
Қолдың нанын қалай пісіреміз: тұмшапештегі қарапайым рецепт
Қытырлық қабығы мен нәзік жұмсағы бар жаңа піскен қолдың наны – бұл дәмді ғана емес, сонымен бірге аса пайдалы. Дүкеннен сатып алынатын нанға қарағанда мұнда консерванттар жоқ, әрі сіз оның құрамын өзіңіз қадағалай аласыз. Нан пісіру үдерісі күрделі болып көрінгенімен, шын мәнісінде бұл тұста тек базалық игредиенттер мен біршама шыдамдылық қана қажет. Жаңа піскен нанның хош иісі жайлылықты береді, ал нәтиже, тіпті, жаңадан үйреніп жүргендерді де таңғалдырады.
Қолдың нанын пісіру үшін не керек
Классикалық нұсқаға келесілер қажет:
- 500 г бидай ұны (жоғары сұрып немесе тұтас дәнді)
- 300 мл жылу су (35-40°C)
- 1 ш. қ. құрғақ ашытқы (немесе 20 г балғын ашытқы)
- 8-10 г тұз (шай қасығын толтырмай салу)
- 1 ас қ. қант (ашытқыны белсендіру үшін)
- 2 ас қ. өсімдік майы (қалауыңыз бойынша)
Кеңес: ұнды елеуіштен елеу керек – бұл оны оттегіге қанықтырады, әрі нан анағұрлым үлпілдек, былқылдақ болып шығады.
Асүйде не нәрсе қажет болады
- Үлкен табақ
- Қалақша немесе ағаш қасық
- Пісіруге арналған форма немесе қарапайым қаңылтыр таба
- Қамырды жабу үшін таза орамал
- Тұмшапеш
Қолдан пісірілген нанның қадамдық рецептісі
1 қадам. Сұйық ашытқы қамырды дайындаймыз
Табақтың ішінде жылы су, қант пен ашытқыны араластырыңыз. 10 минутқа қалдыра тұрыңыз – көпіршік пайда болуы тиіс. Ол болмаса, ашытқы белсенді болмайды, оны алмастырып, жаңадан жасау керек.
2 қадам. Қамырды илейміз
Сұйық ашытқыны ұн, тұз, қантпен бірге араластырамыз. Жарты сағатқа қалдырамыз. Әдемі нәтижеге қол жеткіземін десеңіз жарты сағаттан кейін қамыр анағұрлым жеңілірек араластырылады және оны 15 минут бойы илеудің қажеті болмайды. Бір-екі минут жеткілікті, содан кейін май құямыз да, май сіңгенше дейін тағы бірнеше минут илейміз.
Маңызды: Бастапқы кезеңде май құю мен тұзды артық қосу ашытқының белсенділігіне кері әсерін тигзеді.
Табақты орамалмен жауып, 1-1,5 сағатқа жылы жерде қалдыра тұрыңыз. Қамырдың көлемі екі есе ұлғая түседі.
3 қадам. Қамырды формаға құю мен толықсыту
Ауасын шығарып, қамырды илеңіз. Батон немесе домалақ бөлке жасаңыз. Жалпақ қаңылтыр табаға пергамент төсеп, не болмаса ұн себілген формаға қамырды салыңыз.
Бетін жауып, тағы да 40-50 минутқа қалдыра тұрыңыз.
4 қадам. Пісіру
Тұмшапешті 200°C градусқа дейін қыздырыңыз. Нанның беті жылтыр болуы үшін үстіне су немесе сүт жақсаңыз болады, күнбағыс дәнегі немесе күнжіт себіңіз.
Алтын түстес қытырлақ қабықша пайда болғанша дейін 30-40 минуттай пісіріңіз. Нанның піскен-піспегенін түсіну үшін форманың астынан қағып көріңіз: дыбыс қатаң болуы керек. Есіңізде болсын: конвекция қарсы көрсетілген! Ол жоғарғы қабықшаны жылдам құрғатып жібереді, ал бұл нанның көтерілуін тежейді және жыртылып кету ықтималдығын арттырады.
Тағы да қандай нан пісіруге болады
- Қарабидай: бидай ұнының 30% қарабидай түріне алмастырыңыз, 1 ас қ. бал қосыңыз.
- Сарымсақ пен шөп қосылған: қамырға 1 ш. қ. құрғақ орегано мен бір-екі ұсақталған сарымсақ тісін қосып, илеп жіберіңіз.
- Ашытқысыз: 1 ш. қ. ас содасы мен 300 мл айран.
Қолдың нанын пісіргенде жиі кездесетін қателіктер
- Нан көтерілмей қалды: бөлменің іші салқын немесе мерзімі өткен ашытқыны қолдану.
- Қабықшадағы жарықтар: пісіруден бұрын қамыр қажетті деңгейге дейін толықсытылмаған.
- Нанның жабысқақ жұмсағы: ерте турау – нанды 1 сағат суытқаныңыз дұрыс.
Қорытынды
Қолдан пісірілген нан – бұл барынша аз күш салу мен барынша көп ләззат алу! Негізгі рецептісінен бастаңыз, ал кейіннен эксперименттерге жол беріп, қоспалармен де пісіріп көріңіз. «Ас атасы – нан» демекші, нанды пісіргенде жаныңызды салып пісірсеңіз, ол ерекше дәмді болып шығады.