Кето-диета туралы барлық мәлімет бір мақалада - Лайқос

Кето-диета: бұл дегеніміз не?

8 сұрақ

Кето-диетаның негізінде не жатыр?

Осы өнімдердің қайсысын кето-диета кезінде жеуге болады?

Ағза кетоз жағдайында күш-қуатты қайдан алады?

Кето-диетаның басында осы әсерлердің қайсысы жиірек көрініс табады?

Қандай сусын кето-диета барысында анағұрлым қауіпсіз?

Адамдардың қандай санаты кето-диетаға айырықша сақтықпен қарауы тиіс?

Кето-диета барысында іштің қату себептерінің бірі не болуы мүмкін?

Осы тұжырымдардың қайсысы бұрыс?

Қазірде кето-диета туралы тек тоңазытқыш қана айтпайтын шығар. Кейбіреулер оның арқасында арықтайды, кейбіреулер шектеулер тізіміне қарап шошиды. Лайқос мұның не екенін, кето-диета кімдерге қолайлы және бұл тұста қандай құйтырқылар бар болуы мүмкін екендігін анықтады.

Кето-диета дегеніміз не

Кето (немесе кетогендік) диета – бұл көмірсулардың минималды мөлшері мен құрамындағы майлардың мөлшері жоғары келетін тамақтану. Әдетте көмірсулар – адам ағзасы үшін күш-қуаттың басты қайнар көзі. Алайда олардың мөлшері өте аз болған кезде дене ерекше тәртіпке көшеді, бұл – кетоз деп аталады, әрі ағзамыз май жағуды бастайды. Оны кетондарға, яғни, ми және денеге арналған «отынға» айналдырады.

Ас үлесінен нан, макарон, жармалар, қант, көптеген жемістер мен құрамында крахмал кездесетін көкөністерді алып тастау керек. Ет, балық, жұмыртқа, сары және өсімдік майлары, жаңғақтар, авокадо, ірімшіктер мен көк шөпті жеуге болады.

Кето-диетаның артықшылықтары

  • Қарын ашу сезімінсіз арықтау. Инсулиннің төмендеуі мен май жағу тәртібіне ауысу арқасында салмақ айтарлықтай жылдам жоғалады.
  • Тоқмейілдік сезімінің ұзаққа созылуы. Майлар көмірсуларға қарағанда анағұрлым жақсырақ қанықтырады, сондықтан жеңіл-желпі тамақтанғыңыз да келмей қалады.
  • Қант деңгейінің секіруі азаяды. Бұл әсіресе инсулинге төзімділік немесе қант диабетінің екінші типіне шалдыққан адамдар үшін маңызды (алайда тек қана дәрігердің келісімімен рұқсат етіледі).
  • Бастың «таза» болуы. Адамдардың көбі зейін қою мен көңіл-күйдің жақсарғанын байқайды.

Кето-диетаның кемшіліктері

  • Қатаң шектеулер. Нан, тәтті тағамдар, картоп және, тіпті, банандарды да ұмытуға тура келеді.
  • Әлеуметтік жайсыздықтар. Қонаққа немесе мейрамханаға бару нағыз квест пен таңдау жасау қиындықтарына айналады.
  • Баршаға бірдей ұзақ мерзімге жарамды бола бермейді. Диета аса күрделі, сондықтан адамдардың көбі тәттіге бола диетаны тастайды.
  • Көңіл-күйдің құбылмалығы болуы мүмкін, әсіресе, алғашқы апталарда.

Кето-диета кімдерге жарамды

  • Артық салмағы бар адамдар, әрі олар көптеген басқа диеталарды байқап көрген болуы керек.
  • Қандағы қант деңгейін қадағалауды қалайтындар үшін қолайлы.
  • Эпилепсияға шалдыққан адамдар – алайда бұл тек қана медициналық көрсетілім бойынша әрі дәрігердің бақылауында болуы тиіс.

Кімге кето-диетаны ұстауға болмайды

Егер келесі жайттарға тап болсаңыз, бұл диетаны ұстану ойынан арылғаныңыз абзал:

Бастамас бұрын міндетті түрде дәрігердің кеңесіне жүгініңіз!

Кето-диетаның жанама әсері

  • Кето-тұмау. Алғашқы күндері әлсіздік, бас ауруы, ашуланшақтық болуы мүмкін. Бұл уақытша болғанымен жағымсыз болып келеді.
  • Іштің қатуы. Ас үлесіндегі жасұнықтың жеткіліксіздігі салдарынан болады.
  • Дәрумендердің тапшылығы, егер тамақтанудағы тепе-теңдік бақыланбаса, әрі ет пен майларға екпін түсіріліп, көкөніс пен көк шөптің тұтынылуы еленбеген жағдайда пайда болуы ықтимал.
  • Ауыздан шығатын жағымсыз иіс. Кетоздың жанама әсері – ацетон иісінің пайда болуы.

Өзіңізді кето-диета барысында жақсы сезіну мақсатында тамақтануды бақылау ғана емес, сонымен бірге қажет болған жағдайда уақытша созылатын кето-тұмауға төтеп беруге көмектесетін стратегияларды қолданғаныңыз аса маңызды. Суды көбірек ішкеніңіз дұрыс. Электролиттердің орнын толтырыңыз: құрамында натрий, калий мен магний бар азық-түліктерді жеңіз, не болмаса қоспаларды қабылдағаныңыз абзал.

Әлденіп алу үзілістерін шектегеніңіз, сондай-ақ спортпен шұғылданғаныңыз пайдалы болмақ. Бұл тұста бір аптаға арналған мәзірді жоспарлау көмекке келе алады.

Қорытынды

Кето-диета – бұл қандай да бір сиқыр емес, бұл жай ғана құрал. Бұл баршаға бірдей жарамды бола бермейді, әрі тәртіп пен саналылық танытуды талап етеді. Дегенмен сауатты қолданылған кезде тамаша нәтиже беруі бек мүмкін. Ең маңыздысы, өз денеңізді тыңдай білу, қандай да бір ғажайыпты күтпеу және дәрігер жайлы ұмытпау. Иә, кейде бананды да жеуге болады. Өйткені өмір кетондардан ғана құралмайды ғой.

Как вы оцените статью?
[Total: 0 Average: 0]

Оставить комментарий


The reCAPTCHA verification period has expired. Please reload the page.