Қарбыздан не дайындауға болады: бес ерекше рецепт
Жаздыгүні шырынды жемістің кереметтігі соншалық, оны, тіпті, қысқа қалдырғың-ақ келіп тұрғанда қарбыздан не істеуге болады? Жалпы сол бір сыймай қалатын сияқты, артық 10 килограмнан не дайындай аламыз? Жаз – тамаша эксперименттерге арналған уақыт. Лайқос қарбыздан жасауға болатын жаңа қызықты рецепттерді тапты.
Танцу сигуапи – қарбыз қабығынан жасалатын тіскебасар
Қарбыздың қабығынан жасалатын қышқыл-тәтті қытай тіскебасары ет тағамдары немесе ащы тағам түрлерімен бірге ұсынылады. Сонымен бірге қарбыздың қабығында А дәрумендері, В, С, Е, РР топтарының дәрумендері, аминқышқылдары, пектиндер, хлорофилл, ликопин, калий, темір, магний, мырыш, кальций, фосфор, натрий бар. Ол қан қысымын төмендетуге, ісінулерден құтылуға, бүйрек пен қуықтағы тастарды шығаруға көмектеседі.
Қабықты сыртқы қабатынан тазалап алыңыз, ең жақсысы – мұны қарбызды кесер алдында жасаған дұрыс. Қарбыздың қызғылт балдырының қалдықтарын алып тастаңыз. Қабықты кесектерге бөліңіз. Тазалап болғаннан кейін шамамен 400 грамм өнім қалады. Оны кәстрөлге салып, бір шай қасық тұз және бір шай қасық өсімдік майын қосыңыз да, қабықтың беті жабылатындай етіп үстінен су құйыңыз. Содан кейін кәстрөлді қатты оттың үстіне қойып, судың қайнағанын күтіңіз. Отты орташа деңгейге дейін азайтып, 3-4 минуттай пісіріңіз. Кәстрөлдің ішіндегісін сүзекі немесе елеуішке салыңыз да, суық ағын сумен шайып алыңыз. Қабыққа бір шай қасық тұз сеуіп, араластырыңыз және маринадталуы үшін 10 минутқа қалдырыңыз.
Дәмқосарды былай дайындайды: сарымсақты тазалаңыз, сыққышпен езіңіз. Шыныаяқта күріш сірке суы, құрақ қанты, күнжіт майы мен тұзды қосып, қант ерігенше дейін араластырып тұрыңыз.
Осыдан кейін қарбыздың қабығын сығып, тәрелкеге салыңыз да, дәмқосарды қатып, тағы да араластырыңыз. Тағамды ұсынған кезде годжи жидегін қосуға болады.
Қарбыз қосылған бутербродтар
Үлкенірек келетін канапе мен бутерлер – Түркиядағы үйреншікті таңғы ас. Олар оңай және жылдам дайындалады.
Насыбайгүлді алып, жапырақтарын ұсақтап турайсыз, содан соң май, бұрыш, лимон шырыны және тұзбен араластырыңыз. Дайын қоспаны нанның бетіне жағыңыз да, үстінен ірімшік пен қарбыз тілімдерін қосыңыз. Соңғы аккорд – әдемі болсын деп көк шөптің бірнеше жапырағымен безендіріңіз.
Қуырылған қарбыз, жалбыз және фета қосылған салат
Қуырылған қарбыз өзгеше болып көрінгенімен, оның іші өте шырынды және қытырлақ келеді де, ал сырты түтіннің хош иісі мен тәтті қабықшаға ие болып шығады. Оған тұзды фета, азғантай лимон шырыны мен хош иіс қосатын балауса жалбызды қосыңыз. Міне, қарбызды айырықша рецепт бойынша дайындаудың тәсілі осы.
Грильді қыздырыңыз. Қарбыз тілімдерін қағаз сүлгімен кептіріп алыңыз да, грильдің үстіне қойыңыз. Екінші жағына аудармай, екі минуттай тек бір жағынан ғана қуырыңыз.
Көк шөпті екі шай қасық лайм шырынымен, зәйтүн майы және тұзбен араластырыңыз. Үлкен тәрелкеге көк шөпті салыңыз, үстінен – қарбыз тілімдерін қуырылған жағымен жоғары қаратып қойыңыз. Фета және қарбыздың бірнеше бөлігін қосыңыз. Қалған лайм шырынын құйып, қалауыңызша тұздап, бұрыштаңыз. Салатты балауса жалбыз бен қуырылған асқабақ тұқымдарымен безендіріңіз.
Маринадталған қарбыздың еріншек рецепті
Сізге маринадталған қарбыздың осы нұсқасы үшін банкаларды зарарсыздандыру, суды бірнеше рет қайнату және көп уақытты жұмсаудың қажеті жоқ. Маринадқа арналған игредиенттердің бәрін жай ғана араластыра салып, қарбыздардың үстіне құйыңыз.
Банкаларды қайнаған сумен шайыңыз. Қарбызды жуып, оны қабығымен бірге кішкентай үшбұрыштар түрінде кесіңіз. Тілімдерді банкалардың ішіне ұқыптылықпен салып, олардың бір-біріне тығыз, дегенмен зақымдалмайтындай және шырынын жоғалтпайтындай етіп орналасқанын қадағалаңыз.
Лимон қышқылын, қант пен тұзды судың ішінде араластырыңыз да, толығымен ерігенше дейін күтіңіз. Лавр жапырағы мен қалампырды қосыңыз. Қарбыздың үстіне осы маринадты құйып, банкаларды жабыңыз және бір тәулікке жылы жерге қойып қойыңыз. Бұл дәмді тағамды тоңазытқыштың ішінде сақтау керек.
Қарбызды гаспачо сорпасы
Қарбыздан ерекше, алайда өте дәмді сорпаны дайындауға болады.
Қарбыздың балдырын текшелеп тураңыз және блендердің ішінде араластырыңыз. Бір жарым қиярды, қызанақтар, насыбайгүл жапырақтары, лимон шырыны мен жарты шай қасық тұзды бөлек араластырыңыз да, содан кейін мұны қарбызды езбеге қосыңыз.
Қалған қарбыз бен қиярдың жартысын текшелеп тураңыз. Оларды ұсақтап кесілген көк пиязбен бірге қарбызды езбеге қосыңыз. Сорпаның қақпағын жауып, тоңазытқышқа қойыңыз. Оны бір тәуліктің ішінде тауысу керек!