Чипс: ғаламат өнім, пайдасы жоқ құрғақ жем - Лайқос

Чипс: ғаламат өнім, пайдасы жоқ құрғақ жем

Фастфуд жұлдызы гастрит, гипертония, семіздік пен қатерлі ісіктің «демеушісіне» қалай айналды?

Қытырлақ картопты ойлап тапқан Джордж Крам 92 жыл жасапты. Бұлайша ұзақ өмір сүруінің бір сыры өзі ойлап тапқан зиян бәлені мүлдем жемегенінде жатыр деген сөз де айтылып қалады.

КАРТОП ҚАЛАЙ «ШЫНЫҚТЫ»?

Бір қарағанда чипс сол баяғы картоп секілді көрінуі мүмкін. Диетоогтардың сөзіне қарағанда, оның құрамы «негізінен аминқышқылдары, B тобы дәрумендері, фолий қышқылы, С, H, PP дәрумендері кіретін крахмалдан» тұрады екен. Картопта жүрек-тамыр және жүйке жүйелерінің қалыпты жұмыс істеуінде, ағзадағы су және қышқыл-сілті балансын сақтауда үлкен маңызға ие зат калий көп. Сондай-ақ кальций, магний, цинк, селен, йод және басқа микроэлементтер мен табиғи антиоксидант флавоноидтар бар.

 

Басқаша айтқанда, картоп – сан алуан пайдалы дүние ұсына алатын диеталық өнімі. Онда неге чипсты тұрақты жей берудің ақыры семіздікке, ас қорыту жүйесі мен зат алмасудың бұзылуына алып келіп, ойлау қабілетінің дұрыс жұмыс істеп тұруына, жүйке жүйесінің жағдайына кері әсер етеді, тіпті қатерлі ісік қаупін тудырады?

 

Мәселе картопты өңдеу әдісінде жатыр, сондай-ақ қазіргі чипстың бәрін табиғи деп атауға келмейді. Бүгінгі өндірушілер, әсіресе ірі ұйымдар бұрынғыша картопты аршып, оны жақсы турап, сапалы өсімдік майында бір рет қана қуырып алады дей алмаймыз.

 

Осы күні чип жасаудың мынадай технологиялық әдісі таралған: ең әуелі рецептура алмастырғыштар мен тағам қоспалары тұрғысынан өзгереді, салдарынан ақтық өнім құрғақ жартылай фабрикаттан, яғни қауыз немесе грануладан (айтпақшы, оның өзі картоптан жасалмауы мүмкін) алынады. Бұл жартылай фабрикатқа су қосылып, қамырға айналады. Соңында осы қамырдан арзан пальма майына сан рет қуырылған чипс әзірленеді.

 

Нәтижесінде шыққан өнімде дәрумен де, құнарлы хаттар да, ақуыз бен пайдалы көмірсу да жоқ. Тек тәуелдік тудыратын үлкен көлемдегі калорияны, майды, тұз бен дәмдегіштерді, хошиістендіргіштерді, конверванттарды табасыз. Ол аз десеңіз, холестерин мен канцероген де кездеседі.

 

ЧИПС ҚАЛАЙ ҚАТЕРЛІ ІСІККЕ ШАЛДЫҚТЫРАДЫ?

Чипс қуырылған кезде май мен крахмалдың жылу ажырауы жүреді, сондай-ақ соңғы зат қантпен әрекетке түседі. Осының салдарынан өте қауіпті химиялық байланыстар түзіледі. Мысалы, уыты жоғары және күшті тітіркендіру әсері бар акролеинді, сонымен қатар қатерлі ісіктің, бірінші кезекте асқазан обырының пайда болуын тудыруы мүмкін акриламид мен глицидамидті атауға болады. Бұлар бауыр, бүйрек, көздің шырышты қабығы үшін улы, орталық және перифериялық жүйке жүйесіне айтарлықтай зиян. Сонымен қатар онкологтардың пікірінше, акриламид адам ағзасындағы генетикалық мутациялардың себебі екен. Ал бір рет құйылған майдың чипс қуыру үшін қайта-қайта қолданыла беретінін ескерсек, оның құрамындағы зиянды заттардың концентрациясы әлденеше есе артады.

 

ҚОСПА ҚАЙТЕДІ?

Тұтынушының асқазаны үшін күресте қазіргі қытырлақ картоп тек тарихымен ғана «мақтана» алмайды. Мәселен, Қытайда «Қаражидек», «Киви», «Қияр», сонымен қатар лимон қосылған шәй дәмі бар чипс сатылады. Үнді компаниялары жалбызды чипс шығарады. Жапонияда борщ дәмді чипс бар. Канадалықтар үйеңкі сиробы мен бұлан еті дәмін беретін картоп бөліктерін жеп жүр. Ал California Kettles компаниясында «Қанды Мэриді» дәмін қайталайтын қытырлақ снек әзірлейді. Осыншама алуан түрлі дәмнің ішінде Walkers британ компаниясы ерекше көзге түседі: 2009 жылы Walkers нарыққа тиін дәмі бар чипс сортын шығарыпты.

 

Әрине, өндіріс барысында бірде-бір аңның зардап шекпегені белгілі. Мәселе заманауи чипстың құрамында хошиістендіргіштер, бояғыштар және дәмдеуіштердің көп екені сонша, оны тағам, химия өндірісінің өнімі деп атауға болады. Бұл – аталған тіскебасардың бағы бір проблемасы.

 

Мұндай снекті бақылаусыз жей беру, әсіресе ашқарынға қабылдау, ас қорытудың жұмысын бұзады, бұл бауырға, жүрекке, қан тамырларына, жүйке жүйесіне кері әсерін тигізбей қоймайды. Бұдан бөлек зат алмасуды нашарлатады, салдарынан кем дегенде безеу шығады. Бронх астмасына дейін апаруы мүмкін түрлі аллергия реакциялары, иммунитеттің төмендеуі, тіс эмалінің бұзылуы – бұл да чипстегі тағам қоспаларының «арқасы». Бонус ретінде ауыздан жағымсыз иістің шығуын қосып қойыңыз, себебі чипстің микробөліктері өңеште қалып қойып, шіри бастайды. Сонымен қатар өнімге натрий глутаматы атты дәм күшейткіш қосылады. Бұл – тәуелдік тудыратын хат. Глутаматқа үйренген адамға онсыз тамақ дәмі жоқ секілді көрінеді де тұрады. Есесіне глутамат қосылған тамақ шамадан тыс артық жеп қоя алады. Нәтиже – біреу: артық салмақ.

 

ТҰЗЫ АУЫР

Түрлі қоспадан бөлек чипсқа тұз көп салынады. Хлор натриі метаболизмді бұзады, ағзада сұйықтықтың жиналуына алып келеді, сүйектің толыққанды өсуіне бөгет болады, жүрек-тамыр жүйесіне кері әсер етіп, күретамыр қысымының артуын тудырады. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы бір тәулікте 5 грамм ғана тұз тұтынуға кеңес береді, яғни ортастатистикалық чистың жүзграмдық пакеті бұл көрсеткіштің жартысын бір-ақ сәтте «қамтамасыз» ете алады.

 

Айтпақшы, ойлап табылған соң 90 жыл бойы, яғни 1940 жылға дейін чипсқа тұз қосылмайтын. Тіскебасарды жанына тұз қосып сатуды алғаш рет Tayto атты ирланд фирмасы қолға алыпты. Кейіп барып қана өндіріс деңгейінде чипске тұз жаппай қосыла бастады, яғни тұтынушылар тұзбен немесе тұзсыз жеймін деген таңдаудан айрылды.

 

МАЙЛЫ ЕКЕН

Бұдан бөлек чипстың калориясы жоғары: 100 грамм өнімде орта есеппен 500-700 Ккал бар. Бұл – танымал тіскебасарлардың арасындағы ең үлкен көрсеткіш. Қуырылған картоп снегіндегі трансмайлар иммунитетті нашарлатады, диабеттің пайда болу ықтималдығын арттырып, еркектерде тестостеронның деңгейін төмендетіп жібереді. Тұрақты жей берсеңіз, сүт безі қатерлі ісігіне шалдықтыруы, сонымен қатар инфаркт мен жүректің ишемия ауруынан болатын өлім қаупін жоғарылатуы мүмкін.

 

ҚАЙТПЕК КЕРЕК?

Бір рет жегенде тұрған ештеңе жоқ. Яғни айына шамамен бір рет сенімді өндірушінің дүкенде сатылатын чипсын алып көруге болады. Одан қатерлі ісікке шалдығамын-ау деп те уайымдамаңыз.

 

Сондай-ақ балама өнімдерге назар аударып көріңіз. Нарықта вакуумды құрғату секілді дұрыс технологияларды қолданатын, глютен, бояғыш, күшейткіштерден бас тартқан, осылайда чипс жеуден келетін зиянды барынша азайтуға тырысатын өндірушілер бар.

 

Дұрыс тамақтануды қолдайтындар сатылымдағы көкөніс пен жемістен өз қоылмен чипс жасап алуға шақырады. Тіпті орамжапырақ пен шалғам да жарай береді екен. Үйде әзірленген чипстың зиянын азайту үшін оны майға қуырмай-ақ, арнайы электр құрғатқышта немесе төмен температурада қосылған духовкада кептіруге болады.

 

Аударған Димаш Зиядин

 

Как вы оцените статью?
[Total: 0 Average: 0]