Асқабақ қосылған 5 рецепт: Сұпы, құймақ, десерт, паста, салат

Асқабақ қосылған 5 рецепт: дәмді, пайдалы және нағыз күзгідей жайлы

Асқабақ – бұл тек күздің нышаны ғана емес, бұл нағыз пайданың көзі. Мұнда бета-каротин, дәрумендер мен жасұнық көптеп кездеседі. Сонымен бірге одан көптеген дәмді тағамдарды дайындауға болады: сорпалар мен құймақтардан бастап тәттілер мен салаттарға дейін. Лайқос үйде оңай қайталауға болатын асқабақ қосылған рецепттерді жинады.

Зімбір қосылған асқабақ езбе сорпасы

Асқабақ қосылған 5 рецепт: дәмді, пайдалы және нағыз күзгідей жайлы

Нәзік, хош иісті және жылытатын езбе сорпа – салқын кешке арналған таптырмас тағам. Зімбір сорпаға жеңіл ащы дәм береді және иммунитетті нығайтуға көмектеседі.

Не алу керек:

  • асқабақ – 600 г
  • сәбіз – 1 дана
  • түйінді пияз – 1 дана
  • балауса зімбір – тамырдың 2 см
  • 10-20% кілегей – 100 мл
  • көкөніс сорпасы – 500 мл
  • зәйтүн майы – 1 ас қ.
  • тұз, бұрыш – дәміне қарай

Қалай дайындалады:

  1. Асқабақты тураңыз, сәбіз бен пиязды текшелеп кесіңіз. Асқабақты тұмша пеште жұмсақ болғанша дейін пісіріңіз (180°С градуста 15-20 мин).
  2. Пияз бен сәбізді зәйтүн майына қуырыңыз. Зімбірді қосыңыз.
  3. Көкөністерді асқабақпен араластырыңыз, сорпаны құйыңыз және 5 минут бойы қайнатыңыз.
  4. Блендердің көмегімен крем консистенциясына дейін араластырып, тұз бен бұрыш қосыңыз.

Асқабақ құймақтары

Асқабақ қосылған 5 рецепт: дәмді, пайдалы және нағыз күзгідей жайлы

Үлпілдек әрі біршама тәттілеу келетін құймақтар балаларға да, сол секілді ересектерге де ұнайтыны айқын. Таңғы ас немесе жүрек жалғау үшін тамаша нұсқа.

Не алу керек:

  • асқабақ – 300 г
  • жұмыртқа – 1 дана
  • ұн – 3 ас қ.
  • қант – 2 ас қ.
  • қуыруға арналған өсімдік майы

Қалай дайындалады:

  1. Шикі асқабақты ұсақ үккіштен өткізіңіз.
  2. Жұмыртқа, қант және ұнмен араластырыңыз.
  3. Табаға қасықпен құйыңыз және құймақтарды алтын түсті қабықшаға дейін екі жағынан қуырыңыз.
  4. Қаймақ, бал немесе йогуртпен бірге ұсыныңыз.

Бал мен жаңғақ қосылған көмештелген асқабақ

Асқабақ қосылған 5 рецепт: дәмді, пайдалы және нағыз күзгідей жайлы

Қарапайым, дегенмен өте таңдаулы десерт. Мұнда артық қант жоқ, ал асқабақтың табиғи тәттілігі жаңғақ және даршынмен мінсіз үйлеседі.

Не алу керек:

  • асқабақ – 500 г
  • бал – 2 ас қ.
  • грек жаңғағы – 50 г
  • даршын – 0,5 ш. қ.

Қалай дайындалады:

  1. Асқабақты тілімдеп тураңыз.
  2. Жалпақ қаңылтыр табаға салып шығыңыз да, үстіне бал құйып, даршын себіңіз.
  3. 180°С градуста шамамен 25-30 минуттай тұмша пеште пісіріңіз.
  4. Дастарханға ұсынар алдында ұсақталған жаңғақтармен безендіріңіз.

Асқабақ тұздығы қосылған паста

Асқабақ қосылған 5 рецепт: дәмді, пайдалы және нағыз күзгідей жайлы

Егер сіз жақындарыңызды таңғалдыруды қаласаңыз, осы пастаны дайындап көріңіз. Асқабақ пен сәлбеннен жасалған крем тектес тұздық тағамды жеңіл, дегенмен тойымды етеді, ал пармезан оған біршама қанық дәм сыйлайды.

Не алу керек:

  • паста – 250 г
  • асқабақ – 400 г
  • сарымсақ – 2 тіс
  • зәйтүн майы – 2 ас қ.
  • сәлбен (жасаң немесе кептірілген) – бір салым
  • пармезан – 50 г
  • тұз, бұрыш – дәміне қарай

Қалай дайындалады:

  1. Пастаны аль денте күйіне дейін қайнатыңыз.
  2. Сарымсақты зәйтүн майына қуырып, асқабақ текшелері мен сәлбенді қосыңыз.
  3. Жұмсарғанша бұқтырыңыз да, кейіннен езбе болғанша дейін езгілеңіз.
  4. Тұздықты пастамен араластырып, үстіне пармезанды себіңіз.

Руккола мен асқабақ қосылған салат

Асқабақ қосылған 5 рецепт: дәмді, пайдалы және нағыз күзгідей жайлы

Жеңіл, сергітетін әрі пайдалы салат. Көмештелген асқабақ оны анағұрлым тойымды, ал руккола мен ірімшік тағамды татымды етеді.

Не алу керек:

  • асқабақ – 300 г
  • руккола – 70 г
  • ешкі ірімшігі (немесе фета) – 80 г
  • грек жаңғағы – 40 г
  • зәйтүн майы – 2 ас қ.
  • бальзамды сірке суы – 1 ас қ.
  • бал – 1 ш. қ.
  • тұз, бұрыш – дәміне қарай

Қалай дайындалады:

  1. Асқабақты текшелеп тураңыз және 180°С градуста 20 минут бойы тұмша пеште пісіріңіз.
  2. Рукколаны асқабақ және жаңғақпен араластырыңыз.
  3. Дәмдеуішті әзірлеңіз: май, сірке суы, бал, тұз бен бұрышты араластырыңыз.
  4. Салатқа дәмдеуішті құйыңыз да, үстіне ірімшік тілімдерін қойып шығыңыз.

Қорытынды

Асқабақ тағамдарды жарқын, пайдалы және хош иісті ете түседі. Әртүрлі рецепттердің дәмін татып көріңіз де, өзңізге ең ұнамдысын таңдаңыз: нәзік сорпа, жеңіл салат немесе жылытатын латте. Бұл күз анағұрлым дәмдірек болатыны сөзсіз!

Как вы оцените статью?
[Total: 0 Average: 0]

Оставить комментарий


The reCAPTCHA verification period has expired. Please reload the page.