтимал. Оның үстіне бұл тағамның құрамында ақуыз бен май аз, сондықтан басқа ботқа түрлеріне қарағанда оның құнарлылығы анағұрлым кемірек болып келеді.

Таңдау мен дайындау бойынша ұсыныстар

Таңғы астан барынша көп пайда алу және зиянды төмендету үшін негізгі ережелерді сақтаған абзал.

  1. Тұтас дәнді ботқаларды таңдау керек. Тазартылған және өңделген дәндермен салыстырғанда олардың құрамында жасұнық пен қоректік заттар көбірек кездеседі.
  2. Қант пен сары майды қосуды мүмкіндігінше азайтқан жөн. Оданда жаңа піскен жеміс, жидек немесе жаңғақты қосыңыз, бұл ботқаның дәмін жақсартады және қоректілік құндылығын арттырады.
  3. Ботқаларды су немесе өсімдік сүтінде пісірген дұрыс. Бұл тағамның калориялығын төмендетеді және асқазан үшін оны әлдеқайда жеңіл ете түседі.
  4. Ас үлесінің әртүрлілігі: таңғы ас кезіндегі сұлы ботқасы мен түскі ас кезіндегі «қарақұмық қосылған тауық етіне» қадалудың қажеті жоқ. Әртүрлі ботқа түрлерінің кезектесуі ағзаны алуан түрлі дәрумендер және минералдармен қамтамасыз етуге көмектеседі.

Қорытынды

Ботқалар пайдалы, әрі зиянды болуы бек мүмкін – бұл тұста барлығы да оның түрі мен дайындалу әдісіне байланысты болады. Егер мақсатыңыз – салмақ қосу болса, онда ұсынылмайтын нәрселердің бәрін де қосуға болады: сүтке пісіру, сары май қантты көбірек қосу, және т.с.с. Ас үлесіңізге әртүрлі ботқаларды қосуға тырысыңыз, сонда олар ағзаңызға тек пайдасын ғана тигізетіні шүбәсіз.

Как вы оцените статью?
[Total: 0 Average: 0]