Алматы мен Астанада алкогольсіз коктейльдердің үздік орындары

Алкогольсіз коктейльдер бойынша жолнұсқа: Алматы мен Астананың үздік орындары

Енді коктейльдің құрамында алкогольдің болуы міндетті емес: бүгінде Алматы мен Астананың барлары классикаға қайта мән беріп, спирттің бір тамшысы да кездеспейтін – дәмнің нағыз жауһарларын жасап отыр. Лайқос авторлық моктейльдері бар үздік орындар топтамасын құрастырды.

Неліктен алкогольсіз коктейльдер сәнге айналған

Біріншіден, бұл әдемі көрінеді. Қазіргі заманғы моктейльдер дәмі жағынан, хош иісі мен безендірілуі тұрғысынан алкогольді түрлерінен артық түспесе, кем соқпай тұр. Оларды тұнбалар, ферменттелген шырындар, дәмдеуіштер, түрлі шөптер мен сирек кездесетін ингредиенттер негізінде дайындайды – ал дәмі көп қабатты, ересектерге арналған нағыз тіл үйіретін дәм болып шығады.

Сонымен бірге бұл бос уақытқа деген саналы көзқарас. Көптеген адамдар барған сайын алкогольді ішімдіктерден бас тартып келеді, әрі бұл әртүрлі себептерге байланысты болуы мүмкін: денсаулық, спорт, дін, өнімділікке деген ұмтылыс. Моктейль – масайрамай, көңілді көтерудің тамаша тәсілі.

Алматы

Atelier

Бұл барда коктейльдер маталардың фактурасынан шабыттанған. Мәселен: «Жібек» (алоэ, ақжұпар, шабдалы), «Барқыт» (лимон, личи, таңқурай), «Твид» (сұлы, тахини, кілегей). Толықтай құрастырылған тұжырымдама – мұнда бәрі алкогольсіз және өте әдемі көрінеді.

Мекенжайы: Уәлиханов көш., 47

Кестесі: ср-бс, жс – 18:00-3:00, жм-сн – 18:00-4:00

Cece.ala

Бар өзінің ойластырылған әрі жасампаз коктейльдік тұжырымдамасының, соның ішінде mocktail-тізімінің арқасында The World’s 50 Best Bars сыйлығының шорт-листіне енген. Мұнда сіз жеңіл тропикалық дәмдері бар композицияларды, сығындылар негізіндегі сергітетін шот ішімдіктері мен қанықтылығы жағынан алкогольді нұсқалардан еш кем түспейтін авторлық сусындарды таба аласыздар.

Мекенжайы: Мақатаев көш., 45/1

Кестесі: дс-жс – 12:00-00:00

French 42

French 42 – қызықты mocktail-тізімін ұсынатын коктейль бары. Ерекше безендіру, әдеттегіден тыс үйлесімдер мен зиялы атмосфера – бұл осы бардың визит картасы. Қонақтардың да 5 деген бағаны қоятыны бекерден-бекер болмаса керек.

Мекенжайы: Төлебаев көш., 107

Кестесі: жс-бс – 19:00-2:00, жм-сн – 19:00-3:00

Астана

Fiftyfifty Lucky Bar

Алкогольсіз сусындардың түрлі нұсқаларын қамтитын коктейльдік картасы бар сәнді орын. Бұл жерде бағасы 3290 тг басталатын авторлық mocktails түрлерінен дәм татуға болады. Cherry Cinnamon мен Kiwi Kiwi дәмдерін байқап көруді ұсынамыз.

Мекенжайы: Тұран даңғ., 22/1

Кестесі: сс-бс – 19:00-2:00, жм-сн – 19:00-3:00

Atomic Bar

Passion Sour (маракуйя) немесе жидекті парфюм негізіндегі Aromia Gimlet секілді бірегей авторлық mocktails ұсынылады.

Мекенжайы: Бектұров көш., 1/2

Кестесі: сс-жс – 17:00-3:00

Joule 27

Жанды музыка, eco-loft стилі мен mocktail-опциялары бар loft-кеңістігі: Violet, Joule’27 және басқа да сусындардың бағасы 2490 тг басталады.

Мекенжайы: Мәңгілік Ел даңғ., 55а

Кестесі: жс-ср – 12:00-00:00, бс-сн – 12:00-2:00

SHATE

Авторлық алкогольсіз картасы бар заманауи мейрамхана: Cold Red, Cucumber Rush, Hibiscus Tonic пен Tropical Bloom.

Мекенжайы: Мәңгілік Ел даңғ., 35а

Кестесі: дс-жс – 12:00-00:00

Қорытынды

Егер көлік айдап жүрсеңіз, салауатты өмір салтын ұстансаңыз немесе жай ғана жаңа дәмдерді іздеу үстінде болсаңыз, онда бұл жолнұсқа қаланың ең үздік алкогольсіз барлары бойынша сіз үшін тамаша жөнсілтерге айнала алады. Енді тек қайсысынан бастайтыныңызды таңдау ғана қалып отыр.

Как вы оцените статью?
[Total: 0 Average: 0]

Оставить комментарий


The reCAPTCHA verification period has expired. Please reload the page.