Неге жазда алкоголь зиянды және оның пайдалы баламалары қандай

Салқын сыра шөліңізді баспайды

Неліктен жазда алкогольдік ішімдіктерді тұтыну нашар идея болып саналады

Достарыңызбен кәуап жеу, жағажайға бару, жазғы верандада кешкі ас қабылдау сыра немесе шарапсыз өтпейді. Біз және «Мықты адамдар» жобасы бірлесе отырып, неге ішімдік пен аптап ыстық үйлеспейтін нәрселер екендігін және жазғы ыстықта қыздырғыш ішімдіктерден бас тартудың жолдарын анықтады.

ЖАЛҒАН ТЕҢГЕРІМ

Жаз мезгілінде әрдайым шөлдеп тұрасың. Ағза сусызданып, тамырлар білеуленіп қалады, ал дене қызуы көтеріледі. Көптеген адамдар салқын сыра шөлді қандырып, су теңгерімін қалпына келтіре алады дегенге сенеді де, мұны «сыра – бұл сұйықтық қой» ұстанымымен дәйектейді.

 

Алайда сыра керісінше әсер етеді – ол ағзаны сусыздандырады. Дәл осындай жағдай құрамында кола, тоник немесе шырыны бар алкогольдік сусындарға да қатысты байқалады.

 

Аптап ыстықта ағза онсыз да қиналады. Оған қосымша салмақ түсірудің қажеті жоқ. Тіпті, ең жеңіл әрі залалсыз саналатын коктейльдердің өздері ағзаға зиян келтіреді. Олар қан қысымын арттырып, жүрек, бауыр, миға салмақ салады. Әрі бұл тұста жаз кезінде ерекше мәнге ие жайт бар, алкогольдік ішімдіктер денебітіміне әсер етеді.

 

ЖАЗ МЕЗГІЛІНДЕ АЛКОГОЛЬДІ НЕМЕН АЛМАСТЫРСАҚ БОЛАДЫ?

Сыра немесе мохитоның орнына alcohol-free сусындарды татып көріңіз. Алкогольсіз коктейльдер, сыра, шарап, тіпті, әртүрлі тұнбалар нағыз әлемдік трендке айналды. Барған сайын көптеген адамдар алкогольді бос уақытты өткізу немесе түйткілдерден кетудің жолы ретінде қарастыруды тоқтатуда. Солардың ішінде — инфлюенсерлер мен голливудтық жұлдыздар бар: Брэд Питт, кіші Роберт Дауни, Дэниел Рэдклифф және басқалар.

 

Аптап ыстықта алкогольді немен алмастырған жөн? Табиғи лимонад, квас және танымал коктейльдердің алкогольсіз баламаларына алмастырып көріңіз.

 

Айта кетсек, бұл жерде эксперимент жасап көруге, яғни, авторлық дүние ойлап табуға әбден болады. Мұндағы негіз ретінде шәрбат + мұз + газдалған суды алғаныңыз дұрыс. Одан кейін қиялыңызға толықтай ерік беріңіз.

 

САУЫҚ-САЙРАН

Адамдардың көбісі сауық-сайранға салыну, шаттық сезіміне бөлену үшін алкогольді қолданады. Алайда жаз кезінде ішімдіксіз-ақ, уақытты қызықты өткізудің әдістері өте көп. Достарыңызбен бадминтон, теннис, футбол, үстел ойындарын ойнап, велосипедпен серуенді ұйымдастырып, не болмаса уақытты естен кетпестей етіп өткізудің 44 тәсілін іздеп көріңіз. Сонда қызып кету, күннің өтуі және мастықтың салдарынан азап шекпейтін боласыздар.

 

ДӘЛ СОЛ УАҚЫТ

Жаз – жаңашылдықтар мен жаңа әсерлер уақыты. Бәлкім, қыздырғыш сусындардан бас тартудың ең сәтті мезгілі осы шығар. Өзіңізді жақсырақ біліп алыңыз, ойларыңыз бен денеңізді ретке келтіріп, неғұрлым сау және саналы болуға тырысыңыз. Мәселен, «алкогольсіз 21 күнді» өткізіп көріңіз.

 

 

Аударған Рита Сәрсенова

Как вы оцените статью?
[Total: 0 Average: 0]