
Глинтвейн және басқа сусындар: компанияға арналған жылытатын ішімдіктердің 5 алкогольсіз рецепті
Қыс – үйдегі бас қосуларды ұйымдастырудың тамаша себебі. Ал адамдарды дәмді ыстық сусыннан артық не біріктіре алады? Лайқос достар арасындағы кештерге немесе отбасылық кешкі астарға мінсіз жарасатын құрамында алкоголі жоқ жылытатын сусындардың үздік рецепттерін жинады.
Цитрустар қосылған алкогольсіз глинтвейн

Ингредиенттер (4 порция үшін):
- Жүзім шырыны – 1 л
- Апельсин – 1 дана
- Лимон – жартысы
- Даршын – 2 таяқша
- Қалампыр – 4-5 дана
- Зімбір – 3-4 жұқа тілім
- Бал – қалауыңызша
Қалай дайындау керек
Шырынды орташа отқа қойып жылытыңыз, кесілген цитрустар, дәмдеуіштер мен зімбірді қосыңыз. Бу пайда болғанға дейін күтіңіз, қайнауға дейін жеткізбей, 10-15 минут бойы қыздырыңыз. Ең соңында бал қоссаңыз болады.
Даршын мен ваниль қосылған алма сидрі

Ингредиенттер (4 порция үшін):
- Алма шырыны – 1 л
- Даршын – 2 таяқша
- Ваниль – собығының жартысы немесе 0,5 ш. қ. сығынды
- Мускат жаңғағы – бір салым
- Безендіруге арналған алма – 1 дана
Қалай дайындау керек
Шырын мен дәмдеуіштерді араластырыңыз, баяу оттың үстінде 10 минут бойы қыздырыңыз. Тағы 5 минуттай тұндырыңыз, саптыаяқтарға құйып шығыңыз да, алманың жұқа тілімдерімен безендіріңіз.
Шырғанақ қосылған зімбір пуншы

Ингредиенттер (4 порция үшін):
- Шырғанақ езбесі – 200 мл
- Су – 800 мл
- Зімбір – тамырының 1-2 см
- Бал – 1-2 ас қ.
- Лимон – жартысы
Қалай дайындау керек
Шырғанақты сумен араластырыңыз, үккіштен өткізілген зімбірді қосыңыз және орташа оттың үстінде 5-7 минут қыздырыңыз. Оттан түсіріп алып, бал мен лимон шырынын қосыңыз. Қаласаңыз, сүзіп алсаңыз болады.
Апельсин мен даршын қосылған қысқы какао

Ингредиенттер (4 порция үшін):
- Сүт немесе өсімдік сүті – 800 мл
- Какао – 3 ас қ.
- Қара шоколад – 50 г
- Апельсин қабығының үгіндісі – бір шөкім
- Даршын – қалауыңызша
- Қант немесе шәрбат – қалауыңызша
Қалай дайындау керек
Сүтті жылытып алыңыз, какао мен шоколадты қосыңыз, біркелкі болғанша дейін араластырыңыз. Соңында апельсин қабығының үгіндісі мен даршынды қосыңыз. Маршмеллоумен бірге ұсынуға болады.
Қысқы хош иісті масала шайы

Ингредиенттер (4 порция үшін):
- Қара шай – 2 ш. қ.
- Сүт – 400 мл
- Су – 400 мл
- Кардамон – 3 дана
- Зімбір – 1 см
- Даршын – 1 таяқша
- Қалампыр – 2 дана
- Қара бұрыш – 2 бұршақ
- Қант немесе бал – қалауыңызша
Қалай дайындау керек
Дәмдеуіштер өзінің хош иісін паш етуі үшін оларды қасықпен соғыңыз. Су мен дәмдеуіштерді қайнатыңыз да, 3-4 минуттай пісіріңіз. Шай, содан кейін сүтті қосып, тағы да бір-екі минут қыздырыңыз. Сүзіп алып, ыстық күйінде ұсыныңыз.
Қорытынды
Жақын адамдардың ортасында жайлы қысқы атмосфераны алкогольсіз де ұйымдастыруға болады. Осы бес қарапайым әрі жарқын рецепт сусындардағы ең басты нәрсе – бұл оның жылытатын қасиеті мен осы жылумен қасыңыздағы жандармен бөлісе алу мүмкіндігі екендігін дәлелдеп отыр. Дәмдеуіштермен эксперимент жасап көріңіз, сүйікті жемістер мен жидектеріңізді қосыңыз және ұзақ қысқы кештерге арналған өзіндік дәстүрлеріңізді қалыптастырыңыз.