Аэрогрильге арналған жылдам әрі дәмді 7 рецепт - Лайқос

Аэрогрильге арналған рецепттер: бүкіл отбасы үшін жылдам әрі дәмді тағамдар

Аэрогриль – асүйдегі әмбебап көмекші, әрі ол тағамдарды жылдам, пайдалы және артық майсыз әзірлеуге мүмкіндік береді – ал бұл дегеніміз дұрыс тамақтану. Лайқос жаңадан бастап келе жатқандар мен тағам мәзірін түрлендіруді қалайтындарға қолайлы нақты уақыты мен қажетті ингредиенттері көрсетілген қарапайым рецепттермен бөліседі.

Қытырлақ қабықшасы бар тауық еті

Аэрогрильге арналған рецепттер: бүкіл отбасы үшін жылдам әрі дәмді тағамдар

Ингредиенттер:

  • Тауық сандары мен қанатшалары – 600 г
  • Зәйтүн майы – 2 ас қ.
  • Паприка – 1 ш. қ.
  • Сарымсақ (ұсақталған) – 2 тіс
  • Тұз, бұрыш – қалауыңыз бойынша

Тауық сандары немесе қанатшаларын зәйтүн майы, паприка, сарымсақ пен дәмдеуіштер қоспасында 30 минут маринадтаңыз. Аэрогрильге салып 25 минутқа жуық уақыт бойы 180 градуста дайындаңыз, қайта-қайта аударып тұрыңыз. Нәтижесінде майдың бір тамшысы да қосылмаған қытырлақ әрі тәбет ашатын қабықшасы бар уылжыған етті аласыз.

Грильде пісірілген көкөністер

Аэрогрильге арналған рецепттер: бүкіл отбасы үшін жылдам әрі дәмді тағамдар

Ингредиенттер:

  • Брокколи – 200 г
  • Кәді – 1 дана
  • Болгар бұрышы – 1 дана
  • Қозықұйрықтар – 150 г
  • Зәйтүн майы – 1-2 ас қ.
  • Кептірілген жебір немесе гүлшетен – 1 ш. қ.
  • Тұз, бұрыш – қалауыңыз бойынша

Көкөністерді ірі тілімдерге тураңыз, үстінен кішкене зәйтүн майын құйыңыз, сүйікті шөптеріңізді (жебір, гүлшетен) себіңіз және 10-15 минут бойы 200 градус температурада дайындаңыз.

15 минутта пісетін балық

Аэрогрильге арналған рецепттер: бүкіл отбасы үшін жылдам әрі дәмді тағамдар

Ингредиенттер:

  • Арқан балық немесе нәлім сүбесі – 300-400 г
  • Лимон – 1/2 дана
  • Жас аскөк – кішкене бумасы
  • Тұз, бұрыш – қалауыңыз бойынша

Тұздаңыз, бұрыш салыңыз, лимон мен жас аскөкті қосыңыз да, фольгаға ораңыз және 15 минуттай 180 градус температурада дайындаңыз. Балық өте шырынды әрі хош иісті болып шығады – жеңіл кешкі ас үшін аса қолайлы.

Майсыз қытырлақ фри картобы

Аэрогрильге арналған рецепттер: бүкіл отбасы үшін жылдам әрі дәмді тағамдар

Ингредиенттер:

  • Картоп – 4-5 дана, орташа өлшемді
  • Зәйтүн майы – 1 ас қ.
  • Паприка, сарымсақ ұнтағы, тұз – қалауыңыз бойынша

Майлы табалар жайында ұмытамыз! Картопты ұзыншалап тураңыз, кішкене маймен бүркіп жіберіңіз және қалауыңызға қарай дәмдеушітерді себіңіз. Картопты аэроглильде, ара-арасында себетті сілкіп шайқап, 20-25 минуттай 200 градус температурада әзірлеңіз. Артық майсыз қытырлақ және дәмді картоп – бүкіл отбасыны қуантатыны анық.

Жылдам десерт: көмештелген алма

Аэрогрильге арналған рецепттер: бүкіл отбасы үшін жылдам әрі дәмді тағамдар

Ингредиенттер:

  • Алма – 2 дана
  • Даршын – 1/2 ш.қ.
  • Бал – 1 ас қ.

Алманы екі жартыға бөліңіз, өзекшесін алып тастаңыз, даршын себіңіз де, аздап бал қосыңыз. Аэрогрильде 10 минут уақыт бойы 180 градус температурада әзірлеңіз. Йогурт немесе балмұздақпен бірге дастарханға тартыңыз – кез келген түскі астың тамаша нүктесі.

Ірімшік қосылған көмештелген баялды

Аэрогрильге арналған рецепттер: бүкіл отбасы үшін жылдам әрі дәмді тағамдар

Ингредиенттер:

  • Баялды – 1 дана
  • Қызанақ – 1 дана
  • Моцарелла – 100 г
  • Зәйтүн майы – 1 ас қ.
  • Насыбайгүл немесе орегано – қалауыңыз бойынша
  • Тұз, бұрыш – қалауыңыз бойынша

Баялдыны қалыңдығы 1 см болатындай дөңгелектеп тураңыз, тұздаңыз да, ащы дәмі кетсін деп 10 минутқа қалдыра тұрыңыз. Содан кейін сумен шайып алыңыз. Баялдыны жайпақ қаңылтыр табаға салыңыз да, зәйтүн майымен бүркіп жіберіңіз. Үстінен қызанақ пен моцарелланың тілімдерін қойып шығыңыз, содан кейін насыбайгүл, тұз бен бұрыш себіңіз. 190°C температурада 15 минутқа жуық уақыттай алтын түсті қабықша пайда болғанға дейін пісіріңіз. Дәмді және шырынды болатыны рас.

Қыша тұздығы қосылған шошқа медальондары

Аэрогрильге арналған рецепттер: бүкіл отбасы үшін жылдам әрі дәмді тағамдар

Ингредиенттер:

  • 400 г шошқаның кесек еті (медальондарға кесілген)
  • 2 ас қ. дижон қышасы
  • 1 ас қ. зәйтүн майы
  • Тұз, бұрыш – қалауыңыз бойынша
  • Жас жебір немесе гүлшетен (қалауыңызға қарай)

Медальондарды қышамен жағып шығыңыз, маймен бүркіп жіберіп, тұздаңыз әрі бұрыштаңыз. Аэрогрильге салып, шамамен 15 минуттай 200°C температурада дайындаңыз, ортасында екінші жағына аударыңыз. Дастарханға жебірдің бірнеше бұтақшасымен бірге ұсыныңыз – жеңіл ащы нотасы бар еттің шырынды болары шүбәсіз.

Қорытынды

Уақытыңызды табаларды жууға жұмсамай, әрі артық майсыз-ақ, жылдам және дәмді тамақ дайындаңыз. Экспериментке жол беріңіз, өзіңіздің сүйікті дәмдеуіштеріңізді пайдаланыңыз және жаңа сүйікті тағамдарды табыңыз!

Как вы оцените статью?
[Total: 0 Average: 0]

Оставить комментарий


The reCAPTCHA verification period has expired. Please reload the page.